Сабақ «Домбыра аспабын үйретудегі бастапқы қадамдар»


                                                                Утеуова Толқын Ізбасарқызы

№ 2 Балалар саз мектебінің домбыра сыныбының оқытушысы

(жаттығулар, сабақтар №1, 2 шағын әндер, тұғырлық жаттығу 1-4)

Мақсаты: Оқушыға домбыра аспабын үйренудегі бастапқы қадамды түсіндіре отырып, орындаушының отырысын, екі қолдың қойылымын дұрыс қалыптасуын және музыкалық сауаттық маңыздылығын түсіндіре білу.

Күтілетін нәтиже: Оқушы аспапта дұрыс отыру, екі қолдың дұрыс қалыптасуын, музыкалық нотаны сауатты біледі.

Кіріспе: Домбыра – қазақ халық арасына өте кең тараған аспап. Көрінер көзге қарапайым орындауға оңай көрінгенімен, домбыраның ашылар сыры жетерлік. Ғасырлар бойы жазылған тарихы, көтерген жүгі, атқарған қызметі, қалыптасқан әрқилы мектептері, орындаушылық үрдісі және оның әр түрлі әдістері бар. Оқушыға домбыраны үйретуде бір жүйелілік, бағыт болу керек. Есту, есте сақтау, ырғақты сезіну, зейіннің қалыптастыру, өз бетімен жұмыстану, жалпы өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру.

            Сабақ барысы:

Оқушының отырысы. Аспапты дұрыс ұстауы. Екі қолдың дұрыс қойылымы. Жалпы отырғышта отырғанда ыңғайлы орындықта отыруы. Табиғи қалпын сақтауы. Қыз баланың отырысында аяқты көтеру. Ер балаша отыру дәстүрде жоқ екенін ұстанған жөн болады.

Қойылым дегеніміз не?

Қойылым дегеніміз – музыка аспабын тарту кезіндегі орындаушының бүкіл денесінің, қолдары мен саусақтарының дұрыс қалыптасып, орналасуы және оның аспапты ұстау тәсілі.

Сол қол                                                             Оң қол

Б.б. – бас бармақ                                              б. б.- бас бармақ

1- бірінші                                                         с. с. – сұқ саусақ

2- екінші                                                           о. с. – ортаңғы саусақ

3- үшінші                                                         а. ж. с. – аты жоқ саусақ

4-төртінші                                                         ш. – шынашақ

 

Отырысымызды дұрыстағаннан кейін ашық ішекте қағыс алып үйренеміз. Жалпы қағыс дегеніміз не?

Ия, оң қолдың қимылымен дыбыс шығару әдісін – қағыс дейміз. Оң қолдың білезік буыны жұмыс жасау керек. Оң қолымыздың саусақтарын шашыратпай жинақтап, сұқ саусақпен төмен, бас бармақпен жоғары қағамыз.

Бірінші төмен бағыттағы қағыс (п) екінші жоғары бағыттағы (v)  қағыспен аламыз. Енді алма-кезек (п,v) қағыспен көрейік.

Бұл қағысты қалай атаймыз?

Алма-кезек қағыс.

Енді ашық ішекте қағыс алып, домбырадан шыққан дыбысты тыңдаймыз. Әрдайым екі қолымыздың қалпын қарап отыру керек.

Алғашқы сабаққа келгенде біздер бірден домбыраны тартып кеттік пе?

  • Басында немен таныстық?
  • Аспаппен. Қане, маған домбыра құрылысын айтып бер.
  • Басы, мойыны, кеудесі, тиегі, құлақтары, ойығы, түймесі, 19 пернесі, 2 ішегі бар.
  • Астыңғы ішектің аты қалай аталады?
  • Үстіңгі ішектің аты қалай аталады?
  • Астыңғы ішегі соль, үстіңгі ішегі ре деп аталады.
  • Ал соль, ре дегеніміз не? Нота.
    • Жалпы нота дегеніміз не?
    • Нота дегеніміз – ол музыкалық дыбыс.
    • Нотаны қайда жазамыз?
    • Нота желісіне.

Сұрақтар арқылы жауап алу.

– Домбырамызды алайық, нота ұзақтығын үйренгеннен кейін, ашық                        ішекте не ойнап үйрендік?

Нотаның ұзақтыққа бөлінуі кестесін өлшемге санап тартамыз.

Өлшем деген не?                                    

            Такт ішіндегі үлестердің жалпы санын нота ұзақтықтарымен белгілеп жазу өлшем деп аталады.

Қандай өлшемдер бар 2-4;   3-4; 4-4.

Қағыстарға қолымызды жаттықтырдық, нотаны үйренгеннен кейін не істедік?

Ия, перне басып ойнадық. Міне бұл жерде бастапқы екі қолдың қойылымына ораламыз солай ма? Әсіресе сол қолдың домбыра мойынына дұрыс қалыптасуы бас бармақпен мойынының үстіне, төртінші саусақты астына шашыратпай, қаз-қатар әдемілеп орналастыруымыз керек.

– Домбыра мойынында қанша перне бар дедік?

  • Он тоғыз.
  • Сол пернелердің атауларын үйрендік. «Соль» ішегінде және «Ре» ішегінде.
  • Перне атауларын айтып берші, аппликатура жүйелігін сақтап отырамыз, бас бармақпен төмен бағытта шертіп көрсет.
  • Перне атауларын ойнап көрсету.

Аппликатура дегеніміз не? Аспапты тартқан кезде перне басатын саусақтардың орналасуы және нотадағы белгілері.

– Қане сабақтарды орындайық №1,2,3.

  • Біздер қандай әндер білеміз?
  • «Во саду ли в огороде» орыстың халық әні.
  • Бұл әнде қандай өзгеріс бар?
  • Ия, альтерация белгісі бар.
  • Қандай белгі «бемоль»?
  • Ия, қай нотаға қойылған?
  • Басқа қандай альтерация белгілерін білесің?
  • Альтерацияның түсінігін білесің бе? (Диез, бекар)
  • Енді әнді ойнап берші.
  • Жақсы тағы қандай әндеріміз бар?
  • Калинниковтің «Тень-тень» әнін тартып көрейік, алдымен санаймыз, сосын нотасын айтып тартамыз.
  • Кабалевскийдің «Маленькая полька» әнін орындап берші. Нотасын дауыстап айтып отыру.
  • Бұл әндерде үстіңгі ішекте перне басылды ма?
  • Үстіңгі ішекті басып тарту арқылы қандай ән білеміз?
  • Қазақтың халық әні «Еркем-ай».
  • Бұл әнді үйренгенде қандай қиындық туындады?
  • Бас бармақты дұрыс баса алмай, саусақтарымыздың арасы созылмай, дұрыс перне баса алмадық.
  • Бұл қиындықтан қалай шықтық, не арқылы?
  • Тұғырлық жаттығулар арқылы позицияларды үйрендік.

            Позиция деген не?

Сол қол саусақтарының перне үстіндегі белгілі бір қойылым әдісін перне тұғыры немесе позиция дейміз. (1-4 позициялар орындау) Сосын «Еркем-ай» әнін орындау.

Қорытынды: Оқушы бастапқы қадамдарды дұрыс меңгеріп, қолдана білуі, ұстаздың жетістігі деп білемін. Жалпы қойылым, отырыс, музыкалық сауаттылық тек бірінші сыныпта емес жыл сайын айтып отырып, әрдайым есте ұстап, одан әрі күрделендіре беру керек. Теория мен практиканы ұштастырып сабақты жүйелі өткізген дұрыс болады.

Үйге тапсырма: Тұғырлық жаттығуларды қайталау

«Еркем-ай» әнін жатқа тартып келу, өткен әндерді қайталау.

Сабақ соңында бағалау: Үйге баруға рұксат. Сау бол!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *