Сабақ “Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік”


Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы

«Балдырған» мектеп- балабақшасы

тәрбиеші

Тастубаева Әсел Серікқызы

Білім беру ұйымының жетекшісі:  Ақпентаева  Райхан Зейноллақызы

Мақсаты:

  1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру.
  2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.

Жаяу жүргінші мен көліктің байланыс қатынасын білдіру.

  1. Балаларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Көшеде жүру

ережесін түсіндіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп

Көрнекілік: Карточка, жол белгілері,машина,бағдаршам, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер.

Әдіс-тәсілдер: Жумбақ,тақпақтар,сұрақ-жауап

 

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

-Сәлеметсіздер ме құрметті балалар,қонақтар! Бүгін біздің ұйымдастырылған «Жол тәртібін білейік,Аман-есен жүрейік» атты тәрбие сағатына кош келдіңіздер.

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

-Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қазатауып, кейбіреулері жарақат алады. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды?

Балалар: – Үлгілі, тәртіпті бала.

-Балалар жол ережелерін сақтау үшін бізде көптеген жол белгілері бар,олар бізге көмек береді.

-Бүгін бізге қонаққа бағдаршам келді,қазір балалар мен сендерді бағдаршаммен таныстырайын,және ол туралы әңгімелесейік,мен сендерге бағдаршам туралы тақпақты айтып берейін

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!

Қызыл түсі – Тоқта!

Сары түсі – Сақтан!

Жасыл түсі – Жол ашық!-деп білдіреді

-Енді балалар біз ең керекті жол белгілермен таныстырайық.

Балаларға белгілерді көрсету,олардың мағынасын түсіндіру.

 

Жұмбақтар шешу

  1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен.

(Милиционер)

  1. Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды.

(Автобус)

  1. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген.

(Жол)

  1. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін.

(Жол)

  1. Көзін ашып жұмады.

Бағыт сілтеп тұрады.

(Бағдаршам)

 

Сұрақтар:

  • Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
  • Бағдаршамда қандай түстер бар?
  • Қандай жол белгілерін білесіндер?
  • Көліктер қайда жүреді?
  • Бағдаршамда түстер не білдіреді?

– Кім жол ереже туралы тақпақтарын біледі?

Дидар: Жыламасын, аналар.

Жас ұландар өсе бер.

Сақ болыңдар балалар.

Сақ жүріңдер, көшеде

Амира: Жолға шықсаң далаға,

Жол оңай деп санама

Ережені әрқашан

Қатаң ұста санаңда.

Дария: Қызыл, сары, жасыл

Бір өзінде үш от.

Қызыл жанса, тоқта!

Жасыл жанса, тез өт!

Сағыныш: Менің атым- бағдаршам

Бар әдемі үш көзім,

Алдамаймын,аңғарсаң,

Ақылдымын тіпті өзім.

 

 

Ойын «Бағдаршам»

 

Ойын шартты:

1) Бағдаршамның жасыл көзін көрсеткенде балалар жүрген сияқты бір орында аяқтарын қозғалысқа келтіреді.

2) Сары көзін көрсеткенде ду қол шапалақтайды.

3) Қызыл көзін көрсеткенде бір орында қозғалмай тұрып қалады.

 

Қорытынды:

– Ал балалар бүгін біз жол тәртібімен таныстырдық,жол ережелерінді бұзбау керек,жолды абайлаумыз керек,жолда ойнамаймыз,жүгірмейміз.Жол ережелерін сақтасақ,сонда аман есен өмір сүреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *