Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетiнiң технологиялық картасы «Ойыншықтар дүкені»


Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы

«Балдырған» мектеп- балабақшасы

тәрбиеші

Тастубаева Әсел Серікқызы

Білім беру ұйымының жетекшісі:  Ақпентаева  Райхан Зейноллақызы

Бiлiм беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, Жапсыру.

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді (шаршы, дөңгелек, үшбұрыш) білуге үйрету және оларды ажырату. Балалардың «көп», «аз» және «біреу» ұғымдарды ажыратуға үйрету. Кеңістікте бағдарлауға арналған «Ойыншық қайда тұр» дидактикалық ойыны. Ұқыптылықпен, жанашыплықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Ойын, сұрақ-жауап.

Көрнекілік:Машиналар,қуыршақтар,доптар,пирамида,ақ парақтар,түрлі-түсті қағаздар,желім.

Үлестірме материал: Геометриялық пішіндер,карточкалар.              

Түрі: Тәй-тәй технологиясы.

 

Іс-әрекет

кезіндері

Тәрбиешінің басқару әрекет Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Қайырлы таң балалар!

-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр, қонақтармен амандасайық.

– Балалар, қане, бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.

Шаттық шеңбер.

Біз ұқыпты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

 

 

 

 

 

Шаттық шенберге тұрады

Ұйымдастырушылық-

ізденушілік

-Балалар,бүгін біз сіздермен бірге ойыншықтар дүкеніне саяхатқа шығамыз.

Сатушы:-Сәлеметсізбе,балалар! Қош келдініздер!

– Бүгін біз сіздердің дүкенінде ойыншықтарды қарап,сатып алайық.

Балалар қарандаршы дүкенде қандай әдемі ойыншықтары бар,қанеки оларды атап айтайықшы.

-Балалар ойыншықтарды әр түрлі түрлі материалдардан жасайды:матадан,пластмастан,

ағаштан,резинадан жасайды.

-Балалар ойыншықтармен біз не істейміз?

-Дұрыс,балалар ойыншықтармен ойнағанда оларды қалай ұстаймыз?

-Балалар қараңдаршы мынау қандай ойыншық?

-Балалар айтыңдаршы доп қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

-Дұрыс,доптар қандай екен?

-Дұрыс балалар,қарандаршы мынау қандай ойыншық?

-Балалар айтыңдаршы пирамида қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

-Ал,пирамидалар қандай екен?

-Ал, балалар, айтыңдаршы мынау қандай ойыншықтар?

-Машиналарымыз қандай екен?

-Үлкен машиналар аз ба көп пе?

-Ал кішкентай машиналар ше?

– Балалар машиналармен кім ойнайды?

-Ал қыз балалар қандай ойыншықпен ойнайды?

-Дүкенде қанша қуыршақтар бар?

– Балалар қуыршақтардан  басқа тағы қандай ойыншықтар бар?

– Ал, мұнда неше аю бар?

– Балалар енді дүкенде ұнаған ойыншығын сатып алайық.

Жейлі-рөлдік ойынды аяқтайды.

-Балалар барлығымыз енді ұнаған дөнгелектерді алып,орталықтарға бөленейік.

І топ. «Өнер орталығы»- Балалар сендер бүгін доптарды жапсырасындар.

ІІ топ. «Математика орталығы»- Балалар сендермен біз бүгін дидактиқалық ойынды ойнаймыз.

Ойының атты: «Ұқсас пішіндерді тап және оларды орнына қою»

Мақсаты: Геометриялық пішіндерді ажыратуға. Ұқсаспішіндерді танып орнынды табуға үйрету. Ойлау қабілеттерін дамыту

Құрал-жабдықтар: карточкалар,геометриялық пішіндер.

Мазмұны: Геометриялық пішіндерді тауып өз орныны қояды.

 

Сергіту сәті.

Добым, добым домалақ

Тоқтамайсын домалап

Үстел үстін бүлдірдің

Тәрелкені сындырдың

Тентек болып кеттің деп

Тұрмын сені тепкім кеп

Орындарын ауыстырады.

Балалар саяхатқа шығады

 

Сәлеметсізбе.

 

 

 

 

Доп,пирамида,қуыршақтар,машиналар,аю.

 

 

 

Ойнаймыз

Төбелеспей,бөлісіп ойнаймыз,сындырмаймыз

Доп

Дөнгелекке

 

Үлкен және кішкентай.

Пирамида

 

Үшбұрышқа

 

Үлкен және кішкентай.

Машиналар

 

Үлкен және кішкентай.

Көп.

Аз.

Ұл балалар

Қуыршақтармен

Көп

Аю.

 

Біреу.

Балалар ойыншықтарды сатып алады.

 

 

 

Доптарды  жапсырады

 

Дид.ойын ойнайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

екі қолынды айналдыру тезірек екі қолды айналдыру көлымен үстел үстін көрсету екі қол алақанымен тарелкені жасау, екі жаққа жылдам шашу Сұқ саусақпен ескерту екі қол белде, оң аяқпен тебу

Рефлевсивтік-

түзетушілік

«Ойыншық қайда тұр» дидактиқалық ойын ойнау.

Суретпен жұмыс.

– Балалар  біз бүгін не істедік?

– Сендер бүгін өте жаксы сұрақтарға жауап бердіндер! Сендерге сабақ ұнады ма?

-Ендеше бүгін келген қонақтарға көп-көп рахмет деп айтамыз! Сау болыныздар!!!

ойын ойнайды

 

 

ойын ойнадық,

саяхатқа бардық

иә

Сау болыныз!

 

Күтілетін нәтиже:

 

Нені білу керек:

– заттар «көп», «аз» және «біреу »болатыны туралы;

Нені игеру керек:

– өзіне қатысты кеңістікте бағыттау дағдысын;

Нені біледі:

– дүкендегі ойыншықтарды атай алады.

– ойыншықтардың геометриялық заттарға ұқсастығын айыра алады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *