Сабақ “Тоғыспалы ықпал”


Альмуханова Айгүл Иенбергеновна

Сарыбұлақ орта мектебінің  қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Қазақ тілі  5- сынып

Сабақтың тақырыбы: Тоғыспалы  ықпал

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға үндестік заңын , тоғыспалы  ықпал түсіндіру

ә) дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту,пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру

б) тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, сайыс сабақ, жаттығу және талдау, сұрақ-жауап, ой сергіту ойындары.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, Абай портреті, дидактикалық топтамалар, түрлі сюжетті суреттер,  тест сұрақтары.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Сәлемдесу, кезекшімен сұхбаттасу, оқушыларды тексеру. Психологиялық дайындық.

Бірінші оқушы дауысты дыбыстан басталатын тілек айтса, екінші оқушы дауыссыз дыбыстан басталатын тілек айтады.

ІІ.Бүгінгі сабақтың құрылымымен таныстыру.

Сабақ «Ашық журнал сабағы» деп аталады. Журналдың әр парағында тақырыптар берілген: 1. Қайталау-оқу анасы;2. Жаңа сабақ құпиясы; 3. Кітап-досың, ақылшың; 4. Білімді мыңды жығар; 5. Жеті жұрттың тілін біл. 6. Біліміңді байқап көр.

Әр беттегі тақырыпты аша отырып, тапсырмаларды орындаймыз. Сыныптағы оқушылар суреттер таңдау арқылы топқа бөлінеді.

Құрметті білім алушы оқушылар, бүгін біздің сабағымызда халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлыөлең жолдарын бүгінгі сабағымыздың эпиграфы ретінде аламыз. «Ғылым таппай мақтанба»  атты өлеңіндегі бес асыл іске қатысты етіп топтың атын аламыз. Жарысқа кіріспес бұрын әр топ өзін таныстыру қажет. Ал сайысты бастайық!

Әр топ сынып бөлмесі ішінде белгіленген орынға бөлініп отырады. Топтың аттары жазылған белгіленген партаға қойылады. Әр топ жетекшісі өздерінің тобын төмендегі шумақтар арқылы таныстырады.

  1. «Талап» тобы.

Талабың болса тайсалма,

Өзіңді-өзің байқа да,

Талаптансаң жеңесің

Қиындықты қашанда.

  1. «Еңбек» тобы.

Еңбек етсең ерінбей,

Еңбегің қалмас көрінбей.

Зор табысқа кенелтер

Құлшына еткен еңбек қой.

Қайталау-оқу анасы. Өткен сабақтарды үй тапсырмасын сұрауда алғашқы «Қайталау-оқу анасы» парағы ашылады.

1-қатар оқушылары бірлесіп, дауысты дыбыстар бойынша тірек сызбасын салады, түсіндіреді, ережесін айтады.

2-қатар оқушылары бірлесіп, дауыссыз дыбыстар бойынша тірек сызбасын салады, түсіндіреді, ережесін айтады.

Жаңа сабақты түсіндіруде «Жаңа сабақ құпиясы» парағын ашамыз.

а) Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табу.

б) «Ой қозғау».

Зымыран әдісі арқылы  сұрақтар қою.

  1. Фонетика нені зерттейді?
  2. Орыс әліпбиіне қашан көштік? (1940 жылы)
  3. Әліпби сөзі қай тілден енген? (араб)
  4. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? (9)
  5. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
  6. Үндестік заңы нешеге бөлінеді? (2)
  7. Дыбыс үндестігі нешеге бөлінеді? (3)
  8. Ілгерінді ықпалдың жасалуы.
  9. Кейінді ықпалдын жасалуы.
  10. Буынның түрлері. (3)

Бастауышта алған білімдерін тексеру.

ә) мысалдар арқылы жаңа сабақ түсіндіріледі.

б) оқушылардың талдап, түсіндіруі бойынша ереже шығару.

Жаңа сабақ құпиясы

Досжан сені көргеніме қуаныштымын!

Баланың аты қалай жазылады

Қалай естіледі

Неліктен олай естіледі,қалай ойлайсыңдар?

Мысалы: Шайтанкөл (айтылуы шайтаңгөл), тасжарған (ташшарған).

Мына сөздерден қандай өзгеріс байқадыңдар?

Оқушылар өздері ереже шығарады.

Қатар тұрған екі дыбыстың бір-біріне бірдей ықпал етуін тоғыспалы ықпал дейміз.

Жаттығу жұмыстарын жүргізу үшін «Кітап- досың, ақылшың» парағы ашылады.

Семантикалық картамен жұмыс

Мысалдар Сөз арасындағы ілгерінді ықпал Сөз ішіндегі кейінді ықпал Тоғыспалы ықпал Үндестік заңына бағынбайтын қосымша
Бір күні +      
Жанбады   +    
Тұзсыз   +    
Есжан     +  
Дүниеқор       +
Қазжуа   +    
Дәріхана       +
Бес жыл     +  
Асанбек   +    
Оң қол +      

 

«Білімді мыңды жығар»

Әр топ оқушылары өз топтарының аттарын математикалық тәсілмен талдау жасау.

 

Сергіту сәті ретінде «Жеті жұрттың тілін біл» парағы ашылады.

Оқылған мақалдағы айтылмай қалған сөзді тауып айту, орысша баламасын тап.

а) Жігітті намыс өлтіреді, … қамыс өлтіреді (қоян-заяц)

ә) Баланың тілі … ( бал-мед)

б) Оқусыз … жоқ, … күнің жоқ (білім-знание)

г) Өнер алды-қызыл … (тіл-язык)

ғ) Көп сөз-көмір,

Аз сөз- …(алтын-золото)

д) … –оттан да ыстық (Отан-Родина)

е) … өссе-жердің көркі (гүл-цветы)

… өссе-елдің көркі (қыз-девушка)

з) Айтылған ..-атылған оқпен тең (сөз-слова)

Бекіту сұрағын беру үшін «Біліміңді байқап көр» парағы ашылады.

«Қытайша десерт» әдісі бойынша тапсырма тексеріледі.

  1. Қай сөзде ілгерінді ықпал барын белгілеңіз.

А) Жауып

Ә) Сабағы

Б) Жазса

+В) Ашса

Г) Көнбеді

  1. Кейінді ықпалды сөзді белгілеңіз.

А Елге

Ә Төнбеді +

Б Есбай

В Ашса

Г Оқулық

  1. Қай сөзде кейінді ықпал барын белгілеңіз.

+А) Сөзсіз

Ә) Қашса

Б) Көрікпай

В) Сәтбай

Г) Ала көз

  1. 4. Ілгеріндіықпалдытабыңыз

А) Бесігім

+Ә) Сәтпай

Б) Тарағым

В) Теуіп

Г) Тауып

  1. Кейінді ықпалды тап.

А) Тастан

Ә) Жазғы

+Б) Кітабым

В) Тасжарған

Г) Шайтанкөл

  1. Тоғыспалы ықпал деген не?

А) Дауысты дыбыстардың біріңғай жуан не жіңішке болып үндесуі.

Ә) Алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысқа әсер етуі.

Б) Соңғы дыбыстың алдынғы дыбысқа әсер етуі.

+В) Қатар тұрған екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі.

Г) Дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып араласып келуі.

  1. 7. Қай сөзде тоғыспалы ықпал барын белгілеңіз.

А) Жазсын

Ә)Жанболат

Б) Жанпейіс

В) Адамнан

+Г) Шайтанкөл

  1. Ілгерінді ықпалды көрсетіңіз.

А) Оқушы

Ә) Жолдасым

Б) Ойыншық

+В) Қашса

Г) Аңшы

  1. Кейінді ықпалды белгілеңіз.

А) Келе көр

+Ә) Жанпейіс

Б) Ішсе

В) Ала көз

Г) Ашса

  1. Бірыңғай жуан буынды сөзді табыңыз.

+А) Тану

Ә) Арбакеш

Б) Сөзшең

В) Қасен

Г) Өсу

 

Үйге тапсырма:    ықпалдарды қатыстырып мәтін құрап, жазып келу.

Бағалау: бағалау парағы арқылы оқушылар өздерін-өздері бағалайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *