Қазақ әдебиеті мен мәдениеті


Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Дардамты ауылы
Дардамты орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
тарих пәні мұғалімі
Ербол Шалабаев

Презентацияны көшіру

8-сынып 28.01.2015
Сабақтың тақырыбы Қазақ әдебиеті мен мәдениеті
Жалпы мақсаттар ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы халық ауыз әдебиетінің дамуы олардың ішінде, Махамбет Өтемісұлы, Дұлат Бабатайұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйінбай Аронұлы сияқты көрнекті тұлғалардың өмірімен, еңбектерімен таныстыру. Қазақ халқының музыка өнері мен материалдық мәдениетін білу.
Оқыту нәтижесі Қазақ халық ауыз әдебиетінің дамуына үлес қосқан қазақтың біртуар азаматарының өмірі және еңбектерімен танысады. Қазақ халқының музыка өнері мен материалдық мәдениетін біледі.
Сілтемелер МАН ІІІ деңгей үшін. Қазақстан тарихы

8-сыныпқа арналған оқулық.

Қосымша материалдар, интербелсенді тақта, көрнекі құралдар т.б.

Сабақтың барысы
Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
Ұйымдастыру

1 минут

«Доп лақтыру» арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырам. «Доп лақтыру» тренингінен кейін оқушылар өздерін реттеді.
Білу, тану

6 минут

«Таза тақта» әдісі интербелсенді тақтаны қолдану арқылы үй тапсырмасын сұраймын. Берілген сұрақтарға оқушылар ауызша жауап береді, интербелсенді тақтаға «Таза тақта» схемасын жазып толтырады, критерий бойынша бірін-бірі, бағалайды.
Сабақ мақсатын ашу

1 минут

Интербелсенді тақтадан қазақ халқының көрнекті тұлғалары мен әбзел бұйымдарын көрсетемін, қазақ әдебиеті мен мәдениеті туралы не айтасыңдар деген сұрақтарды қоямын. Тақтадан көрген суреттерге қарай отырып және берілген сұраққа байланысты оқушылар өз пікірлерімен бөлісіп сабақ мақсатын ашуға тырысады.
Топқа бөлу

1 минут

Сүйінбай Аронұлының «Жақсы мен жаман адам қасиеттері» өлең шұмақтарымен топқа бөлем. Шашылған өлең шұмақтарын рет-ретімен сәйкестендіру арқылы топқа бөлінді.
Жаңа сабақ кезеңі:

Түсіну

8 минут

Берілген тапсырманы қалай орындап жатыр бақылаймын. Қалай? Неге? Дұрыс деп ойлайсыңба? деген сияқты жетелеуші сұрақтар қоям. Берілген тапсырмадағы түйінді идеяларды анықтап, мазмұнды сызбаға жазбаша немесе сурет түрінде салады. Топ арасында талқылау, түсіндіру жұмыстары жүреді және диалогқа түседі.
Қолдану

10 минут

Оқушы сөзін мұқият тыңдаймын. Басқа топты бақылаймын, сабаққа назарларын аударамын. Сабақты қорғауға дайын болған топтар қол шапалақтау арқылы өздерінің дайын болғандығын хабарлайды. Сабақты постермен қорғайды. Ғаламтордан алған қосымша ақпаратты да айтады.
Сергіту кезеңі

1 минут

 

«Қызыл өрік» биі арқылы сергіту жаттығуын орындатам. Оқушылар билейді. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
Сабақты бекіту кезеңі: Талдау

6 минут

«Не білдім?»

оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендігін тесерремін.

 

Жаңа сабақты «Не білдім?» кестесі арқылы талдайды. Интербелсенді тақтаға фактілерді жазады.

Бағалау критериімен бағаланып отырады.

Жинақтау

6 минут

«3-2-1» әдісі арқылы жаңа тақырыпты жинақтаймын.

 

«3-2-1» әдісі арқылы топ ішінде тапсырмаға байланысты сабақты талдайды, жинақтайды.
Рефлексия

1 минут

Не үйрендім? Не білдім? Не білгім келеді? Оқушы пікірін стикерге жаздырып аламын. Сабақ барысындағы пікірін стикерге жазады. Көңілді және көңілсіз смайликтердің астына қыстырады.
Бағалау критерилерін анықтау

3 минут

 

Оқушылардың өз-өздерін қалай бағалағанын бақылаймын, бағалау критериі бойынша оқушы бағасымен өз бағамды салыстырып ортақ баға қоямын. Сыни тұрғыдан қарай отырып оқушылар өздерін, топтарын, көшбасшыларын, жалпы жұмыстарын бағалау критериі бойынша өзара бағалайды.
Келесі сабаққа тапсырма 1 минут §33 167-200 бет оқу. Берілген тапсырманы оқу, қосымша материал алып келу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *