Сабақ жоспары “Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» (үзінді)”

Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Байдрахманова Сәуле Жұмабекқызы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» (үзінді)

Сабақтың мақсаты: ХІ ғасырда өмір сүрген ойшыл, ақын Жүсіп Баласағұнның өмірі, шығармашылығымен танысу.

Міндеттері:

  • оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
  • оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, қосымша деректер арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, СТО жобасы

Сабақтың көрнекілігі: қосымша материалдар, жыр жинақтары, слайд

Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.

  1.             Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
  2. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
  3. Бейнежазба тамашалау.(топтық жұмыс)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Хикметтерінен үзінді жаттау.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Жүсіп Баласағұни – Талас-Шу бойындағы Баласағұн қаласында туып-өскен ақын, ойшыл. Ол 85 тараудан тұратын «Құтты білік» атты кітап жазған. Кітапты шығыс патшалары көшіртіп алып оқитын болған. Иранның ұлы ақыны Фирдоусидің «Шаһнамасымен» қатар қойып, «Түркі шаһнамасы» деген атақ берген.

«Құтты білікте» кемел мемлекеттің сипаты баяндалады. Кемел мемлекетте өмір сүретін адам да кемелдену жолын іздеуі керек. Адам баласының қадір қасиеті білім мен ақылда болатынын айтып, дүниеқоңыздықтан, жамандықтан аулақ болуға шақырады. Қоғамдағы әір түрлі топтардың, әр қандай кәсіп иелерінің, ел бегі, уәзір, көпес, ақын, тағы басқалардың қандай болу керектігін көрсетеді.

Ізгілікті елдің бегі мен уәзірі халықпен, айналасындағы қызметкерлермен қандай қарым-қатынас орнатады? Ғалым, диқан, сатушы, малшыларды қалай ұстау керек деген сұрақтарға жауап бере отырып, әізгілікті үлгі етеді.

«Бақыт қасиетті адамға ғана қонады», – дейді.

Кітапта төрт кейіпкер бар: Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат. Күнтуды бек – әділет бейнесі; Айтолды уәзір – бақыт бейнесі; Одғұрмыш – уәзірдің бауыры, қанағат бейнесінде, Өгдүлміш – уәзірдің баласы, ақыл-сана бейнесінде алынған, әңгіме осы төрт кейіпкердің сұрақ-жауаптары арқылы дамиды.

Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білігінде» қамтылған мәселелер туындыгердің (автор) аса білімді адам екенін аңғартады. Ол-ойшыл ғалым, білімпаз, ақын. Кітапты ақыл-өсиет, өнеге – уағыз түрінде жазған. Бала тәрбиесіне де көңіл бөлген. Баласағұни осы кітабы арқылы Хас Хажып (сарай министрі) атағын алған.

Ой шақыру:

І топ – «Бес нәрсеге асық бол»

ІІ топ – «Бес нәрседен қашық бол»

ІІІ топ – Достық

ІҮ топ – Тіл

   «Әлемді шарлау» стратегиясы бойынша топтар жұмыстарымен алмасады. Жариялайды.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

Оқулықпен жұмыс

  1. Ж. Баласағұнидің «Құтты білік» дастанынан алынған үзіндіні мәнерлеп оқу, талдау.

     Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,

     Есі болса, жұрнақ болса намыстан.

     Ұшқалақтық- бірі, екінші – сараңдық,

     Үшіншісі – ашу, оған егіз надандық.

       Қырсығың – сор, бетті жер ғып жүргізер,

       Бесіншісі – өтірік, жерге тірі кіргізер.

       Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын.

Білсін сонда басынан құс ұшпасын.

Мазмұны бойынша жұмыс:

І топ – Бек бесеуден бойын аулақ ұстасын

             Білсін сонда басынан құс ұшпасын.

ІІ топ – Екі түрлі достықтың бар себебі

             Сол үшін жұрт табысады, сенеді.

ІІІ топ – Тіл қадірлі етер,ерге бақ қонар,

               Қор қылар тіл, кететұғын бас болар

ІҮ топ – Жүсіп Баласағұн мен Абай өлеңдерінің үндестігі

Әр топ өз жұмысын жариялайды.

Ой толғаныс.

РАФТ әдісі бойынша төмендегідей тақырыптар негізінде шығармашылық жұмыс орындау.

І топ – «Бес нәрсеге асық бол»

ІІ топ – «Бес нәрседен қашық бол»

ІІІ топ – Достық – асыл қазына

ІҮ топ – Ең тәтті де –тіл, ең ащы да – тіл.

1) Баласағұнидің «Құтты білік» кітабы не туралы?

2) Кітаптың кейіпкерлері кімдер?

3)Баласағұнидің ойынша шын дос кім?

4) Тілдің пайдасы мен зияны туралы не айтылған?

5) Абай өлеңдерімен салыстыру.

  1. Үй тапсырмасын беру.
  2. Махмұд Қашқаридың өмірі мен шығармашылығы.
  3. Жүсіп Баласағұни «Құтты білік»үзінді жаттау
  4. Кері байланыс.

VII.Оқушылардың жауаптарын бағалау.

VII Сабақтың аяқталуы.

Бағалау парағы

Оқушының аты-жөні Үй жұмысын орындауы Топтық жұмысқа қатысуы Қорытынды
1        
2        
3        
4        
5        
6        
7        
8        

Кері байланыс

Сабақтан алған әсерің __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақ туралы пікірің____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақта туындаған сұрақтар__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *