Сабақ “Математикалық кафе”


Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы,
Р.Сабденов ауылы,
Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Омарбекова Асем Мейрамханқызы

Мақсаты:

Білімдік: Оқушылардың ойлау қаблетін,ой құшарлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін,логикалық ойлау қаблетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды үйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, тыңдай , сөйлей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:   Үлестірмелі тапсырмалар,  логикалық есептер , окушыларға кафеге сай столдар жасайды.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Математка сырлы,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді!

 

Құрметті математикалық кафенің қонақтары , бүгін кафеміздің екі столына тапсырыс берген қонақтар бар. Соларды таныстыруға рұқсат етіңіздер.

Олар «Банкирлер», «Кәсіпкерлер» (5сынып оқушылары)

Жақсы тәбетпен жеген ас қана сінімді болады. Сондықтан, тәбеттеріңіз ашылсын!

 

Кафеміздің ас мәзірі:

І.Қуырдақ – «Кім үлгерді,сол жеді.»

ІІ.«Үшбұрыш» қосылған сорпа.

ІІІ.Салат «Ұмытпашы»

IV. «Біздің дастарханнан –сіздің дастарханға…»

V. «Есептер қосылған балмұздақ»

VI. «Ойымды жалғастыр»

 

Уақыттарыңыз мәнді де сәнді өтсін! Біздің тағамдарымыз сіздерге ұнайды деп сенеміз. Астарыңыз дәмді болсын!

І. Қуырдақ – «Кім үлгерді , сол жеді» берілген логикалық сұрақтарға кім бірінші жауап береді? Әр сұраққа қуырдақ суретінің  бөліктері  ашылып, тағам әзірленеді.

1.      Қолымызда он саусақ, 10 қолда қанша саусақ бар?  (50)

2.      Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады, әрқайсысы неше сағат ойнады? (2)

3.      Қосақталып 5 ат  5 шақырым шапты, әрқайсысы неше шақырым шапты? (5)

4.      Күрке тауық 2 аяғымен тұрғанда 10 кг, 1 аяғымен тұрса неше кг тартады? (10)

5.      1 кг темірмен 1 кг мақтаның қайсысы ауыр? ( тең)

6.      Өзі менің әкемнің баласы, бірақ ол маған аға да, іні де емес. Бұл кім? (өзім)

7.      4 жұмыртқа 4 минут піседі, 1 жұмыртқа неше минут піседі? (4)

8.      Үстел беті төртбұрыш, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ неше бұрыш қалды? (5)

9.      Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

10. Ағаш үстінде 100 торғай отырды, аңшы он торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? (10)

11. Бір жанұяда 5 ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар, жанұяның қанша баласы бар? (6)

12.  Қорада тауықтар және қояндар бар. Олардың барлығы 15 бас, 50 аяқ болса қорада неше тауық неше қоян бар? (5 тауық, 10 қоян)

13. Жылдың неше айында 28 күн бар? (12 ай)

14.  3 шофер болыпты. Олардың Самат деген інісі болса керек. Бірақта Саматтың ағалары болмапты. Сонда қалай? (әпкелері)

15.  Бөлмеде 2 ит, 3 құс, 1 шыбын бар.  Осы жануарлардың  бәрінің аяқтарын қосып есептегенде қанша болады? (20)

 

ІІ. «Үшбұрыш»  қосылған сорпа.

 

Новый рисунок (11)

ІІІ. Салат «Ұмытпашы»

1. Математик, дәрігер,  ақын,  музыкант,  екінші Аристотель атанған шығыстың ғұлмасы кім?    (Әл-Фараби)

2. Геометрияда жаңалық ашқан үшін Зевс құдайына жүз өгіз Құрбан еткен кім? (Пифагор)

3. « Математика –ғылымдар патшасы, ал арифметика  математика патшасы .»- сөзінің авторы.   (Гаусс)

4. Атақты математик әйел?  (Ковалевская )

 

IV.  «Біздің дастарханнан – сіздің дастарханға …»

Топтар дайындап келген математикалық сұрақтар қойылады

1.      Бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

2.      Бойы 2 қарыс, сыйып тұр 25 арыс (сызғыш)

3.      Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

4.      3 кесіндіден құралған фигура? (үшбұрыш)

5.      10 мен 15 – тің ең кіші еселігі? (30)

6.      Ең кіші натурал сан? (1)

7.      Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура? (бұрыш)

8.      1800 тең бұрыш қалай аталады? (жазыңқы)

V. «Есептер қосылған балмұздақ»

1) 430, 708, 95, 1300, 605, 4001, 90, 175, 800, 127, 1026 сандарының 2-ге, 5-ке және 10-ға бөлінетін сандармен кестені толтырыңдар:

2 – ге бөлінеді
5 – ке бөлінеді
10 – ға бөлінеді

 

2) 207, 396, 615, 3926, 9234, 6703, 42732, 8500, 720 сандарының цифрларының қосындысын табыңдар. Табылған қосындылар бойынша 3 – ке, 9 – ға бөлінетін сандарды жазыңдар:

 

3 – ке бөлінетін сандар
9 – ға бөлінетін сандар

 

VI. «Ойымды жалғастыр»

Топтар кезекпен саны бар дайындап келген мақалдарын айтады.

 

Қорытындылау:

Реңжімендер қалсаңыздар жеңіліп,

Алда тұр талай жеңіс сізді күтіп.

Математиканы терең зерттеп, танысып,

Кездесейік сайыстарда қауышып – деп бүгінгі сайысымыздың жеңімпаз топты анықтап сабақты аяқтаймыз. Сау болыңыздар!

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *