Аудандық бастауыш сынып оқытушыларының семинары. Тренинг-жиналыс «Не ексең, соны орасың»


Муздыбаева Карлыгаш Кайроллина

                               Павлодар облысы, Качир ауданы,

Қызылтаң жалпы білім беретін орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Презентацияны көшіру

Мақсаты: Жас ұрпақты парасатты,ақылды,мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі ата-ананың ролін көрсету. Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптастасуына ата-ана беретін тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жетілдіру, қарым-қатынас орнату.Ата-аналарға білім беру жүйесіндегі өзгерістер жайлы мәлімет беру. Ата-аналардың мектеппен, сынып жетекшімен тығыз байланысын орнату.

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ-жауап, ситуациялық тапсырмалар.

Күтілетін нәтиже: Ата-аналар балаларының парасатты,ақылды, мейірімді т.б.жағымды қасиеттерге ие болуына өздері әсер ететіндігін мойындайды. Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер арқылы жаңа заманға сай жан-жақты білімді де тәрбиелі азамат қалыптаса- тындығын түсінеді.

Ресурстар: Интерактивті тақта,слайдтар,бейнероликтер, қағаздар,түсті бояулар.

Мұғалім: Сәлемесіздер ме, құрметті ата-аналар!   Бүгінгі ата-аналар жиналысына хош келдіңіздер!

Ата-ананың тілегі-баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгішті , оқу мен еңбектегі табыстары. Құрметті ата-аналар! Біз ерекше ата-аналар жиналысын өткізгелі отырмыз. Бәріміз айнала шеңбер жасап, орнымыздан тұрайық.

1.Психологиялық тренинг.

А) тақта алдына шығып, бір қатарға тұрғызу.

Ә) баланың отыратын орнына дейін бір бір аяқпен секіріп бару.

Б) көзі жұмулы қалпы баланын отыратын орнын табу.

В) бір қолмен қағазды ешкімнің көмегінсіз жырту.

2.Талқылау.

Сұрақтар қойылады:
Қандай  әсер алдыңыздар ?

Не қиындық келтірді ?
Осыдан қандай қорытынды шығаруға болады?

 

2

(Ата-аналар өз ойларын айтады)

 

Қазіргі заманда білім беру үрдісінде балаларға инклюзивті білім беру қарастырылған. Ата-ана өз қалауынша баласын кез келген мектепке бере алады. барлық баланың құқығы тең. Мүмкіндігі шектеулі баланы ата-анасы жалпы білім беретін мектептерге бере алады. сондықтан ата-ана өз баласына осындай балаларды сыныбында кездессе кемітпей, ренжітпей жақсы қарым-қатынаста болып, оларға көмек қолдарын беріп отыруын айтып отыру керек Баламыздың алдында қанша міндеттеріміз бар екенін түсінеміз. Бала-ата-ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып, не басқа бір қатер төңгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімізді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған. Адам өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі- баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Бала тәрбиесі-қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс. «Балапан ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі» демекші, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Отбасы -адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы баланың басты ұстазы-ата-ана. Береке, бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды, болашақ өркениетке қосар үлесі бар.

«Жас көңіл тың жер тәрізді,

Не ексең соны орасың- демекші анасы- баланың тәрбиесінің айнасы. Демек, баланы отбасынан тануға болады, яғни ата-анасың бір- бірімен, ата-анасының баласымен қарым қатынасы қандай екенің өз көзқарасынды қалыптастыруға болады.

Слайдтан «Ата-ана қадірі» бейнеролигін тамашалайды.

-Осы бейнеролик туралы қандай ойларыңыз бар, қандай әсер алдыңыздар, өз пікірлерімізді ортаға салайық, кұрметті ата-аналар. (Ата-аналар өз ойларын айтып шығады)

Бауыр етіңіз балаларыңызды жақсы көріп,еміренгенде не дейсіздер? (Ата-аналар жауап береді)

Ата-ана мен бала арасындағы осындай қарым-қатынастың салдары слайдтан көрсетіледі.

Баланың сіздерге айта алмай жүрген сырлары да болады. Не үшін айта алмайды? Бала сізден қорқа ма, әлде анам ұрысып тастайды деп ойлай ма? Сіздер баланың ойын айтайын деп    жатқан сөзін тыңдамаудан ба?

-ендеше бір сәт балаларыныздың сіздерге айта алмай журген сырларын

тыңдап көріңіздер.

Баланың ойын ашық айтуға, еркін сөйлетуге үйретіңіздер. Сөзін аяғына дейін тыңдап алып, қатесін сыпайы сөздермен түсіндіруге тырысыңыздар.

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,мінез деген нәрселермен озады.Одан басқа нәрсемен оздым демектің бәрі де-ақымақшылық»,- деген шығыс даналығын келтіре отырып,ой түйіндегім келіп отыр:

-Бүгінгі жиналысымыздың жүрісін еске түсірейік. Бұрынғыдан өзгеше ме?

Ата-аналардың жауаптары:

-Шеңбер құрдық. Психологиялық тренингтер орындадық.

Бейнероликтер тамашалап,ситуациялық сұрақтарға жауап бердік. Ата-аналар жиналысы өзгеше болып өтті.

-Бала- үйдің айнасы ғой, балаңызбен әңгімелескенде, баланың ойын әрқашан тыңдауға дайынсыз ба?

Біз де бүгінгі тренинг-жиналысымызда оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін сабақтарымызда қолданғанымыздай,осы сіздермен өткізіп көрдік. Болашақта осындай ата-ана мен бала арасында іс-шараны өткізуге бірігіп ат салысып отырайық.

1

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *