Жеті модуль идеяларына қатысты менің кейбір ойларым


Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Шағалалы орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Бегалина А.С.

 

   Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев : «Еркін елдің ертеңі-кемел білім мен кемел ғылымда» деген еді.

«Мектеп-кеме,білім- теңіз», «Білім –гауһар, бағасы жоқ,надандық- кемел, дауасы жоқ» дегендей , білім беру мен білім алудағы дәстүрлі тәсілдер мен жаңа тәсілдер бірімен-бірі ұштасып кемелденгенде ғана жақсы,нәтижелі табыстарға жетері анық.Білім мен ғылым күн сайын емес , минут, секунд  сайын ғарыштап өркендеген 21-ғасыр жаһандану ғасырында білім берудің барлық салаларында:интернет,компьютерлік жүйе, қашықтықтан оқыту,мектептерде даму үстінде.Инновациялық оқыту технологиялары қолданысқа пайдаланылған қазіргі уақытта  білім беру мен білім алудағы жаңа тәсіл,идеяларды мұғалімдер толық әрі  жан-жақты игеру,ізденісте болу,білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістерін білу мұғалімнің күнделікті  жұмысында басты міндетке айналуда.Мәселен, білім беру жүйесіне инновациялық  білім беру стандарты, қазіргі заманның тақаурына сай жаңа бағдарламалар қолданылған сайын мұғалімнің рөлі,жауапкершілігі артып,мұғалім өзі-өзі жан-жақты кемелденген тұлға ретінде көрсете білу қажеттігін сезінеді.

Әл-Фараби : «Ұстаз- жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген,көрген,естіген,аңғарған нәрселердің бәрін жадына жақсы сақтайтын ,еш нәрсені ұмытпайтын алғыр да,аңғарымпаз ақыл иесі,мейілінше шешен , білімге құштар,аса қанағатшыл жан, асқақ және ар-намысын ардақтайтын,әділ-адал,жұрттың бәріне жақсылықпен,игілік көрсететін,қорқыныш және жасқану дегенді білмейтін,батыр адам» деген екен .Мұғалім- оқушының айнасы.Олай болса ,мұғалім-тек оқушының айнасы ғана емес ,халықтың айнасы болумен бірге терең білімді,жоғары мәдениетті, зиялылардың зиялылысы. Оқушылар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушы болып табылады.Сондықтан мұғалім білімнің оқушыға қалай керектігін үйрету,диалог арқылы оқыту, оқуды қалай үйреніп жүрмін, тәрбием қандай деп өзіне-өзі сын көзбен қарауға дағдыландыру сияқты үлкен жауапкершілікті күннен-күнге күшейту үстінде.

Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың тағдыры келешекте мектептің қандай болып құрылуына барып тіреледі ,мектебімізді таза, берік һәм өз жадымызға үйлесетін негізінде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбайық серттесуге болады» деген  екен.Олай болса, мұғалімнің  өзі жан-жақты терең білімді, адами жақсы қасиеттердің барлығын өз бойына сіңірген,адал,әділетті, мектеп ұжымы ортасында және жұртшылық арасында бет-беделді,абыройлы болу керек.Ата-аналар арасында құрметті, өз  мамандығын жетік білетін ,жаңашыл, ізденімпаз, кемел  тәрбиелі  тұлға болу шарт.Оқушыларға білім беру барысында білім -тәрбиені жүйелі түрде қалыптастыру,оқушылар арасында  «әттең осы мұғалімдей адам болсам» деген ынта  тудыру қажет.Жан-жақты жақсы ұстаздың үлгісі оның  оқытып , тәрбиелеген  оқушыларының жанында мәңгі сақталуы сондықтан.Мұғалім білім беру  барысында  оқушылармен жалпылай,топпен және  жеке жұмыс жасайды. Білім беру барысында өте жақсы  оқитын немесе бағдарламаны толық игерген оқушылармен жұмыс істеу  және бағдарламаны толық игере алмаған  оқушылармен жекелей  жұмыс істеу арқылы білім бағдарламасын  әрбір оқушы  игере алатындай дәрежеге жеткізді.Оқушылардың сыни тұрғыдан  ойлануын дамыту,ол білім алу барысында өзіне-өзі тақауыр қоя білетін,мен не үйрендім,қалай үйрендім, басқа оқушылармен  өз білімін салыстыра отырып, қорытынды жасай отырып ,оқушының білімге деген құштарлығын ,үйренем деген ынтасын дамыту кез-келген мұғалімнің басты мақсаты.Ал оқушы болса,білім беріп отырған мұғалімнің оқушыларға берген білімі мен сабақта қолданған  тиімді әдіс-тәсілдері арқылы  қандай нәтижеге жетті және т.б.  мәселелер төңірегінде мұғаліммен бірге жұмыла жұмыс жасап үйренуі керек.Ал ұстаз болса,білім беруге пайдаланылатын технология түрлерінің тиімді ерекшелігін ескере отырып ,білім бере алдым ба?жоқ па? деп ойлануы қажет.Сабақ барысында оқушылармен жекелей және топқа бөлу арқылы  қандай табысқа жеттім,оқушыды  өз бетінше білім алуға үйреттім бе?деген сияқты өзекті мәселерге сыни тұрғыдан қорытынды жасап,келесі сабақта кемшілікті қайталамауға машықтану  керек.

Ахмет Байтұрсынов : «Мектептің жаны- мұғалім,мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы,яғни мұғалім білімді болса,ол мектепте балалар көбірек білім алып шықпақшы.Олай болған соң ,ең әуелі мектепке керегі білімді де әдістемелерді жақсы меңгерген қадрлар,жақсы оқыта білетін мұғалім қажет»деген екен. Олай болса, мұғалім  оқушы үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі,білім –тәжірибенің айнасы,жан-жақты кемелденген  тұлға болуы шарт.Мұғалім оқушының білімін бағалағанда өте адал шындықпен  бағалау оқушының тәрбиесіне де біліміне де жақсы жағынан әсер ететінін жақсы түсінеді.Оқушының білімді үйренуге  құштарлығын арттырады.Ал мұғалім білім  беру барысында қандай табыстарға жеткендігін,қандай кемшілік жасағанын қорытындылап,өз жұмысына сыни тұрғыдан  қарайды.Оқушыларға білім беру барысында оларды топқа бөліп ,әрбір  топқа білім бағдарламасы бойынша  тапсырмалар беріп,өз беттерімен  алға қойған проблеманы шешуге басшылық , жетекшілік жасайды. Сол сабақтың мазмұнынан түйіндейтін негізгі қорытындыны топ мүшелері өзара ақылдасу,пікірталас,сыни көзқараспен қорытынды жасау арқылы мақсатқа жетеді.Әрбір топ  өз жұмыстарына қорытынды шығарып,сол сабақтың соңында шешуге тиісті проблеманы толық  анықтап, барлық  оқушы өтілген  сабақтың негізгі мазмұны туралы толық білім алғандығын  қорытындылайды.Топпен жұмыс жасағанда соңғы зерттеу жұмыстары формотивті бағалау үрдісінің  дамуы мен оны білім беру мен алуда қолдану мүмкіндігіне серпін беретін  мүмкіндік туғызады.Мұғалім мен оқушылар үшін қандай мақсатқа жетуді көздегенін ол үшін білім беру барысында қандай тиімді жұмыстар атқарылғанын білу маңызды.Мұғалім беру барысында талантты да қабілетті оқушыларды тауып,оларды білім беру барысында үздіксіз дамытып отырады.Талантты да қабілетті оқушыларды үздіксіз дайындау және дамыту арқылы оларды ынталандырып, мектеп- аралық,ауданаралық және облыстар арасында тіпті халықаралық сайыстарға қатыстыру арқылы оқушының білім көкжиегін кеңейтіп, білімге деген құштарлығын арттырып,болашақ ғылымдарының ең алғашқы мүмкіндігіне көтерілуіне жағдай жасау болып табылады.Дарынды да талантты  балаларды оқыту,дамыту үшін инклюзивті тәсілдерді пайдалану қажет.Оқушыларға білім беру  барысында оқушының  жас ерекшелігіне байланысты білім беру және оқытуды  естен шығармаған дұрыс.Сонымен бірге  әрбір оқушының  мінез- құлқы,ойлау қабілеті,ішкі түйсігі,қоғамдық ортада өзін қалай сезінетіндігі, оқушының отбасындағы жағдайы,тұрмыс- тіршілігі,таланты,икемділігі тағы басқа ерекшелігі білім беру барысында ескерлуі тиіс, осының бәрі оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады.Мұғалімнің негізгі міндеті оқушыларға білім берумен бірге  олардың үздіксіз  дамуын қанағаттандыру болып табылады.Сондықтан мұғалім білім беру мен оқытудың жаңа тәсілдерін  өзі үздіксіз үйренумен бірге сабақ беру  барысында қолданып отырса, нәтижеге жетері ақиқат.Аталған білім берудің кез-келген жүйесіндегі тұрақты даму мен  өзгерістердің нақты  сыныптардағы мұғалімдердің  тәжірибесі мен түсінігіндегі өзгерістерден басталуы қажет.Білім мен тәрбие егіз ұғым екенін еш уақытта ұмытпаумыз керек.Тәрбиесіз берілген білім – соқыр деген ұлағатты  идеяны еске алсақ, оқушыға білім беру барысында тәрбие мәселесін де  қатар дамыту керек.Мұхтар Әуезов : «Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» деген екен.Осы тұрғыдан  алсақ ,мұғалім-оқушыны Отанын шын жүрегімен сүйетін,табиғатты аялап қорғайтын,үлкенді сыйлайтын,кішіге қамқорлық көрсететін,ұлтын,тілін,дінін,ділін құрметтейтін ұлы Абай Құнанбаев айтпақшы «жақсыдан үйренетін,жаманнан жиренетін» тәрбие қалыптасқан оқушының білімге деген құштарлығы,ынтасы артып, жан-жақты терең сапалы білім алуы сөзсіз.Оқушыларға білім беру,бағалау, бағдарламаны іске асыру, нәтижеге жету мұғалімдердің бастамасына негізделеді, көшбасшылық бағдарламаның негізі мұғалім енгізетін өзгерістер  тарапынан қарастырылуы қажет.Мұғалім оқушыларға білім беру,оқушыларды жан-жақты терең білімді тұлға ретінде үздіксіз дамыту,оқушы қауымын  өз бетімен білім алуға ынталандыру,білім көкжиегіне батылдықпен түсінген  түрде өз бетімен атсалысу мұғалімнің көшбасшылық тәжірибесіне тікелей байланысты. Мұғалім оқушыларға білім беру барысында өзіне сыни тұрғыдан бақылау жасау,сыни тұрғыдан ойлана білу,сыни тұрғыдан  ойлауға мүмкіндік беру керек.К.Д.Ушинский : «Халықтық тәрбиенің нәтижесінен тыс жерде педагогика да жоқ,педагог та жоқ»дегендей білім, тәрбиені ұштастырумен бірге  дәстүрлі сабақпен қазіргі жаңа идея,жаңа тәсілді ұштастыра отырып  оқушыларға жан-жақты терең білім беру арқылы болашақтың білімпаздарын дайындауға болатын  сияқты.Француз педагогы Жан Жак Руссо : «Бала туғанда ақ қағаздай болып туады.Оның үстіне шимақты қалай салсаң,қағаз бетіне солай түседі.Бала тәрбиесінде сол сияқты,өзін қалай тәрбиелесең, ол да солай тәрбиеленеді»дегендей екен.Олай болса, мұғалім оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі болуға тиіс.Бағдарламаның негізгі міндеті- мұғалімдерге педагогикалық тәжиребесін жетілдіру,үнемі оқып үйрену,іздену,талпыну,өзіне-өзі сыни тұрғыда қарап, қорытынды жасау,оқушыларды жан-жақты терең білімді болдыруға ынталандыру,өз бетімен білім алуға  ынталандыру,оқушының дарынын үздіксіз жетілдіру, оқушылардың сапалы білім алуына көшбасшылық міндет атқару , білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді тиімді пайдалану,сыни тұрғыда  ойлануға үйрету,білім беру барысында оқуды әділ бағалау,ақпараттық- коммуникациялық технологияларды  тиімді пайдалану,талантты және дарынды балармен жүйелі түрде үздіксіз жұмыс жамсау арқылы оларды дамыту.Және де оқушылардың жас ерекшеліктеріне,мінез- құлқына,ішкі түйсігіне,ортамен қарым-қатынасына,ата-анасына,отбасындағы тәрбиесіне,қоршаған ортаға әсерін тигізеді.Мұғалім сапалы білім беру барысында өзі көшбасшылық міндетерін қалай орындап жүргендігі,дәстүрлі және қазіргі сабақ беру тәсілдерін қалай тиімді,нәтижелі игергендігі бағдарламаның негізгі бағыты болып табылады.Сондықтан жеті модуль идеяларын оқушыларға білім беру барысында мұғалім өз жұмысына іскерлікпен жүзеге асыруға үздіксіз  талпыныс жасаса,мұғалім өзі үнемі оқыса, ізденсе нәтижелі табысқа қол жеткізеді.Менің ойымша ,мұғалім өзінің сыртқы көрінісі,ішкі ой- сезімінің тазалығы,ақылдылығы,парасаттылығы,жан-жақты терең білімділігі,мәдениеттілігі,жүріс-тұрысы,шешендігі,сөйлеу мәнері,адаммен қатынасу мәдениетін толық игерген,бойына сіңірген, кемелденген тұлға болу шарт.Осы қасиеттерді өз бойына сіңірген мұғалім ғана нәтижеге қол жеткізе алары сөзсіз!

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *