Сабақ “Word Pad мәтіндік редакторымен жұмыс”


Сулыкова Мөлдір Мауленовна
Информатика пәні мұғалімі 
Алматы облысы  Жамбыл ауданы  Еңбекшіарал ауылындағы орта мектеп

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Word Pad мәтіндік редакторымен

таныстыру.

Білімділік: Оқушыларға MS Word мәтіндік редакторы, оны іске қосу

Word Pad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру,

мәтінмен жұмысқа дағдыландыру,

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикалық-абстракциясын

дамыту.

Тәрбиелік:    ,Оқушыларды тәрбиелікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа

үйрету;

 

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру
  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
  3. Жаңа материалды баяндау
  4. Тапсырмаларды орындау
  5. Сергіту кезеңі
  6. Жаңа сабақты бекіту, қорытындылау
  7. Үйге тапсырма беру
  8. Бағалау

Үй тапсырмасын тексеру.

Сонымен балалар өткен соңғы тарауымыз Paint графикалық редакторы болды. Paint графикалық редакторы жөнінде кім не біледі екен?

Новый рисунок (11)

Жаңа сабақты түсіндіру.

       Мәтіндік процессор-бұл тек қана мәтінді енгізу мен түзету ғана емес, сонымен қатар оны пішімдеу құралдары бар бағдарламалар класы. Сонымен қатар пішмдеу қағаз бен экранға шығаруды басқаратын көрінбейтін кодтарды енгізу жолымен іске асады. WordPad мәтінді пішімдеудің минималды мүмкіндігі бар қарапайым мәтіндік процессор болып табылады. Жай құжаттарды дайындау үшін және мәтіндік файлдарды бір пішімнен басқа пішімге өзгерту үшін пайдаланылады. Тек осы редактор ғана DOS-ОЖ-да жасалған орыс мәтінін оқуға мүмкіндік береді.

20

WORDPAD МӘТІНДІК РЕДАКТОРЫ.

Казіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтінді дайындауда кеңінен пайдаланылады.

Пуск => Программы => Стандартные => WordPad ( Жіберу => Бағдарламалар =>Стандартты => WordPad). Редакторды іске қосқаннан кейін экранға Word Pad мәтіндік редакторынын терезесі шығады. Терезе келесі элементтерден тұрады: тақырып жолы, меню жолы, құрал-саймандар тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс аймағы.

Новый рисунок (15)Новый рисунок (14)

Компьютермен жұмыс.

Карточкамен тапсырмалар тарату

  1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.

2.Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын қалың жазумен ауыстыр.

  1. Тақпақтың әр жолындағы бірінші сөздің түсін ауыстыр.

 

 

№2

  1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
  2. Таулардан өзен ағар сарқыраған,

Айнадай сәуле беріп жарқыраған.

Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта,

Аралап тау мен тасты арқыраған   өлеңін теріп, тақпақтың   жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.

  1. Өлеңді сақтап, файлдың атын сақта.

 

 

№3

  1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
  2. Ер қанаты – ат,

Сөз қанаты – хат.

Мақал – мәтелін теріп, тақпақтың   жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.

  1. Мақал – мәтелді жаттап алып, мәтінді қызыл түске ауыстыр.

 

 

 

№4

  1. WordPad мәтіндік редакторын ашып,   кез келген тақырыпта шығарма жаз.
  2. Жазған шығарманы ерекшелеп, оны   астын сызып жазуға ауыстыр.
  3. Шығарма соңына өзіңнің аты-жөніңді жаз. Содан соң аты-жөніңді курсивті жазумен ауыстыр.

 

№5

  1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
  2. Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң әрқашан,

Сен де бір кірпіш дүниеде,

Тетігін тап та бар қалан.

өлеңін теріп, тақпақтың   жолдарының   қаріптерінің 20   өлшемге ауыстыр.

  1. Өлеңді сақтап, файлдың атын «А. Құнанбаев» деп сақта.

 

 

№6

  1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
  2. Мәтінді тер, бірінші жолды бас   әріппен және өлшемі 18-қаріппен, ал қалған мәтінді өлшемі 14-қаріппен теріңдер.

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау

Сендердің жұмыс орындарыңда компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор, тышқан. Жұмыс кезінде монитордың сәулелік түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді. Аппаратураны, кабельдерді және мониторды дұрыс пайдаланбаса, электр тоғы   соғып кетіп, ауыр жарақаттануға   немесе аппаратураны күйдіріп алуға болады.

  1. «Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау» жолын белгілеп, Қалың қаріп режимін қосыңдар.

 

 

 

№7

  1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
  2. Мәтінді тер. Бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен, ал қалған мәтінді өлшемі 14-қаріппен теріңдер.

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау

Жұмыс кезінде:

1)аппаратуралардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңдар, егер аппаратураның дұрыс істемей тұрғанын сезсеңдер немесе онда өзгеше дыбыс пайда болса, сондай-ақ пернетақта өз бетімен өшіп қалса, дереу жұмысты тоқтатыңдар. Техниканың ақауы жөнінде оқытушыға хабарлаңдар;

2)пернелерді қатты тақылдатпай жай басыңдар;

3)пернетақтада жұмыс істегенде қолдарың таза болсын;

4)аппаратураның ақауын ешқашан өз беттеріңмен жөндеуге ұмтылмаңдар.

  1. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауында «Жұмыс кезінде» сөзін белгілеп, қалың қаріппен және астын сызу режиміне   ауыстырыңдар.

 

 

№8

  1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.

2         Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау

Сендердің жұмыс орындарыңда компьютердің құрамдас бөліктері орналасқан: жүйелік блок, пернетақта, монитор, тышқан. Жұмыс кезінде монитордың сәулелік түтігі жоғары кернеуде жұмыс істейді. Аппаратураны, кабельдерді және мониторды дұрыс пайдаланбаса, электр тоғы   соғып кетіп, ауыр жарақаттануға   немесе аппаратураны күйдіріп алуға болады.

  1. «Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау» жолын белгілеп, оның түсін қызылға аустырыңдар, Қалың қаріп және астын сызу   режимін қосыңдар.

Тест тапсырмалары

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *