ЭССЕ «Мен ұстазбын!»


Сарсенбекова Гульназ Шарамазанқызы
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы.

деген Ғафу Кайырбековтың өлең жолдарын оқығанда, мен өзімді бақытты сезінемін. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Ұстаз әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз – бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Ол – өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам.Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын әрекеттерге жетелейді, іске батыл кірісуге себін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалады. Оған өзімнің де көзім жетті. 2013 жылдың кыркүйек айыннан бастап Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, бойынша Шакен Айманов атындағы жалпы орта білім беретін қазақ гимназия мектебінде мектепалды даярлық сынып мұғалімі болып еңбек жолымды бастадым.Ең алғашқы түлектеріммен жұмыс жасадым оңай болған жоқ әрине . Екі жыл даярлықта оқушыларға сабақ бере жүріп , осындай аз уақыттың ішінде оқушыларымның жетістіктеріне де куә болдым мен үшін одан асқан бақыт барма? Мен өзімді осы шәкірттерімнің арқасында нағыз ұстаз сезіне білдім . Педагог тұлғасы тәрбие беру құралы болуы керек. Педагог оқушылар алдында өзін-өзі жетілдіре білуі керек.
менің өмірлік қағидам – ешқашан өз қадір-қасиетімді жоғалтпау, әрқашан тек шыншыл, адал, өз ісіне берілген тұлға болып қалу».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *