Ашық сабақ “Адам өміріне не қажет?”


Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Мұғалімнің Дәмелі Хабдиқызы

2 «А»сынып
Оқушының саны 8

Айдабол орта мектебі

 Дүниетану пәнінен қысқа мерзімді жоспар

1 сабақ Уақыты № 13 кабинет
Сабақтың тақырыбы Адам өміріне не қажет?
Сілтеме Дүниетану пәніне арналған әдістемелік нұсқауы
Жалпы мақсаты
«Отан» ұғымымен байланыстыра отырып,оқушының туған жерге деген ықылас сезімін ояту;адам тіршілігіне,өміріне қажетті табиғи жағдайлар ауа, су,жылу,жарық, тағам туралы түсінік беру.
Міндеттер 1. Оқушылардың қызығушылығын оятуда суреттермен жұмыс немесе сурет салғызу.
2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру
3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау
4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Күтілетін нәтиже Адам өміріне не қажет екенін біледі.
Ауаның,судың,жарықтың,тамақтың адам өміріне қажет екенін түсінеді.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1.Оқушылардың суретпен жұмыс істеу барысында тақырыпты меңгеріп шығуы
2.Мұғалімнің тапсырмаға бағыттап отыруы
3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының біліміне, білетініне, сүйену.
2. Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын,мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
3. СТО арқылы сұрақтарды толық шешуге итермелеу.
Тапсырмалар Адам өміріне қажеттілікке байланысты шығармашылық жұмыс сурет салу.

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалім немен айналысады және оқушылар немен айналысады. № 1 сабақ. Тақырыбы: Адам өміріне не қажет?
Ұйымдастыру кезеңі ( 5 мин)
Мұғалімінің іс әрекеті Оқушының іс¬әрекеті
Жер және Күн болып топтарға бөлу
Психологиялық тренинг « Амандасу»
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік,жарық,мейірімді
Болып кетер сонда дереу жан -жағым Оқушылар ортаға шығып бір¬бірімен Жер және Күн бойынша топ құрайды.
Қимылдар арқылы көрсетеді.
Ой қозғау ( 5 мин )
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
– Балалар, адам өміріне не қажет деп ойлайсыңдар? «Әрқайсыңа күнделікті өмірде бірдеңелер қажет.Ал солардың ішінде онсыз өмір сүруге болмайтын қажеттіліктер бар,сол туралы ойланып көрейікші» деп сұрақ қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын табамыз. Оқушылар сұраққа жауап беру үшін топпен ақылдасады.(су,тамақ,ауа,жарық,жылу)
Жаңа материалды түсіндіру ( 8 мин )
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
-Еліміздің қандай қазба байлықтарын білесіңдер?
-Біздің Отанымыз?
Адам тіршілігіне ең қажетті жағдайлар:су,тамақ,ауа,жарық,жылу.
Тілекке қатысты қажеттіліктер адам денсаулығын жақсартады, көңіл күйін көтереді,ойын дамытады. Оқушылар жауап береді.
(Алтын,мұнай,газ,көмір,темір),(Қазақстан Республикасы)

Мағынаны тану (10 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Топтар бойынша тапсырма
1- топ. Қажеттілік
2-топ. Тілек
Әр топ жеке, жұппен және топпен орындайды.
Әр топ жеке қорғайды Топтастыру топпен жасайды,топтың арасынан біреуі қорғайды.
Тілек
Қажеттілік

Сергіту сәті ( 3 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп кішкентай ағаштар
Үп -үлкен боп өседі Іс- қимылдар арқылы көрсетеді.
Шығармашылық жұмыс (5 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1- топ. Адамның өмірін қажеттіліксіз елестетіп көріңдерші?
2-топ. Алақай,алақай!
Күн шықты,күн шықты,
Жер үстіне нұр шықты.
Осы өлең шумағы сендерге қандай әсер береді? Оқушылар топпен ақылдасады, өз ойларын ортаға салады.
Бағалау (3 мин )
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Бақылайды, бағалайды. Алдарына берілген бағалау парақшасы бойынша,өздерін және өзара бірін –бірі бағалайды.
Оқушының аты-жөні Топта сөйлеп, идея айтқандығын бағала Белсенділігін бағала Мұғалімнің бағалауы

1
2

Оқушылардың алған әсерлері Оқушылар стикерлерге өтілген сабақтағы көңіл күйлерін жазып смайликтерге жапсырады
Үйге тапсырма ( 2 мин )
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мұғалімнің түсіндіруі Күнделікке жазады
Адам өміріне қажеттілікке байланысты шығармашылық жұмыс сурет салу.
Кері байланыс ( 4 мин )
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Мұғалім түсіндіреді
Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Адам өміріне не қажет деп ойлайсыңдар?
Оқушылар сұраққа ойланып жауап береді

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *