Информатика пәнінен практикалық жұмыс


                                                 Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектеп

                                                информатика пәні мұғалімі Аманқұлова А.Ж

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: «Программалық жабдықтама. Операциялық жүйелер» бөлімі бойынша оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін дамыту.

Дамытушылық: Windows операциялық жүйесімен жұмыс істеу  тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру және шығармашылығын арттыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: АКТ, практикалық жұмыс 

Сабақ көрнекілігі: компьютер, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Зейінін сабаққа аудару.

  1. Практикалық жұмыс

А деңгейі

  1. Бума мен файлдарды құру, көшіру, жылжыту.
  2. Өз бумаларыңда Files бумасын құрыңдар.
  3. Блокнот мәтіндік редакторын қосып, аты-жөндеріңді, сыныбыңды, мекен-жайыңды, телефоныңды жазыңдар.
  4. Жазылған мәтінді Files бумасында txt атымен сақтаңдар.
  5. «Менің құжаттарым» бумасында New бумасын ашыңдар.
  6. New бумасына Files бумасындағыtxt файлын көшіріп салыңдар.
  7. txt файлының атын cart-viz.txt –ке өзгертіңдер.
  8. car-viz.txt файлын көшіріп Files бумасына салыңдар.
  9. New бумасын Files бумасына жылжытыңдар.
  10. txt файлының жасалу уақыты мен көлемін анықтаңдар.

В деңгейі

 

  1. Файлды іздеу және атын өзгерту.

 

  1. Өз бумаларыңда Images бумасын құрыңдар.
  2. C дискісінен: кеңейтілімі .jpg 5 файлды табыңыз. (Пуск→Поиск→Изображения, музыку или видео→Изображения и фотографии→Найти).
  3. Табылған файлдарды Images бумасына көшіріңдер.
  4. Барлық табылған файлдарды jpg, Photo2.jpg, Photo3,jpg, Photo4.jpg, Phfoto5.jpg деп өзгертіңдер.
  5. Менің құжаттарым бумасынан: d және қ әріптерінен басталатын барлық файлдарды табыңдар.

С деңгейі

 

  1. Сөйлемдерді толықтырыңыз…
  2. Операциялық жүйе – ол…
  3. Программалық қамтамасыз ету – ол….
  4. Бума – ол…
  5. Жарлық – ол…
  6. Файл – ол….
  7. Windows-тің алмасу буфері дегеніміз-…

 

                                         Тест тапсырмалары

  1. Экранның сағатты көруге болатын аймағы?

А. Жұмыс үстелі

В. Есептер тақтасы

С. Бас мәзір

  1. нысан белгішелері
  2. Alt+F4 пернелері тіркесімдерінің қызметі?

А. Терезені ашады

В. Терезені жабады

С. Барлық ашық терезелерді жабады

  1. Келесі ашық терезеге ауысады

Е. Жанама меню- Создать- W белгісін таңдау арқылы

  1. Бас мәзірді шақыру үшін…керек

А. Менің компьютерімді ашу

В. Бастау батырмасын басу

С. Есептер тақтасын ашу

  1. қоржынды ашу
  2. Буманы жұмыс үстелінде құру үшін қандай әрекеттер орындалады?

А. Тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы жанама менюді шақыру

В. Жанама менюден Создать командасын таңдау

С.Создать- Папки

  1. D. Жанама менюден Создать командасын таңдау арқылы Папки қатарына басу
  2. Мына батырма қандай қызмет атқарады?

А. Программамен жұмысты аяқтайды

В. Терезенің мөлшерін азайтады

С. Терезені толық экранға жаяды

  1. Терезені жиырады
  2. Файлға дейінгі толық жол: С/кітап/әңгіме.txt.Файлдың аты қалай?

А. Кітап/әңгіме

В. Кітап/әңгіме.txt.

С. txt.

  1. әңгіме.txt.
  2. Файлды сол атпен сақтау үшін қандай бұйрықты таңдау керек?

А. Қалай сақтау

В. Қайтадан сақтау

С. Сақтау

  1. Құру
  2. Ерекшеленген нысандар тобына қолдануға болмайтын әрекет:

А. Көшіру

В. Атын өзгерту

С. Жою

  1. Жылжыту

Қосымша тапсырма

Берілген жұмбақтың шешуін тауып, Paint графикалық редакторында суретін салыңдар және Word Pad мәтіндік редакторында жұмбақ шешуіне байланысты эссе жазыңдар.

 

1.Бір көзіңмен «кідір» дейді,

Бір көзім «жүгір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді

«Қарап ал маңайға» дейді

 

(бағдаршам )

  1. Қорытындылау

Тәжірибелік жұмыстары үшін оқушылардың білімдерін бағалау.

  1. Үй тапсырмасы

Қайталау .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *