Сабақ “М.Жұмабаев «Толқын» өлеңін оқыту”


Батыс Қазақстан облысы

Жәнібек ауданы   Тау ауылы

«Ғ.Абдуллин атындағы орта жалпы

білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік

мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің

жоғары санатты мұғалімі

Макшаева Жазира Джолдықызы

Сыныбы– 7 « б» Күні –     10.12.2015.
Пәні Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы М.Жұмабаев «Толқын» өлеңін оқыту
Сілтеме Оқулық, өлеңнің толық нұсқасы,
Мақсаты

 

 

Ақынның өмір жолы мен шығармаларынан хабар бере отырып, «Толқын» өлеңінің көркемдік ерекшелігін таныту, білімді дамыта отырып, танымдық қабілетін арттыру.
Топта,ұжымда бірлесе отырып жұмыс жасауда өз пікірінбілдіруге, дәлелдеуге үйрету, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер

 

 

А)   Ақынның өмір жолы мен шығармаларынан хабар алады.

В) «Толқын» өлеңінің көркемдік ерекшелігін талдау арқылы таниды.

С) өзара бағалауды жүзеге асырады, топта, ұжымда бірлесе отырып жұмыс жасауда өз пікірін білдіруге, дәлелдеуге үйренеді.

Керекті жабдықтар оқулық, шығармалар жинағы,   портреті, үлестірмелі қағаздар,  маркер, интернет тақта, музыка ( толқынның шуылы) т.б

түрлі- түсті қағаздар,стикерлер.

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақ кезеңдері (тапсырма) Мұғалім әрекеті  Оқушы әрекеті
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Оқушылармен амандасу. Сыныпты үш түрлі конфет арқылы топқа бөлу

2 минут

Қораптан өздеріне ұнаған конфетті алады. (Сабақ біткенше салып қояды)
Кіріспе

 

 

 

І. Қызығушылығын ояту «Сиқырлы шаршы» Оқушылар мұғалімнің қойған 4 сұрағы арқылы жасырынды суретті табады.

1. Табиғаттың тылсым күші (толқын)

2. Сөйлеген кезде ауаға таралатын тербеліс. (толқын)

3. 4 жасында мектеп есігін ашқан ақын? (Мағжан

4. Білім бұлағы (Кітап)

І. Үй тапсырмасын сұрау: БИНГО 1,2,3

БИНГО 1

1.      “ұлтшыл” деген айып тағылып түрмеге отырғызылды. (Мағжан)

2.      М.Жұмабаев кім? (ақын, педагог, методист, аудармашы, прозашы, полиглот)

3.      Кеңестік дәуірде ұлт тәуелсіздігі үшін күрескен әдебиеттің бес арысы:( М. Жұмабаев,
Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбергенұлы, М. Дулатов, А. Байтұрсынов)

4.      Мағжанның әнімен халық арасына кең тараған өлеңі? («Сен сұлу»)

5.      «Қай өлеңін оқысаңыз да, әлде өкіндіреді, әлде мұңайтады, әлде…»   (жалғастырыңыз)

6.      Тасбиық санап бүгіліп,

Жерге қарап үңіліп…

7.      Омбы қаласында М.Жұмабаевқа сабақ берген белгілі қазақ ақыны? (М.Дулатов)

8.      Мағжан кімдерге сенді? (жастарға)

9.      Орманы жоқ, шуы жоқ,

Тауы да жоқ, суы жоқ,…

БИНГО 2

1.      Мағжан дүниеге келген өңір (Солтүстік Қазақстан, Булаев, Сасықкөл)

2.      «Сүйемін» өлеңі қандай көңіл күй басым? (Мұңайтады)

3.      Ақынның тұңғыш өлеңдер жинағы қашан, қандай атпен басылды? (1913ж. «Шолпан)

4.      Мағжан әкесі (Бекен)

5.      Көзінде көк нұры жоқ,

Аузында жұмақ жыры жоқ…

6.      Жүрген ескі заңымен

Алдындағы малымен…

7.      М.Жұмабаевтың поэмасы? («Қорқыт» , «Баян»)

8.      Қоюшы режиссері Марат Қоңыровтың Мағжан туралы деректі фильмі қалай аталады? («Тыңда, тағдыр»)

9.      Ақын  білім алған  қала?

БИНГО 3

1.      «Мен Мағжанды сүйемін. Европалығын, әшекейін сүйемін» деп жазған кім? (М.Әуезов)

2.      Мағжанның әнімен халық арасына кең тараған өлеңі? («Сен сұлу»)

3.      М.Жұмабаев өлеңдері қай сарында жазылды? (ұлтжандылық)

4.      Күлдей күңгірт шашы бар,

Тоқсан бесте жасы бар…

5.      Мағжан әкесі (Бекен)

6.      Ұйқы басқан қабағын,

Бастыра киген тымағын,

Жалғаулықты жар көрген,…

7.      қазақ тайпаларының ең алғаш қауым болып біріккен одағы. (Алаш)

8.      Неше жасында мектеп есігін ашты? (4)

9.      Ақын кімдерді, нелерді сүйді? (қарт анасын, жарын, елін, туған Сарыарқасын)

Әр топтағы оқушылар берілген сұрақтарға жауап жазады және болғасын БИНГО дейді.
Негізгі

бөлім

 

Жаңа тақырып М.Жұмабаев«Толқын» өлеңін іштей   оқыту

ІІ. Дәптерлеріңе  «Толқын» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер бір сөйлеммен     жазыңдар.

Толқын дегеніміз –табиғаттың тылсым күші.

-Топтастыру әдісі. Интернет тақтаға  жазады.

ІІІ. Толқын қандай болады? Көз  алдарыңа елестетіңдер.Бірлесіп жазып шығыңдар.

Ортақ жұмыстарын жария етеді.

Қара, Көк, шулы, көбікті, суық. (жазады)

1.                Теңізге барғаныңыз бар ма? Толқынды көргеніңіз бар ма? Кинодан көрсеңіз де әсеріңді бір ауыз сөзбен білдір.

Оқулықтан «Толқын» өлеңін ашып оқыңыз.

Өлеңді оқығандағы    өз сезімің?
Өлең ұнады ма? Неліктен? Қалай әсер етті?
Ақын өлеңде қандай мәселені сөз етеді?

“Толқын” атты өлеңінде ақын өмір философиясы туралы толғанады.
Толқыннан толкын туады,
Толқынды толқын қуады,
Толқынмен толқын жарысад, —

деп, ақын айтқандай, өмірдің өзі бірін-бірі қуған, жарысқан осындай толқындардан тұрмақ. Өмір ағысы осындай.

Тапсырма №1.

В) Әдеби  теориялық ұғым .

– Оқушылар сендер бұрын кейіптеу, лирика ,қайталау деген ұғымды естіп пе едіңдер?

1-топ:

Кейіптеу – жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі адамға, жан дүниесіне ұқсатып, жандандыра, құлпырта суреттейді. Әдебиеттегі мұндай тәсілді кейіптеу деп атайды.

Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының бірі. Ол адамның көңіл күйін, сезім дүниесін бейнелеп көрсетеді.

 

Лириканың түрлері:

 

Махаб

бат

табиғат саяси Көңіл-күй

Қайталау.Белгілі бір ұғымға назар аударту үшін бір сөзді не сөйлемді қайта-қайта айтуды қайталау деп атайды.

Қайталаудың түрлері:

 

Жай қайталау Анафора Эпифора
Өлең тармақтарында бір сөз әр жолда қайталану Өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол басында қайталану Өлең тармақтарында белгілі бір сөз немесе сөз тіркесі жол аяғында қайталану

 

Тапсырма №2 ( 7 минут)

Өлең құрылысына талдау жаса

 

1.Тақырыбы _____________________________

2.Авторы_________________________________

3.Идеясы ________________________________

4.Кейіпкерлері____________________________

5.Жанр түрі ______________________________

6.Шумақ _________________________________

7.Тармақ _________________________________

8.Буын саны ______________________________

9.Бунақ саны ______________________________

10.Ұйқас түрлері ___________________________

  «Толқын»

4 шумақты, 6 тармақты,

7,8 буынды, 2 бунақты, аралас ұйқас

 

Тол/қын/нан // тол/қын  туа/ды, //                              а, 7 буынды,

Тол/қын/ды //  тол/қын  қуа/ды, //                              а, 7 буынды

Тол/қын/мен  тол/қын  жа/ры/сад.       б, 8 буынды

Кү/ңі/ре/ні/сіп  ке/ңес/пен,                                          в, 8 буынды

Біт/пей/тін бір е/гес/пен                                              в, 7 буынды

Жа/ры/сып жар/ға ба/ры/сад.               б, 8 буынды

                                

Тапсырма №3. «Тапқырлық таныт»

М.Жұмабевтың “Толқын” өлеңіндегі әдеби теориялық ұғымдарды тауып көр

1.Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады, (Анафора )

2.Меруерт көбікке оранып ( Эпитетті метафора )

3. Ерке бала былдырлап, сылдыр, сылдыр, сылдырлап ( кейіптеу )

4. Мөлдірлетіп көз жасын, Жасымен жуып жартасын,

Сүйіп сылқ-сылқ күледі. ( кейіптеу )

5. Жыландай жүзге бұралып (Теңеулі метафора)

6. Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады, (Дамыту)

 

 

 

 

Өлең оқығандағы сезімдерін жеткізеді. Өлеңде ақынның қандай мәселені сөз еткенін

айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ әдеби теориялық ұғымдар туралы жазады және қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау.

 

Қорытынды

 

 

Бағдаршам арқылы бағалау

«Тематикалық теннис» әдісі

1-топ: Мағжан

2-топ: Толқын

3-топ: Әдеби  теориялық ұғым

Әр топ топ жұмысын дәстүрлі түрде бағалайды.

Оқушылар берілген тақырыптар бойынша негізгі сөздер айту

арқылы рефлексия жасайды.

Үйге тапсырма 1.Өлеңді жаттау

2.“Мағжандай болу арманым” эссе жазып келеді.

Оқушылар берілген тапсырмаларға дайындалып келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *