Сабақ « Металдар құпиясы»


Қызылорда қаласы.  Қызылорда  құрылыс  және  бизнес  колледжі

Арнаулы пән оқытушысы:  Мауленова  Батес

Сабақтың тақырыбы:  «Металдар  құпиясы»

Сабақтың мақсаты: Білімгерлердің  арнаулы  пән, материалтану сабағы бойынша  алған білімдерін  тексеру, белсенділігін, қызығушылығын  арттыру.

Оқу тәрбиелік мақсаты:

1.        Білімділік: Сайыс барысында оқушылардың химиялық терминдерді қолдануын, сауаттылығын қалыптастыру.

2.        Тәрбиелік:  Білімгерлердің пәнге деген қызығушылығын арттыру. Логикалық терең ойлауға, адамгершілікке, шапшаңдыққа, тез шешім қабылдауға  үйрету.

3.        Дамытушылық: Ойлау қабілетін, танымын дамыту.

Сабақтың көрнекілігі:   Слайд, демонстрациялық  құралдар,  плакат,  смайликтер.

Сабақтың түрі:  Сайыс сабақ.

Пәнаралық байланыс:  Материалтану,  химия,  физика.

Сабақтың  барысы :

1.     Ұйымдастыру  кезеңі

Оқушылардың  сабаққа  қатысуын  тексеру.                                                                    Сабақ  тақырыбы мен  мақсатын    хабарлау.                                         Оқушылардың  сабаққа  дайындықтарын  қадағалау.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді:  әр топтың  аттары, капитан  командасы:

І топ            «Болат»

ІІ топ          «Шойын»

Сайыс сабағымыз 6 бөлімнен тұрады:

1.     «Ой  қозғау»  сұрақ –  жауап.

2.     «Сөзжұмбақ»

3.     «Металдар  құпиясы»

4.      Жұмбақтар.

5.      Мақал-мәтелдер.

6.      Тест  жұмысы.

 

І. Сайыс. «Ой  қозғау» сұраққа жауап беру, әр топқа қойылады, егер білмесе басқа топ жауап берулеріне болады.

1.     Өнеркәсіптің  негізгі  металы?   – темір

2.     Металдардың  кернеу  қатарын  кім  жасады?    – Н.Н.Бекетов

3.     Тайқазан  7 металдан  құйылған  ол  қандай  металдар?                              -темір,  мырыш, қалайы,  қорғасын, мыс, күміс, алтын.

4.     Алғашқы  көмекке  пайдаланатын  бейметалл?   -йод

5.     Ең  қатты  металл?  – вольфрам

6.     Шаршамайтын  металл?  -берилий

7.     Азотты  ашқан  ағылшын  ғалымы?  Резерфорд . 1772ж

8.     Қай  элементтің  таңбасы  айдаһар  бейнесіне  ұқсайды?  -күкірт

9.     Ең  жеңіл  металл?  – литий

10.                        Ең  тез  балқитын  металл?  -цезий

11.                        Ең  ауыр  металл?  осмий

12.                       Ауада  жанатын  сілтілік  металл?  -цезий

13.                       Тыңайтқыш  ретінде  қолданылатын  сілтілік  металл?  -калий

14.                       V топтың  металл  элементі?  -висмут

15.                        Металлургияны  грек  тілінен  қазақшаға  аударғанда?                                       -металдарда  өңдеу

16.                        Оңай  балқитын  металдар?  -қалайы, қорғасын мырыш.

Новый рисунок (16)

 

III.«Металдар  құпиясы»

Қазақ халқы сан ғасырлар бойы бастан кешкенін үлкен тәжірибе ретінде жинақтап , оны күнделікті өмірде , тұрмыста тиімді пайдалана білген. Ата – бабаларымыз ертеден металдарды қорытып, қоспалар дайындап, сабын жасап, күнделікті өмірде , т.б. химиялық үрдістерді қолдана білген. Қазақ халқы металдарды өңдеу тәсілдерін жақсы білген,қақтап ,созып, зер салып әшекейлеп,қалыпқа құйып, салмақты үлкен бұйымдар жасаған.Халық шеберлері әр металдың физикалық қасиеттерін – иілгіштігін, балқыту температураларын оңай қолдана білген.Жиі қолданылған металдар: алтын, күміс, мыс, қорғасын. Қамшының сабына дейін алтын, күміспен әшекейлеген. Одан халқымыздың сал-серілігін көруге болады. Ертеде белдік, ілгек-қапсырма, білезік, жүзік салмайтын қыз-келіншек сирек кездескен. Әсіресе, күмістен жасалған бұйымдарға үлкен мән беріп, емдік қасиетін білген.

Ескендір Зұлқарнайын бүкіл дүние жүзін жаулап алмақ болып, қаншама әскері іш ауруынан қырылады. Сонда офицерлер ғана тірі қалады. Өйткені, жауынгерлердің тамақ ішкен ыдысы қалайы да, ал офицерлер күмістен жасалған ыдыспен тамақ ішкен. Күмістің ерекшелігі – судағы бактерияларды қырады, сөйтіп офицерлер тірі қалған. Қазақтар да күмістің бұл қасиетін біліп, қыз – келіншектердің күмістен жасалған әшекейлер тағуын қадағалаған және күміс бұйымдарын ішетін суға салып қоятын болған. Әшекей бұйымдарын жасауда алтын кеңінен қолданылған және алтын байлықты көрсеткен. Кеңінен қолданылған металдардың бірі – қорғасын.Балалар асық ойнағанда, сақа ауыр болуы үшін балқытып қорғасын құйған. Металдар адамзат қоғамына ерте заманнан белгілі. Өркениетті өндірістің дамуына сәйкес және адамдардың металдарды игеруі мен қолданылуына орай тарихта бүтіндей металл дәуірлерінің аты қалды. Геология мен металлургияның негізін салған, белгілі  металдарды зерттеуші Георгий Агрикола  XVI  ғасырда былай деп жазды: «Адамдар металдарсыз өмір сүре алмайды …егер металдар болмаса, адамдар жабайы аңдардың арасында ең аянышты өмір сүрген болар еді.» Периодтық жүйеде 90 – нан астам әр түрлі металл бар. Өнеркәсіпте көбінесе таза металдарды емес, олардың қоспаларын – құймаларды қолданады. Құймада бір құрауыштың қасиеттерін екінші құрауыштың қасиеттері жақсы толтырады. Мысалы, мыс жұмсақ металл және конструкциялық металл ретінде ыңғайсыз, ал мыс пен мырыш құймасының (жез) қаттылығы жеткілікті және машина жасауда кең қолданылады. Алюминий жақсы иіледі және жеңіл . Алюминийден , негізінде, құрамында мыс, магний, және марганец бар дюралюмин (дюраль)  құймасын алады.

Әрі жеңіл, әрі қатты дюралюмин авиация техникасында қолданылады. Темірдің көміртекпен құймалары (басқа металдар қосылған) – белгілі шойын мен болат береді..Бүгінгі күндері  таңғажайып қасиеттері бар синтетикалық заттардың сан алуан түрі өмірге келгеніне қарамастан, металдар осы заманға техникаға қажетті ең маңызды конструкциялық материал болып қалып отыр. Олар автомобильдердің, ұшақтардың, ракеталардың, станоктардың, өте дәл құралдардың және электрондық техниканың негізі болып саналады.Металдар-құрылыстың технологиялық конструкциялардың, химиялық реакторлардың, құбырлардың, мұнай өндіретін мұнаралардың ж\е  т.б. негізгі өзегі.Қазіргі кезде техникада 40-тан астам металдар кеңінен қолданылады.

 

IV. Сайыс. Жұмбақтар

 

1.Қымбат деп айтатындай емес алтын,

Сонда да тапты  игілік  одан  халқым.

Апарып  Айға  елімнің  туын тікті

Жемісін  ақыл-ойдың  елдің  салтын.
2.Қыздырып соқсаң иленеді,

Балға мен төстен именеді.
 

 

– темір

 

 

3. Кескен болам, кесілмейді

Кесілсе де бөлінбейді.                                             –сынап

4. Жазылуым  бойынша  оқысаң    элементпін,

Ал керісінше оқысаң, өткізгішпін.

Ойлаңдаршы сонда мен кіммін?                         Мыс – сым

V. Сайыс. Мақал-мәтелдер.

1.
Арыстанға … шынжыр ар емес
темір

2.
Ақыл – … сандық, адамына қарай ашылар
алтын

VI. Тест  жұмысы.

5. Сабақты бекіту.

Сұрақтарға жауап беру.

6. Сабақты қорытындылау.

Сабаққа  белсенді  қатысқан  оқушылар  бағаланады.

7. Үйге тапсырма.

1)  Бекіту  бұйымдары

2)  Конспекті  жазу

3 )  Реферат  жазу

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *