Авторлық бағдарлама «Сәлем мектеп – бұл мен!»


Көкшетау қаласының № 19 ОМ педагог-психологі

Курмашева Анаргуль Назымбековна

Түсінік хат

Бала бірінші сыныпқа келді. Мектепке бару баланың өміріне үлкен өзгерістер енгізеді. Мектепте оқыған алғашқы айлар өте күрделі және шиеленісті болып табылады. Мектепке алғаш келген баланы балалар мен ересектерден тұратын жаңа ұжым қарсы алады. Оған құрдастарымен және мұғалімдермен байланыс орнатуы, оқу жұмысына байланысты жаңа міндеттерді және мектеп пәндерінің талаптарына қатысты үйрену міндетін орындауы қажет. Мектеп алғашқы күннен бастап-ақ оқушылар алдында тікелей олардың жинақтаған тәжірибесіне қатысы жоқ бірқатар міндеттер қояды, ерекше зияткерлік және физикалық күш салуын талап етеді. Тәжірибе көрсеткендей, балалардың барлығы бірдей мұндай өзгерістерге дайын болмай шығады. Кейбір оқушылар, тіпті жоғары интеллектуалды даму деңгейімен келген оқушылардың өзіне, мектептің оқыту жүйесі міндеттеген салмақты жүк түседі. Психологтар көрсеткендей, көптеген бірінші сынып оқушылары, әсіресе алты жасарлардың, мектепке әлеуметтік бейімделуі қиын, себебі мектеп режиміне бағынышты, мектептің мінез-құлық нормаларын игерген, мектеп міндеттері мойындайтын жеке тұлғалық қасиеттері әлі қалыптаспаған болып шығады. Баланың мектепке, оқуға деген қарым-қатынас негізі сол уақытта, дәл сол 1-ші сыныпта қаланады.

Баланың мектепке бейімделуі – өте ұзақ процесс. Кішкентай оқушының мектепке нық үйреніп, дағдылануы үшін бір күн емес, бір апта емес, ұзақ уақыт қажет болады. Зерттеулер көрсеткендей, 1-сынып оқушысының әлеуметтік-психологиялық бейімделуі әртүрлі өтуі мүмкін, балалардың 50-60%-ы алғашқы 2-3 айда бейімделіп кетсе, балалардың 30%-ы бірінші жартыжылдықтың соңына дейін бейімделеді. Ал балалардың 14%-ының бейімделуі жылдың соңына дейін созылуы мүмкін.

Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі оларға жүктелген оңай тапсырма емес. Бейімделу әр оқушыда әртүрлі өту мүмкін, өкінішке орай, кейбірінде бұл процесс ойдағыдай өтпейді. Егер “ойдағыдай болмаса” (ол бейімсіздену деп аталады), “мектеп өміріне бейімделу” тетіктері бұзылады.

Бірінші сынып оқушыларына ең бірінші сабақтан бастап мектепке деген жағымды әсер қалдыру үшін, бірінші сынып оқушылары өміріндегі ең бір өзгермелі кезеңі болып табылатын мектепке бейімделуі кезеңі сәтті өтуі үшін және шешуі қиын мәселелер пайда болған балаларға көмектесуге арналған, бірінші сынып оқушыларын мектепке бейімдеуге бағытталған “Сәлем мектеп – бұл мен!” арнайы бағдарламаның маңызы зор.

Авторлық бағдарламаны толық көшіру

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *