«Менің достарым» 6 ә сыныбында өткізілген ашық сабақтың жоспары


Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
«М.Әуезов атындағы орта мектеп» КММ
Муханалиева Алия Маулетовна

«Менің достарым» 6 ә сыныбында өткізілген ашық сабақтың жоспары
Пән мұғалімі: Ә.М.Муханалиева

Қызылшарық ауылы
2015-2016 оқу

Тақырыбы: «Менің достарым»
Мақсаты:
Білімділік:
1. «Дос, достық» тақырыбы бойынша білімдерін пысықтау, қосымша мағлұматтарды беру, білімдерін одан әрі жетілдіру.
Дамытушылық:
2. Сөздік қорын кеңейту, тілдерін дамыту, сөздерді еркін өз мағынасымен қолдануды үйрету
Тәрбиелік:
3. Қазақша дұрыс, жылдам сөйлеуге жаттықтыру. Достыққа, сыйластыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгеру
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, өз бетінше өлең шумақтарын шығару, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: сурет, Венн диаграммасы, сөзжұмбақ, плакаттар
Пәнаралық байланыс: психология, музыка, әдебиет

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
– амандасу
– оқушыларды түгендеу
-сыныпта ынтымақтастық атмосферасын орнату

ІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру
– Ой қозғау ( сұрақ- жауап жүргізу)

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
– Үйге не берілді?
– «Нәтиже сабақ»- № 2,3 тапсырмалар

ІV. Жаңа сабақтың мақсатын, тақырыбын ашу

Новый рисунок (1)

1) Қазақ … (пәннің аты)
2) Тіл дыбыстардың жасалуын зерттейтін ғылым саласы
3) Сөйлемнің тұрлаулы мүшесі
4) Дауыссыз дыбыстың түрі
5) Ілік септігінің жалғауы
6) Менің Отаным…

– Міне, балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Дос, достық»

V. Жаңа сабақ
– «Дос, достық» ұғымдарын қалай түсінесіңдер?
– Өздеріңнің достарың туралы не айта аласыңдар?
– Достық тақырыбына қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер?
Жақсымен жолда болсаң, ісің бітер,
Жаманмен жолдас болсан, басың кетер.
Жақсыны жолдасынан таниды т.б мақал-мәтелдер жолдастықтың қадір-қасиетін білдіреді.

Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. Керекті сөздерді тиісті орнына қою, сөйлемді дұрыс құрау, сұрақ құрастыру, әңгімелеу.
Менің екі жақсы досым бар. Біз үшеуіміз балабақшадан доспыз. Үшеуімізде қазір бір сыныпта оқимыз, сабаққа бірге дайындаламыз, бос уақытымызды бірге өткіземіз. Үшеуіміз де Алматы қаласындағы №34 мектепте 6 сыныпта оқимыз.
Керекті сөздер:
1. а) ісім ә) ісің б) істеріңіз
2. а) доспыз ә) доссыз б) доссыздар
3. а) сабаққа ә) сабақта б) сабақты

– Балалар, тақтаға назар аударайықшы, қосымша тапсырмалар бар екен!
Тақтамен жұмыс
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалғау
1. Менің дос (ІжІж)- жақсы бала.
2. Оның дос (к.ж, т.ж ІІІж) өте көп.
3. Ол ата-анасы (І.с) айтқанын орындайды.
4. Әр уақыт(Ж.с) оларға көмектеседі.
5. Достық (Т.с) бағалай біледі.
6. Қиын жағдай (к.ж, ж.с) көмек беруге дайын.

– Өте жақсы балалар. Енді маған назар аударыңдар! Тренинг психолог – Жадыра апай.
Сабақты қызықты өткізетін
Жаңалықты әр түрлі өрбітетін
Жадыра апай әр балаға тура қарап
Мінездерін жіпке тізіп өткізетін

– Міне, балалар адамның бойындағы «Достық» қасиеттерді психология пәнінің көмегімен де көруге, ашуға болады.

VІ. Білімдерін тексеру
Өз бетінше жұмыс. «Достық» тақырыбына өлең шумақтарын шығару

VІІ. Бекіту
– Антоним дегеніміз не?
– «Дос» сөзінің антинимі қандай?
– Венн диаграммасын толтыру

– Міне, балалар дос бол, дұшпан бол. Бұлар барлығы да адам баласы. Абай атамыз айтқандай:
Досыңа достық- қарыз іс,
Дұшпаныңа әділ бол,-
Екі – ақ жолда адами қасиетті алдыңа тартып, ұғып та ұста деп
– Досыңнан аярың болмау керек өзіңе жақсылыө, игілік атаулына қалай тілесең, досыңа да соны тіле. Дос- басына іс түссе, жаныңды аяма.
– Сабақты қорытындылай келіп, сөзі: Х.Талғаровтың, әні: И.Нүсіпбаевтің «Дос болайық бәріміз» әнімен аяқтағым келіп тұр.

VІІІ. Үйге тапсырма беру. Бағалау

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *