«Арайлы да, алтын нұрлы анашым!»


Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы

«Балдырған» мектеп- балабақшасы

тәрбиеші

Тастубаева Әсел Серікқызы

Білім беру ұйымының жетекшісі:  Ақпентаева  Райхан Зейноллақызы

 Мақсаты:  Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, тәрбиешілерді,аналарды мен аруларды мерекемен құттықтау, балаларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, тәрбиешіге, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, тақпақтар, әндер, көрініс, ойын.

Жүргізуші:                             Бүгін Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөзі адамның,

Анаға айтар лебізі.

Армысыздар, құрметті қонақтар, аналар, әжелер, сүйкімді қыздар, сегізінші наурыз мерекелеріңіз құтты болсын. Сегізінші Наурыз! Табиғаттың өзі де бұл күні біздің аяулы аналарды, сүйкімді қыздарды даңққа бөлеп тұрғандай. Ана деген әлемнің жан дүниесі, бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Сіздерге шаттық, бақыт, байлық тілей отырып  «Балдәурен» тобының дайындаған «Арайлы да, алтын нұрлы анашым!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Көңілді әуенмен балалар шығып, жарты шеңбер болып тұрады.

Амир: Қазір бізде мереке, кешікпейме ешкімде.

Сұлтан: Жаңа көйлек киіп қыздар, келіп қалар.

Ерназар: Қыздарда бір бәлденіп болар емес сәнденіп.

Жанболат: Тыныш, тыныш шуламаңдар, қыздарымызды да келіп қалды.

Музыка әуенімен қыздар шығады, ұлдар гүл ұсынады.

Құттықтау сөз кезегін «Балдырған» мектеп-балабақшасының директоры Ақпентаева Райхан Зейноллақызына береміз.

Жүргізуші: Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған,

Түн ұйқысын төрт бөліп.

Түнде бесік таянған,

Аялы қолда талпынтқан.

Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса жөргегі.

Қорғасындай балқытқан,

Айналасына ас қойып.

Өзенді көлдей шалқытқан,

Қолын қатты тигізбей.

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан.

-Бұл кім?

Балалар: Ана! Ана! Ана!

Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар -дей келе әсем әнге берейік.

Балалардың орындауында «Жақсы көрем» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Көрініс: «Әжесін қайсысы жақсы көреді!»

Жүргізуші: Әркімнің де өнерден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Али, Амира, Ерназардың орындауында «Аяулы анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Гүл келеді музыка әуенімен.

Гүл:             Көктемде, көктемде

Күн нұрын төккенде

Көк шыбық былтырғы,

Көктеді, гүлдеді.

Бәйшешектен білеміз,

Көктем келіп қалғанын.

Мәз боламыз, күлеміз.

Көрсек гүлін жарғанын.

Сәлеметсіңдер ме балалар.

Жүргізуші: Балалар бізге қонаққа бәйшешек гүлі келіп қалыпты. Бұл гүл арқылы көңілімізде қуаныш ұялап, көктемнің келгенін сеземіз.

Гүл: Бүгін сондай ерекше күнде менің әрбір желектерім сиқырлы,сондықтан балалар бүгінгі барлық тілектер орындалады. (бәйшешек желектерін өзі жұлады). Бірінші желекті жұлып:

                    1 Ұша ғой, ұша ғой желегім,

Батыстан шығысқа.

Оңтүстіктен солтүстікке,

Бір айналып, оралып.

Менің тілегімді орында.

Балалардың аналарына арналған жылы лебіздері.

Жүргізуші: Аман болсын аналар,

Сіздерменен жадырайды әніміз.

Сіздерменен жарасады сәніміз,

Ұзақ болсын өміріңіз.

Құттықтаймыз  бәріміз, -деп ортаға  өздерінің  жыр  шумақтарымен   Дария, Артем, Амир, Нұршат, Али, Ерсайындарды шақырамыз.

Дария: Мәпелейді, әлдилейді, бағады.

«Құлыным» деп құшағына алады

Өзгеге де, өзіне де жауапты

Барлығына қалай уақыт табады?

Артем: Менің анам не дейді

Инабатты бол дейді

Салт-дәстүрін сақтайтын

Әдепті ұл бол дейді

Амир: О, анашым

Таянышым , тірегім.

Бар бақытты бір басыңа тіледім.

Мен жақсы болса екен деп қашанда,

Лүпілдейді сенің қамқор жүрегің

Нұршат:  Ана дейміз біріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап,

Ана деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген алтын қазық алтын бақ.

Али: Сегізінші наурыз келді

Шаттық сезім, ой келді.

Қуанышты күні енді

Құттықтаймыз сіздерді

Жанымызды жайнатқан,

Сіздерді ғой аналар

Зор денсаулық, мол бақыт

Ерсайын: Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.

Гүл: Рахмет балалар, аналарың туралы көп тақпақ біледі екенсіңдер. Енді менің келесі желегімнің тілегін орындаңдаршы.

                     2 Ұша ғой, ұша ғой желегім,

Батыстан шығысқа.

Оңтүстіктен солтүстікке,

Бір айналып, оралып.

Менің тілегімді орында.

Жүргізуші: Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде- дей келе келесі

кезекте ару қыздарымыздың орындауындағы «Гулдер» биін қабыл алыңыздар

Гүл: Біздің қыздардың билері қандай тамаша. Керемет!

Жүргізуші: Бүгін біздер қадірлі де ардақты асыл әжелерімізді ерекше атап құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің, қазынасы бар» деп халқымыз текке айтпаған. Олай болса, әр үйдің қазынасы, сіздер аман болыңыздар. Келесі орындалатын жылы лебіздер сіздер үшін, әжелер.

Ортаға Муслима, Жанболат, Ботагоз,Сұлтанды (Ерсайынды)шақырамыз.

Муслима: Менің әжем, ақ әжем,

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айтып бер десең,

Айтып берер тағы әжем.

Жанболат: Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Ботагоз: Менің әжем жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем.

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман есен жүр әжем.

Сұлтан: Ақ әжемді әрқашан,

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремін

Гүл: Қандай керемет әжесі бар бала, бақытты бала.

                     3 Ұша ғой, ұша ғой желегім,

Батыстан шығысқа.

Оңтүстіктен солтүстікке,

Бір айналып, оралып.

Менің тілегімді орында.

Ойын: «Жіп орау»: Екі әже отырады, немересі шығады. Әжесі жіпті тарқатады, ал немересі тез жіпті жинайды.

Жүргізуші: Әлпештеген баласын,

Ана бақыт, ана күн.

Әркім сүйіп өзінің,

Мақтар етер анасын -дей келе

Нұршат, Дария, Әдемаудың орындауындағы «Ерке қыз» әнін қабыл алыңыздар.

Гүл:              4 Ұша ғой, ұша ғой желегім,

Батыстан шығысқа.

Оңтүстіктен солтүстікке,

Бір айналып, оралып.

Менің тілегімді орында.

Ортамызға  өздерінің  жыр  шумақтарымен: Ерназар, Мансур, Әдемау, Жансултан, Амира, Егор,Сағынышты  шақырамыз.

Ерназар: Құшағыңа кіргенде

Жылынамын бір демде.

Не жетеді көзіңе

Мейірімді күннен де.

Сегізінші Наурызбен

Құттықтаймын, анашым,

Мансур: Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

Әдемау: Анам, анам, ақ анам

Менде өзіңдей ақ болам.

Айтқан тіліңді аламын,

Жұмсағанда барамын.

Ақ төсекке жатқызсаң,

Көзіңді жұма қаламын.

Амира: Ең аяулы есім ғой ана деген,

Бар тіршілік бақытты анаменен

Ананы жеткізгенше мұратына,

Білім іздеп лапылдап жана берем

Ананың оттай ыстық алақаны

Болған соң ойлайтыны бала қамы.

Баладан анасына мың сан алғыс,

Өйткені ол анасының балапаны.

Егор: Анам менің сүйіктім

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең биікпін,

Алыстасаң сағынам.

Сағыныш: Алтын анам жасымнан аялаған

Мен үшін игілікті аямаған

Бақшадан үйге келгенімде

Бал сөзі «Жаным» деген сол маған

Гүл:             5 Ұша ғой, ұша ғой желегім,

Батыстан шығысқа.

Оңтүстіктен солтүстікке,

Бір айналып, оралып.

Менің тілегімді орында.

Жүргізуші: Мың бұралған арулар билеп басып,

Келді міне ортаға толқын тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық,- дей келе келесі

Балалардың орындауында: «Тышқандар» биін қабыл алыңыздар.

Гүл:              6 Ұша ғой, ұша ғой желегім,

Батыстан шығысқа.

Оңтүстіктен солтүстікке,

Бір айналып, оралып.

Менің тілегімді орында.

балалардың орындауында «Тыңдай білем» әнін қабыл алыңыздар.

Гүл:              7 Ұша ғой, ұша ғой желегім,

Батыстан шығысқа.

Оңтүстіктен солтүстікке,

Бір айналып, оралып.

Менің тілегімді орында.

Жүргізуші: Ұрпақтарға   бақыт  жолын  аңсаған,

Тілей  тұғын   сырттай   жүріп,  бақ   саған,

Тіршіліктің   тынысы  мен  ажары,

                     Ана   деген  -теңдесі  жоқ  жақсы  адам-дей отырып  барлық  аналарымызды  төрімізге  шақырамыз.  Құрметті  аналар  балапандарыңыздың   өздеріңізге   жасаған   сыйлықтарын  қабыл  алыңыздар.

Ата-аналарға сөз беріледі.

Жүргізуші: Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана атына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай- деп, абзал аналарымыз бен қыздарымыздың құрметіне балалардың орындауындағы «Ай дидарлы анашым» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: Ақ тілеген  жат жақын  жуығына,

Өмірдің көніп ыстық-суығына,

Алпыс қанат ақ орда бұл елімнің,

Шаңырағы сендерсіңдер, уығыда

Ақ жүректі аналар берекеміз,

Құтты  болсын  көктемгі  мерекеңіз!- дей   келе,  әлемдегі  ең  сұлу, ең  мейірімді, ең   қамқор   адам  осы   отырған  сіздерсіздер.  Дендеріңіз  сау,  көңілдеріңіз  шат, әрқашан   аман   болыңыздар.  Осымен  бүгінгі   өздеріңізге  арналған   мерекелік  кешімізді   аяқтаймыз.  Келесі  кездескенше  сау  болыңыздар!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *