Ашық сабақ “Ғарыш әлеміндегі термодинамикалық жағдайлар ”  


Серікбаева Марьяна Тұрсынбайқызы, 

Алматы облысы Талғар қаласы Т.Рысқұлов атындағы №9 мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін орта мектептің жоғары санатты физика пәнінің мұғалімі

Сабақ жүргізетін мұғалімнің аты-жөні  Серікбаева Марьяна Тұрсынбайқызы 8 «б» сынып оқушылары

16 оқушы

Т.Рысқұлов атындағы №9 орта мектеп
Апта 14 Күні 11 желтоқсан
Сабақтың атауы Пәні: физика

Тақырыбы: Ғарыш әлеміндегі термодинамикалық жағдайлар

Сілтеме Б.М.Дүйсембаев, Г.Ж. Байжасарова, А.А.Медетбекова «Физика және астрономия» оқулық

МАН, Мерсер (2005), Александер (2008), ОүБ.

Слайдтар

Сабақ жоспары

Мультимедиа

Жалпы мақсаты Жылу  машиналарының жұмысы  және Айдағы, Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайлармен танысып,  мәлімет алады, тәжірибе жасау арқылы практикалық дағдылары қалыптасады.  Оқушыларды алғырлыққа, зеректікке баулу және жылу жылу машиналарының адамзат өмірінде атқаратын ролін ашып беру.
Оқушылар білуі қажет: Жылу берілу түрлері және жылуөткізгіштік дегеніміз не, не үшін қажет және қандай мақсатта қолданады
Күтілетін нәтиже  Жылу машиналары туралы біледі, тәжірибе арқылы іштен жанатын жылулық қозғалтқыштың жұмыс істеу  жолдарын анықтайды;

Жылу машиналарының  өмірдегі маңызын айтады, ерекшеліктерін түсінеді.

Орындаған тапсырмаларына қарап, салыстыра отырып ойланады;

Акт-ны пайдалана отырып шығармашылық жұмыс жасайды.

Жаңа сабақ бойынша оқушы қызығушылығы,ізденісі артады.

Сабақтың барысы

Тапсырмалар

1.     Ұйымдастыру кезеңі

2.     Үй тапсырмасы

3.     Жаңа тақырыпты тапсырма орындау барысында өздеріне меңгерту.

4.     Бес жол өлең стратегиясы арқылы

5.     Қорытынды «Блум таксономиясы» бойынша

6.     Бағалау бетшесі

7.     Рефлексия

8.     Үй тапсырмасы

Уақыты Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
2 минут

 

Ұйымдастыру

Сыныппен сәлемдесу.

Топқа бөлу

Сыныптың оқушыларын суреттер арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

 

 

Мұғаліммен сәлемдесу.

Оқушылар суреттер бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

Мақсатты жүзеге асыру барысында Блум жүйесінің 6 мақсатты категориялары алынды

 Новый рисунок (1)

 

Жаңа сабақ

1.     Түсіну.

 

Топқа берілген суреттер бойынша , кітаппен жұмыс

 

 

Топтар тапсырма бойынша:

1-топ мектеп жанындағы оқу комбинатынан жинаған мәліметтерін, 2-топ ПӘК есептер құрастырып келеді,3-топ табиғаттың экологиялық жағдайы жайлы

жасап келген слайдта орындап, қорғайды

  Жаңа сабақ тақырыбы: Ғарыш әлеміндегі термодинамикалық жағдайлар

Тақтадан көрсету, дәптерлеріне жазу, мұғалім слайдтар арқылы, электрондық оқулықтан салыстыра отырып түсіндіреді.

8 минут Қолдану

 

Айдағы , Шолпандағы және Марстағы термодинамикалық жағдайларды түсіндіру

Шамаларды пайдаланып есептер шығару

Топтағы оқушылар болған құбылысты  «Айналмалы бекет» ойыны арқылы түсіндіреді.
10 минут 4.Талдау

Топтарға тапсырма беріледі.

АКТ-ні пайдаланып, суреттердегі құбылыстарға жоба жасайды,

1 топ: айдағы

2 топ: шолпандағы

3- топ Марстағы

Әр топ оқушыларынан шығып қорғайды,екі жұлдыз, бір тілек стратегиясы бойынша бағалайды
4 минут        5. Жинақтау.

Тапсырманы бірінші орындаған екі оқушыны кезекпен «Ыстық орындыққа» отырғызып, оқушылар жаңа, өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар қояды.

 Өткен,жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтарға жауап беру.
2 минут Сабақты қорытындылау, жинақтау және жүйелеу мақсатында бес жол өлең  жазуды ұсынамын.  
 1 мин Рефлексия   стикерге жазу түсінбеген сұрақтарын, сабақтың қалай өткендігін және қалай өткізген ұнайтындығы туралы өз ойларын жазу.
2 мин Үйге тапсырма: «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбына әссе жазып келу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *