Сабақ “Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы. (11-сынып)”


М.Мәметова атындағы

Қызылорда гуманитарлық колледжі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Абилдаева Куралай Ганиевна

Сабақтың мақсаттары:

а) білімділік: тәрбиеленушілерге жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, мағлұмат беру;

ә) тәрбиелік: халық қамын ойлайтын, ұлтжанды, елін, Отанын сүйетін азамат болып өсуге баулу;

б) дамытушылық: жазушы шығармаларын түсіне білуге, идеялық тұрғыдан алғанда сыншыл реализмін түсінуге, ізденуге төселдіру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдістері: СТО стратегиялары (топпен жұмыс, сұрақ-жауап, рөлдегі оқушылар, баяндау, шығармашылық)

Сабақтың көрнекіліктері: интерактивті тақта, слайдтар, плакатқа салынған суреттер, жазушы кітаптары

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу
  2. Тәрбиеленушілерді түгелдеу
  3. Зейіндерін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

  1. С.Мәуленов туралы сұрақтарға жауап жазу.

Сырбайдың ақындық өмірі қай кезеңнен басталады? Ұлы Отан соғысы ақынның өмір тануына қалай көмектеседі?

«Құлын» өлеңінің жазылу жағдайын, идеясын талда.

«Түбірлер» өлеңінде түбір бейнесі арқылы ақын нені меңзейді?

Ол неге кітабын «Шанхай түс» деп атады?

  1. Өлеңдерін жатқа оқу.

Жаңа сабаққа кіріспе:

  1. Ақтөбе өңіріндегі ақын-жазушылармен таныстыру.

(Суреттері мен шағын түсіндірме шолулар жасалған слайд)

ІІІ. Жаңа сабақ:

«Қазақ халқының дарынды ұлдарының бірі, кешегі қан майданда Отанын қорғап, замандастарымен қатар қазақтың жауынгерлік рухын көтерген, сол ерлікті қарымды қаламының күшімен ақ қағазға айғақтаған, әдебиетіміздің тарихында айтарлықтай із қалдырған Тахауи Ахтанов есімі елімізге, алыс-жақын шет жұртқа көптеп әйгілі.»

(Шериаздан Елеукенов)

Тахауи Ахтанов 25 қазанда Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз селосында туған. 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалык институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды. 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан кейін, әдеби еңбекпен айналысады. Алғашқы өлеңдері «Жастар дауысы» деп аталатын ұжымдық жинақта жарық көрді. Осы кезде оның әдеби-сын мақалалары молырақ басылып, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі жарияланды. Әйтсе де, жазушының өнімді де жемісті еңбек еткен жанрлары – проза мен драматургия.

Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі – «Күй аңызы». 1956 жылы «Қаһарлы күндер» атты романы жарық көрді. «Дала сыры» повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, «Боран» романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған «Сәуле» драмасы, одан кейінгі «Боран», «Ант», «Әке мен бала» драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. «Махаббат мұңы», «Күтпеген кездесу» драмалары, «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Көркем әдебиет баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, киностудияда сценарий бөлімінің бастығы. «Әдебиет жөне искусство» – «Жұлдыз» журналының редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, көркемөнер бас басқармасының бастығы, республикалық кітап палатасының директоры сияқты жауапты қызметтер атқарды.

II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.

Романдары: «Қаһарлы күндер», «Боран», «Шырағың сөнбесін».

Прозалары: «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Күй аңызы», «Жоғалған дос», «Алыстан жеткен сарын».

Драматургиясы: «Сәуле», «Әке мен бала», «Боран», «Күтпеген кездесу», «Ант», «Махаббат мұңы» және «Арыстанның сыбағасы», «Күшік күйеу» комедиялары.

Аудармалары: С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт», «Жер үстіндегі нұр» атты романдары, А.Н.Толстойдың «Азапты сапарда» атты үш томдық романы.

Тахауи Ахтановтың өмірі мен шығармашылығы жайында оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тыңдау. Жасалған хронологиялық кесте мен топтастыруды пайдалана отырып, жазушы жайында білгендерін ортаға салады. (тақырыпқа байланысты слайд қосымша көрсетіледі)

Жаңа сабақ «Рөлдегі оқушылар» әдісі бойынша жүргізіледі.

  1. Баяндаушылар («Қаһарлы күндер» мен «Боран» романының қысқаша мазмұнын баяндайды)
  2. Сипаттаушы (романның кейіпкерлеріне жалпы сипаттама береді)
  3. Дәнекер (басқа жазушылар шығармаларымен үндестігі)
  4. Бейнелеуші (оқиға желісімен салған суреттерін көрсетеді)

ІV. Сабақты бекіту:

1) Топтарға мәтін таратылып беріледі, әр оқушы мәтінмен жұмыс жасай отырып, 2-3 тест сауалдарын құрады.

2) Сызбадағы сөз тіркестерді сәйкестендір.

Жазушы қолданған әдеби жанрлар

«Жұлдыз»

«Шырағың сөнбесін» романында

Жазушы шығармасындағы кейіпкер

Журналының редакторы

Жазушының аудармасы

Қоспан

Проза мен драматургия

«Азапты сапарда» трилогиясы

Қазақ әйелі тағдыры суреттелген

3) Сатылай-комплексті талдау. (тақтамен жұмыс)

Тақырыбы

Авторы

Жанр түрі

Оқиға кезеңі

Жағымды кейіпкерлері

Жағымсыз кейіпкерлері

4) «Егер мен жауынгер болсам…» тақырыбында шағын эссе құру

V.Қорытынды.

VІ. Үйге тапсырма: «Қаһарлы күндер» романын оқып, Ержан бейнесіне сипаттама жазу.

VІI. Бағалау.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *