Сауат ашу пәнінен ашық сабақ “Яя және Юю әріптері мен дыбыстарын қайталау ” 1 «А» сынып

Ескендирова Гульден Галимжановна Бастауыш сынып мұғалімі

Новоселов орта мектебі КММ

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан

Солтүстік Қазақстан облысы.

Презентацияны көшіру

Сабақ тақырыбы: Яя және Юю әріптері мен дыбыстарын қайталау
Жалпы мақсаты Өтілген дыбыс пен әріптерді меңгеру деңгейлерін анықтау. Жазу қабілеттерінің барысын бағдарлау.
• Ақпараттық технология негіздерімен жұмыс істеу арқылы, өзіндік қабілетті ұштау, шығармашылыққа баулу.
Күтілетін нәтиже ·        Я және ю әріптері мен дыбыстар жайында түсініктері артып, я,ю дыбысы бар сөздерді дұрыс және мәнерлеп оқуға үйрене бастайды.

·        Сурет бойынша жұмыс жүргізу арқылы сөздік қорлары молаяды.

·        Сөздерді оқып ,дыбыстарға талдау жүргізіп,сөйлем құрай білуге дағдыланады.

·        Топтық жұмыс арқылы бірігіп  жұмыс  істеу, бірінің  пікіріне бірі зер салып тыңдау мәдениеті қалыптаса бастайды.

Модульдер мен әдіс-тәсілдер: Сыни тұрғыдан ойлау, Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Жас ерекшеліктеріне сай оқу мен оқыту, Акт модульдерін енгізу.

диалог, СТО әдістері ой шақыру, ойындар, топтық жұмыстар,

Көрнекіліктер: Суреттер, кеспе әріптер, дәптер,түрлі-түсті стикерлер
Ресурс: интернет көзі, оқулық,
Бағалау түрі: «Жұлдызшалар» арқылы және мадақтау-ынталандыру арқылы формативті бағалау
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Балалар, бүгін бізде мұғалімдер қонаққа келіп отыр. Ол кісілер сендердің осы уақытқа дейін алған білімдеріңді байқамақшы. Сондықтан, оқушы ережесіне сай отырып, бар білгенімізді, үйренгенімізді ортаға салайық.
– Алдымен, «Шаттық шеңберін» құрып алайық, ортаға шығамыз. «Армысың досым» слайд 1,2
Орнымыздан  тұрып  щеңберге тұрып тренинг   орындау.
ІІ.топқа бөліну. 2 топқа бөлінеді. Сауат ашу пәнінің ұранын қайталау.

Бүгін біз сабақта: я және ю әріптерін   қайталаймыз.слайд 3.

Сабақ мақсатымен таныстырады.

слайд 4

 
ІІІ.   Өткенді еске түсіру, жан-жақты білімін пысықтау 1. Әріп дегеніміз не?
(Әріпті жазамыз және көреміз)
2. Әріптің қандай түрлері бар?
(баспа, жазба және бас әріп, кіші әріп)
3. Дыбыс дегеніміз не?
(Дыбысты естиміз және айтамыз) слайд 5
4. Дыбыстарды нешеге бөлеміз?
(Екіге бөлеміз. Дауысты және дауыссыз дыбыстар)
5. Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
(Екіге. Жуан және жіңішке) формативті бағалау түрі ынталандыру – мадақтау.
Оқушылардың жауаптары.
IV. жаңа сабақ

«Ой шақыру»

 

Бүгінгі сабақ ерекше – ертегі сабақ. Слайд 6.

Қай ертегі деп ойлайсыңдар? Ендеше «Бауырсақ» ертегісін есімізге түсірейік те тапсырмаларды орындайық слайд 7

Оқушылар естеріне түсіріп ертегіні айтады
«Қай топ жылдам» ойыны.

 

Бауырсаққа көмектесу үшін Қоянның тапсырмасын орындайық . слайд 8,9

1. Ойын «Не артық»

2.Ойын «Орнын тап » Топтарға парақ таратылады. Я,ю әрпі бар сөздердің суреттері. Сөздер суреттердің астына орналастырады.Топ оқушылары бірлесіп орындайды. І топ «я» әрпінен басталған ІІ топ «ю» әрпінен басталған. Формативті бағалау. «Жұлдызша»

Іс-әрекетке қатысу, оқу есте сақтау тыңдау   1 минут уақыт беріледі. Әр сөздерін тақтаға іліп оқиды. Қай топ көп сөз жазғаны анықталады.
Музыкалық сергіту сәті «Көңілді күн» Қасқырдың тапсырмасын орындап, Бауырсақты құтқарайық. Ф.б: Мадақтау.

слайд 10

қимыл-қозғалыс жасайды.
Аюдың тапсырмасы: сөздерді буынға бөліп, мәнерлеп оқу сайысы. Үлестірмелі қима қағаздардағы сөздерді оқып, буынға бөлу. аяқ, таяқ, қоян, қияр, пияз, аяз, дария, ұя,баяу,шаян, тақия,сая,аю,ою, қою,құю,есею,азаю,үлкею,көбею оқу. слайд 11 формативті бағалау. «Жұлдызша» Оқушылар сөздерді буындап, мәнерлеп оқиды.
 Дәптермен жұмыс:  Түлкінің тапсырмасы:

1- тапсырма: «Сауатты жазу» ойыны сөздік диктант.

2-тапсырма: ауызша тапсырма «Адасқан әріптер» ойыны л,ұ,у.   с,т,і. ү, г,л. ө,з,к.   н, и, е. ж,е,ә.

топтар жарысады. Слайд 12, 13 формативті бағалау. «Жұлдызша»

Диктант дәптеріне сөздерді көркем жазады.

 

Шашылған әріптерден сөз құрайды: ұлу, тіс, гүл, көз, ине, әже.

Қорытындылау: Балалар, Жарайсыңдар! Бауырсақ та сендерге риза болды.

Бәрің де жақсы жұмыс істедіңдер. (мадақтау)

 

Рефлексия

– Не үйрендің; не білдің?

o        Бүгінгі сабақ ұнады ма?

o        Қай тапсырма қызықты болды? Слайд 14

Оқушылар таңдаған смайликтерге стикер жапсырады.

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.