Жаңа технологиялардың пайдасы


11 жалпы орта білім беретін мектеп 

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің əдіскері

Ертаева Балдырган Бегайдаровна

Қазақстан Республикасының «Білім және ғылым туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты¬¬¬ – міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; … оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру»- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпарттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады.
«Активті экран» кешені білім үдерісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбепап интерактивтік жүйе болып табылады. Бағдарламалық-техникалық кешенді дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін арттырып, өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамассыз ете алатыны белгілі болатын.
Бағдарламаның-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиалық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқытуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады.
Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенінің 20%-ын есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видео ақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% -ға дейін арттырады.
Қазіргі заман мұғалімінен тек пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық- психологиялық сауаттылық талап етілуде. Ол заман ағымына сәйкес білім беруде жаңалыққа жаңы құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғарғы жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.
Оқытудың әр сатысында компьютерлік тестер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу мәтіндері түрінді, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электронды оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін-өзі тексеру жүйесі.
Компьютерлер мен интерактивті тақтаны оқушылардың тілдік құзіреттілігін, шығармашылық потенциалын дамыту құралы ретінде пайдалану интеллектуалдық, эстетикалық және ақпараттық сауаттылығын арттыруға көмектеседі.
Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу-тәрбие процесін тиісті деңгейге жеткізу, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *