Сабақ “Көліктер”


Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы

№6 «Ақкөгершін» мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі

Байгожина Күнимай Дәулеткерейқызы

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Көліктер

Мақсаты:1. Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.

2.Көліктердің жеке бөліктерімен таныстыру.

  1. Әр көліктің пайдасын айта отырып, еңбекқорлыққа баулу

Қолданылатын көрнекі құралдар: слайдтар, жылжымалы машина, әуе шарлары, машина дыбыстары.

Билингвальды компонент:көлік-транспорт, ұшақ- самолет, кеме-корабль..

 

Оқу іс- әрекетінің кезеңдері.  

Тәрбиешінің іс- әрекеті.

 

Балалардың іс- әрекеті.

 

Мотивациялық -қозғаушылық.

Ғажайып сәт.

–  Балалар, сендер қайда бара жатырсыңдар?-Сендер осы немен келіп отырсыңдар? Бірақ, балалар көлік айдамас бұрын мен сендерді көлік түрлері мен жолда жүру қауіпсіздік ережесімен таныстырып кетейін.

Балалар, ендеше барлығымыз қауіпсіздік ережесін сақтап көлігіміздің тежегішін басып қояйық.

Әуенмен балалар залға машинамен кіреді.

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Балалар тежегіштерін басып қояды.

 

Ұйымдастырушылық- ізденістік. 1.Әңгіме өткізу.

Балалар, қараңдаршы суреттен нелерді   көріп тұрсыңдар?

1-слайд.

Машина, автобус, ұшақ, жүк машинасы, кеме, пойыз, велосипед, экскаватор, жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы, тік ұшақ, бетон тасушы.

-Оларды бір сөзбен қалай атауға болады.

Дұрыс айтасыңдар, балалар.   Көлікпен біздер қажетті жерлерімізге, алыс сапарларға бара аламыз.

Көліктерді бірнеше топқа бөлуге болады.

Аспан көлігі, жеңіл көлігі, ауыр көлігі, су көлігі, темір жол көлігі.

2-слайд

Аспан көлігі: ұшақ, тікұшақ.т.б. жатады.

Жеңіл көлігі: велосипед, машина, арба т.б. жатады.

Ауыр көлігі: жүк машинасы, экскаватор, өрт сөндіру машинасы.

Су көлігі: қайық, үрмелі кеме т.б. жатады.

Темір жол көлігі: пойыз жатады.

 

 

 

 

 

 

3-слайд

1)      Д/о: «Жер, су, әуе»

Мақсаты:   Балаларға көлік түрлерін   топтастыруды ұсыну.

(Машина, автобус, ұшақ, жүк машинасы, кеме, пойыз, велосипед, экскаватор, жедел жәрдем, өрт сөндіру машинасы, тік ұшақ, бетон тасушы)

 

4-слайд

2) Д/о: «Көлікті аяқта»

Мақсаты:   Балалар көліктердің жетіспейтін бөліктерін салады, атап береді.

..

Сергіту жаттығуы.

Балалар, бойымызды сергіп алсақ қалай болады?

Ендеше машинамызды оталдырып, жүргізейік.

Жарайсыңдар, орнымызға тоқтайық.

 

5-слайд

3) Д/о: «Өз орнын тап!»

Мақсаты: балаларға берілген суреттегі көліктердің өз орындарын табуды ұсыну.

 

 

Балалар суретке қарап аттарын атайды.

Машина, автобус, ұшақ, жүк машинасы, кеме, пойыз, велосипед..

 

-Көліктер.

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешінің айтқандарына зер қойып тыңдайды.

 

Балалар назарын суретке аударады.

 

 

 

 

Балалар тапсырманы орындауға тырысты.

 

 

 

Тақтадағы дайын берілген көліктердін жетіспейтін бөліктерін салды.

 

 

 

 

Балалар машиналарымен әры бері жүреді.

 

 

 

Құрлық, су және әуе көліктерінің суреттері бейнеленген жапсырмаларды орындарына орналастырады.

Рефлексиялық -түзетушілік. Қортытынды:

Балалар, көліктер біздерге не үшін қажет?

Жарайсыңдар балалар! Сендер мен әуе шарларын сыйға тартқым келіп тұр. Машиналарынды сәндеп алыңдар.

Машиналарын қандай әдемі боп тұр. Ендеше машинамызбен серуендеп қайтайық.

 

 

Қажетті жерлерімізге бару үшін қажет.

Балалар көтеріңкі көңіл күймен машиналарын айдап шығып кетеді.

 

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: көлік түрлерін ажыратуға арналған тапсырманы.

Түсінеді: құрлық, су және әуе көліктерінің маңызын.

Қолданады: алған ақпараттарын жүйелеп қорытындылай білу дағдыларын.

4 5 6 7 8 9 10 11 12

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *