Сабақ “Өсімдікке ауа, жылу және жарық керек”


Жамбыл облысы,Т.Рысқұлов ауданы,
Р.Сабденов ауылы,
Ақбұлақ шағын орталықты орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 
Құрымбаева Эльмира Кеңесбековна

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: Өсімдікке қажет жағдайлардың ішінде ауа мен жылудың алатын орны ерекше. Өсімдікке қажет жағдайдың бірі болмаса, өсімдіктің өсу маңыздылығын ұғындыру.

 

Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, танымдық белсенділігін арттыру, өздіктермен жұмыс істеп қорытынды шығаруға машықтандыру.

 

Тәрбиелік: Оқушыларды байқағыштыққа, еңбексүйгіштікке бір – бірін құрметтеуге, жолдасының шешімін сыйлауға тәрбиелеу.

 

Сабықтың типі: жаңа сабақты меңгерту.

 

Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, топпен жұмыс.

 

Сабақтың түрі: аралас сабақ

 

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқыту

 

Көрнекілігі: суреттер, сызба, оқулық кесте.

 

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 

Сәлемдесу:   Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Сәлем бердім сіздерге

Құрметпенен біз.

 

– Балалар қазір қай сабақ?

Дүниетану сабағы.

– Дүниетану сабағында сендерге қандай білім беріледі?

Дүниетану сабағында қоршаған орта, табиғат туралы білеміз.

– Өте жақсы. Бүгін сендердің білімдеріңді байқау үшін сабаққа Қонақтар қатысып отыр. Өздеріңді еркін ұстап, саспай өз ойларыңды нақты жеткізулеріңді сұраймын. Сабағымыз сәтті болсын.

 

ІІ. Психологиялық дайындық.

Біздер тату баламыз

Күннен жылу аламыз

Тауға қарап есейіп

Сауық сайран саламыз!

 

І – топ: Ағаштар (емен, терек, қарағай)

ІІ – топ: Бұталар (таңқұрай, қарақат, итмұрын)

ІІІ – топ: Шөптесін (алабота, бақбан, жусан)

 

Олай болса, Ағаштар, Бұталар, Шөптесіндерді бір сөзбен не деп айтуға болады.

– Өсімдіктер

– Дұрыс

 

 

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

 

Су және топырақ. Үй тапсырмасын сұрақ – жауап арқылы пысықтау. Әр топқа 3 сұрақтан беру.

1. Өсімдіктің өсуі үшін не керек? (Топырақ)

2. Топырақтың құрамын ата. (Ауа, су, саз, құм, шірінді)

3. Қандай топырақта өсімдіктер жақсы өседі? (Құнарлы топырақта жақсы өседі)

4. Құнарлы топырақ деген не? (құрамында шіріндісі мол топырақ)

5. Шірінді қайдан пайда болады? (Түскен жапырақты жинап топыраққа көміп шірітеді)

6. Өсімдік өсуге жарамайтын топырақ қалай аталады? (құнарсыз)

7. Құнарлы топырақтың құнарлылығын арттыру үшін не істейді? (Тыңайтады)

8. Тыңайту деген не? (Тыңайту дегеніміз – өсімдікке керекті қөректік заттарды топыраққа қосымша араластыру)

9. Тыңайтқыштарға не жатады? (Құстардың саңғырығы, көң т.б.)

 

IV. Үй тапсырмасын қорытындылау.

Новый рисунок (13)

Яғни, өсімдіктің ең маңызды тіршілік көзі – топырақ болып табылады. Өсімдік қоректік заттарды топырақтан алады, сонымен топырақ – тіршілік белгісі.

Балалар, Гүл алаңына қарайық

Күлтелеріндегі сөздерді дұрыстап

Жасырын сөзді табайық.

 

V. Дәптермен жұмыс.

Өсімдікке: ауа, су, жарық қорек, жылу.

 

VІ. Мағынаны ашу.

Бүгінгі сабағымызда өсімдікке ауа, су және жарық керек тақырыбын оқи отырып, білімді тереңдетеміз.

 

Кітаппен жұмыс. 69 бет.

– Мұғалімнің оқу.

– Тізбектей оқыту

– Суретпен жұмыс

 

VІІ. Сергіту сәті.

Дауыл тұрды, жел соқты

Жаңбыр жауды найзағай соқты

Күн ашылды, сабақ басталды

 

Көктем                                                                     Жаз

Күн сәулесі жер бетін жылытады                          Күн сәулесі жерді

Бұл мезгілде өсімдік                                                Көбітек қыздырады

Тіршілігі басталады.                                                Жемістер пісіп жетіледі

 

Күз                                                                            Қыс

Күн сәулесінің жылуы азаяды                               Күн суытады

Өсімдіктердің қоректеруі баяулап                         Өсімдіктердің өсу мерзімі тоқтайды

Жапырақтары түседі                                               Сарғайып түседі

 

 

VІІ. Сабақты қорытындылау.

1) «Өсімдік тіршілігі» атты сызба құрастыру

 

Новый рисунок (12)

 

2) Сәйкестендіру тесті ашу.

 

І нұсқа.

1. Өсімдіктер немен тыныс алады. (ауа)

2. Өсімдіктің тыныс алатын және суды буландыратын мүшесін ата. (жапырақ)

3. Күн бізге не береді. (жарық)

 

ІІ нұсқа.

1. Қандай топырақта өсімдік жақсы өседі? (құнарлы)

2. Өсімдіктің алатын және суды буландыратын мүшесін ата. (жапырақ)

3. Күн бізге не берді? (жарық)

 

Өлең шумағы, жұмбақ, мақал – мәтелдер.

 

Күн – ана                                                                 Жер – ана

Әлемге қуатты                                                         Аялар анамыз

Сәуле мен шуақты                                                  Саялар панамыз

Алып күн беріп тұр                                                Құлпырған тірлікпен

Жарық күн – көрік, нұр.                                         Жер құтты гүл біткен

 

Су – ана                                                                   Ауа – ана

Өңірдің өзені                                                           Жер шары – дәу әлем

Өмірдің өшегі                                                          Қоршаулы ауамен

Сусыз жер – өмірсіз                                                Ауасыз кім шығар?

Нусыз өр, өңір түз.                                                  Ауасыз тұншығар.

 

Жұмбақ:

Көктемде көгереді

Жазда жайқалады

Күзде сарғаяды

Қыста томарланады. (өсімдік)

 

Қиналмай тауларды орманды

Теңізді дария топтарды

Ауылды, қаланы халықты

Ойлап тап көтерген алыпты. (жер)

 

 

Мақал – мәтел:

Бір тал кессең, он тал ек.

 

Адам көркі – шүберек,

Ағаш көркі – жапырақ.

 

Тоқылдақ. Қыс бойы ағаш діңінде тығылған құрттарды тұмсығымен теріп жейді. Ол ағаш діңін аршыған кезінде құрттардың біразы жерге түседі. Қар бетіне түскен құрттармен шымшық, торғайлар қоректенеді. Орманнан тоқылдақтың «тақ – тақ» деген дыбысынан жиі естуге болады.

 

Аю. Қысқы ұйқыға кетеді. Ол жаз бойы табанына жинаған майын жалап жатады. Ұйықтап жатып балалай береді, балалар өздері анасын сүтімен қоректенеді.

 

Қасқыр, түлкі. Жыртқыш аңдар. Олар өздерінен әлсіз жануарларды ұстап қоректенеді.

 

Сұр қоян. Қыста түсін өзгертеді. Аппақ қоян болып ағаш бұтақтарын кеміріп күнелтеді.

 

ІХ. Үйге тапсырма: 69 – 70 бет оқу.

 

Х. Бағалау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *