Открытый урок по казахской литературе для 6 класса с государственным языком обучения на тему “Абай Құнанбаев. “Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ”


Калиева Салтанат Ануарбековна учитель казахского языка и литературы 

КГУ “Кызылтуская средняя школа” Акжарского района Северо-Казахстанской области

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін тереңдетіп, толықтыру; өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу, мазмұнын түсіну.

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық жұмыс жасауына ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлесу, жазу мәдениетін жетілдіру, білімге деген құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік: адамгершілікке баулу, саз өнері, бейнелеу өнеріне сүйіспешілігін арттыру.

Типі: аралас

Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, көрнекілікпен жұмыс, мәнерлеп оқу, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Абай атамыздың портреті, атақты адамдардың Абай туралы сөздері, үнтаспа.

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезең:

  1. Амандасу
  2. Оқушыларды түгендеу
  3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Үй тапсырмасын тексеру

51 бет 3 тапсырма (ә)

І. Ой туғызу

– Балалар, қазір тақтада жазылып тұрған кімнің өлеңі деп ойлайсыздар.

(Тақтада алдын ала жазылып, қағазбен жабылып тұрған сөздер ашылып оқылады)

«Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз…»

-Дұрыс, бұл өлең шумақтары ұлы Абай атамыз жазған. Демек, бүгінгі сабағымыз Абай атамызға арналмақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Абай – ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлы ақыны. Ол 1845 жылы Семей жеріндегі Шыңғыс тауының бөктерінде дүниеге келген. Абай бала кезінен ауыз әдебиеті шығармаларымен сусындап, ел ішіндегі ақын-жыршылардың өлеңдері мен дастандарын тыңдап өскен. Мұндай өмір мектебі оның ақын, дана ойшыл болып қалыптасуына ықпал етті. 13 жасында атақты жырау Дулат Бабатайұлынан бата алған Абай кейін ақын болып қалыптасты. Ол қазақ сөз өнерін үлкен биікке көтерді. Абай Құнанбаев тамаша поэзиялық шығармалар жазды.

Абай өзінің өмірден түйген тұжырымдарын қарасөз үлгісінде де жазған. Қарасөздерінде ол тәлім-тәрбиелік мәні терең ойларын шебер жеткізеді.

Новый рисунок

ІІ. Сабақ тақырыбының мағынасын ашу.

Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе.

Адамдықты көздесең,

Жат тоқып ал көңілге.

                                       Сұлтанмахмұт Торайғыров

(Оқушылар оқылған өлеңнің мағынасын ашып, ойларын білдіреді)

Оқушылар оқулықтағы 52-беттегі Мұхтар Әуезов Абай жайлы жазған мәтінімен танысады, талқылайды.

  • Ал енді, балалар, ақын атамыздың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» атты өлеңін оқиық.

Қазақ поэзиясын сатылай кешенді талдау

  1. А. Құнанбаев
  2. Тақырыбы: «Тұлпар – ердің серігі»
  3. Поэзия (өлең).
  4. Идеясы – аттың түр-тұлғасы, жүріс-тұрысы, шабыс-желісі.

«Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас,

Разы емен осындай от мінбесем».

  1. Сегіз шумақты
  2. Төрт тармақты
  3. Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі.
  4. 11-12 буынды
  5. Қара өлең ұйқасы (а-а-б-а)
  6. Қазақ халқы жылқыны ел қорғаны, ердің жан серігі.

Бекіту кезеңі:

1-тапсырма: Берілген өлең мәтініне сүйеніп, төмендегі сөздердің сәйкестігін табыңыздар.

Новый рисунок (1)

2-тапсырма: Ақын сипаттамасын пайдаланып, өздеріңе ұнаған ат суретін таңдаңдар немесе өз көкейлеріңдегі аттың суретін салыңыздар.

 

Қорытынды кезеңі:

«ИНСЕРТ» әдісі

БІЛЕМІН БІЛДІМ БІЛГІМ КЕЛЕДІ
     

 

Үйге тапсырма:

  1. Абай Құнанбаев «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңін мәнерлеп оқу.
  2. Интернет көздері, анықтамалық әдебиеттерден жылқының спорттық ойын-сауықтарда азаматтың мерейін асыратын, сал-серілік пен сәнділіктің шырайын келтіретін текті жануар деп саналғаны туралы мәлімет жинастырып, өз ойларыңмен зерделеңдер.

Бағалау. Өзіндік бағалау.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *