М.Мақатаевтың «Қош, махаббат» пьесасының сценарийі


Табуктинова Жайдары Нургалиевна
преподаватель казахского языка
Екибастузского колледжа инженерно-технического института имени академика Сатпаева

Пролог

Шымылдық алдында жас ақын – Айбар. Дастан жазып отыр. Қаламын қойып,  дастанның алғашқы шумақтарын оқи бастайды.

 

Айбар

Ей, күнәдан пәк жас жандар,

Қапелімде қателікке баспаңдар!

Қосыларсың қол ұстасып, саспаңдар,

Махаббатпен ойнағанды тастаңдар!

 

Жастық дейтін – ән, лебіз, күй, өмір,

Иә, жастық – махаббатқа ие бұл!

Махаббатта тұрақсыздық – күйе бар,

Махаббатта тұрақсыздық – күйе бар.

Махаббатты құрметте, сүйе біл!

 

Ей, күнәдан пәк жас жандар,

Махаббатпен ойнағанды тастаңдар!

Қапелімде қателікке баспаңдар!

Ал, көріңдер, ол туралы дастан бар.

 

ШЫМЫЛДЫҚ

 

Бөлме. Бір бұрышта үстел, онда кішкентай радио, қоңыраулы сағат, кітаптар. Ортада дөңгелек үстел жасаулы тұр. Бөлмеде Бану, әйелдер босанатын үйден жаңа келген. Үстінде кең халат.

Бану бесіктегі баланы тербетіп отыр. Альбомды ақтарып отыр. Мінсіз кіреді.

 

Мінсіз:

Ботам-ау, әлгі қонақтар кешікті ғой. Қонақтарың келер уақыт болды ма?

 

Бану(альбомнан назар аудармай) Кісілер сағат тоғызда келеді. Қазір сегіз жаңа болды, әже.

 

Мінсіз: Қайдам, балам… Бәрі де даяр тұр… (нәрестеге үңіліп) танауыңнан сенің… танауыңнан (Бануға бұрылады) Балам, Асанжанның оқып жүргендегі кезі ме? Қандай арық еді өзі… О, сорайғын мойныңнан айналайын…

 

Бану(альбомды жабады) Бұл Асан емес, әже… Асан…

 

Мінсіз:(оқыс таңданып) А-а-а! (күрсініп) қайдан білейін, балам… Асанның суретін қарап тұр ма десем… Апырау, кешіккені-ай, ә! Қонақ шақырып қойып та соншама жоғалады екен?! (шығып бара жатып) бәрі де даяр тұр… Қайнай-қайнай сорпа да суалып болды өзі, ой, тоба!…

 

Шығады.

 

Бану (ауыр күрсініп) Асан емес, әже, Асан емес.

 

Сыртта күлісіп, у-шу болып, қонақтар кіреді. Бануды құшайқтайды, құттықтайды. Бәрі үстел басына жайғасады.  Бану асүйге шығып кетеді. Радиодан болар-болмас баяулап естілген әнге жұрт назар аударады.  Қасым радионы бұрап қояды. радиодан хабар шығады:«Алматыдан сөйлеп тұрмыз. Жаңа әндерден концерт тыңдаңыздар.  «Қош, махаббат» музыкасы – Бағдат Мамыровтікі(ән шырқалады).

Тарелка көтеріп келген Бану әнді естіп,  қолындағысын тастап жібереді. Ол екі қолымен құлағын басқан қалпында сыртқа жүгіре жөнелді. Ашуға бұлыққан Асан радионы еденге бір ұрып қиратады, ән өшеді.

 

Асан (қалтырап булығып) Төзімім таусылды… Тірідей тозаққа түскенім-ай! Қалай төзем… Қашанғы төзім…  Кешіріңдер… Бұл бір емес… Енді еш нәрсенің де сәні бола қоймас.. Кешіріңдер… Тараңдар, ағайындар…

 

Асан мойы салбырап отырып қалады.

Шымылдық

 

Айбар

Қуанышқа жиналған қауым қайда?

Қуанышты қонақтар қайда кетті?

Не әзәзіл бұл үйде ойнап кетті,

Не күш келіп бұл үйді ойран етті?

 

Бірінші оқиға

 

Сәлиманың үйі. Айбар мен Бағдат сөйлесіп отырады. Бағдат тұра бергенде,«Басым, басым!»құлай бастайды. Жан-жақтан Сәлима қасына жүгіріп келеді. оны кереутке жатқызады.

 

Айбар: Соншама жыл бірге тұрып, мұндай сырқатының барын сезген емеспін.

 

Сәлима: Бұл аса қиын науқас, шырақ. Мен мұндай сырқаты бар адамдарды кездестіргем.  Қиын, шырақ, қиын. (шығып кетеді)

 

Бағдат тұрады.

 

Бағдат: Аһ! … Айбар… (орнынан ұмтылады)

 

Айбар:(Бағдаттың басын сүйеп) Жатшы… жата тұршы… біраз… Дем алшы!

 

Бағдат: Айбар… Мен.. басым… басым аурады…

Айбар: Қазір. Бағдат, қазір тәуір болады.

Бағдат:Басым меңдеп барады…оныншы класты бітіргенде тап болдым …бұған…қаланың профессор психиаторының бәріне де қаралдым, нәтиже жоқ.

Айбар:Бану біле ме? (Бағдат басын изейді)

Бағдат:Адам баласына айтпауға анттасып ек. Қандай алданыш… (орнынан тұрады)

 

(Бану кіріп келеді)

 

Бану:(қуанышты)Мәссаған! Мына өтірікшілердің отырысын қарай гөр. Уәделерің қайда? Гүлдерің қайда? Проективная геометрия бес! (бес саусағын көрсетеді)

Айбар, Бағдат:Құтықтаймын. (Екеуі де ұмтылады. Айбар Бағдатты қайта отырғызады)

Айбар:Бағдат, сен соңынан құттықтарсың, алдымен маған кезек бер. (Бануға  бұрылады)

Ал Бану, қуанышыңа ортақпын, әкел алақаныңды. (қолын ұсынады) Енді маңдайыңды (маңдайын сүйеді), ал енді антты қайталаймыз, есіңде ме?Құстай ғайып жоғалсам не етер  едің?

Бану: Иә, иә, есімде (жайдары) Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

Айбар: Отқа жанып, өртенсем не етер едің?

Бану: Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

Айбар: Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

Бану:Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

Айбар: Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

Бану:Бәрін Бағдат, бәрін де көтеремін.

Айбар: Ұмытпапсың ғой?

Бану:Ұмытпаймын.

Бану: Иә, иә, есімде (жайдары) Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

Айбар: Отқа жанып, өртенсем не етер едің?

Бану: Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.

Айбар: Бұлдырасам сағымдай не етер едің?

Бану: Жел боп қуып, ақыры жетер едім.

Айбар: Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

Бану: Бәрін Бағдат, бәрін де көтеремін.

Айбар:Ұмытпапсың ғой?

Бану:Ұмытпаймын.

Айбар:Ұмытпайсың ғой?

Бану: – Ұмытпаймын! Ризасың ба енді?

Айбар: – Ризамын! Ал енді Бағдатыңа бара ғой, мен кеттім.

Бану(үрейлі) Не болды саған. Бағдат…жығылып қалдың ба?

Бағдат…Бағдат…Бағдат…(құшақтайды)

 

Шымылдық

Екінші оқиға

 

Үстел басында Сәлима. Асан мен Айша кіреді.

 

Асан: Сәлеметсіз, апай!

Айша: Есенсіз бе?

Сәлима: – Асанжан, амансың ба? (Айшаны бастан аяқ бір шолып өтеді)

Асан: Бұл кісі менің нағашы апайым – Айша. (Сәлимаға) Бұл – Айша. Екі-үш күнде пединститутты бітіреді.

Сәлима: – Үйге кіріңдер. Асан жүр, шырақ, үйге кір (Айшаға)

Сәлима: – Мамаңнан хабар алып тұрасың ба, Асанжан? Аман сау ма екен?

Асан: – Есен, апа. Кеше ғана хат алдым.

Сәлима:(Айшаға)шырақ, сен де бітіреді екенсің ғой. жақсы, жақсы… Мұғалімсің бе? (Айшаны тағы да шолып өтеді) Жақсы шырақ, жақсы… Ас әзірлейін, шай қояйын.

Айша: Жо-жо, апай, сізді әурелегеніміз ұят болар, рұқсат етіңіз. (Алжапқышын шешіп алады)  Асанчик, вставай? Пошли ты мне поможешь.

 

Екеуі ас үйге кетеді

Сәлима: (ұнатпай) Ишь, какая! Әлекедей жаланып, майлы ішекше айналдыруын. Берместі тартып алатын мынасы бір желаяқ қой… (күрсініп)Ей, Асан, Асан. Қашан көрсең, шүйкебаспен бірге көресің, ал мына бір ұшып-қанған көбелекті қайдан тапқан әкем-ау! Асанчик, пошли, ты мне   поможешь.. Шць, какая!

 

Айша келеді

 

Айша: Бәрі де даяр апай!

Сәлима: – Қазір, айнам, қазір. (үстел үстіне отырады)

Сәлима: – Мына үйде тұратын квартирантым ғой… Бағдат…

Айша: – Әлгі консерватория бітіретін жігіт пе?

Сәлима: – Иә, иә біледі екенсің ғой

Айша: – Білемін, апа, білемін. Бану келіп тұра ма?

Сәлима: – Келеді бишара қыз, кеп тұрады

Айша: – Бану бақытты, апай. Екеуі бірін-бірі сүйеді. Араларында нағыз  махаббат  бар.

Сәлима: – Әй, шырақ-ай! Махаббат өз алдына, өмір өз алдына. Бақытсыз махаббат баянды болмайды. Бишара баланың жаман науқасы бар екен. Жас адамның басына бермесін. Ашылып сөйлеспейді, сабағына барып келеді де, домбыраны алып, күбірледі де отырады. Ал әлгі қыз жынды көбелектей шыр айналып шықпайды. Неужели екеуі үйленеді, түсінбеймін…Махаббат жоғалғалы қашан…Адам бұл заманда әуелі адам сияқты өмір сүргені жөн. Ғашық-махаббат. Ол не өзі?

Асан (Айшаға ұрлана қарап): Махаббат деген, апай, мен үшін, ең бірінші – диплом, жайлы жұмыс, одан соң семья, жақсы хозяйка, әрине, бала. Өмірде бұдан артық махаббатты қаламаймын.

Сәлима: (мәз-мейрам) Тентігім менің, аумаған жездем марқұм…Алсайшы,  Асанжан, ас ал.

Айша (Асанға тік қарап): Ал мен Асан махаббат дегеннің не екенін білмеймін. Әлі көргенім де, кездестіргенім де жоқ. Алайда оның бар екеніне күмәланбаймын. Ой, извини, Асанчик, менің уақытым болды. Апай, айып етпеңіз. Бір жиналысым бар еді.

Сәлима: – Бара ғой, шырақ, бара қой.(Асанға қарап)Мына көбелегіңді екінші көзіме көрсетпе, Асанжан. Сорлы әпкем мынаны күте ме, сені күте ме? Апырау, Асанжан, ақылың кіретін уақыт болды ғой. Ана Бануды қарашы! Қандай биязы, қандай жұмсақ, сүйкімді қыз.

Асан: – Апа, Бануды сүйетінім анық. Бірақ білмеймін, алдына барсам болды, ананы-мынаны айтып, ойымнан адасам да қалам. Курстас құрбыларын да ортаға салып көрдім. Ол үшін мен ноль сияқтымын…Айша ұнайды…Үйленем Айшаға…

Сәлима: – Үйленем, үйленем…Үйлену қашпайды. Айнам-ау, ашып неге айтпайсың? Міне, оқуларың да аяқталды, енді кешіксең, сен одан мәңгілік айырыласың!

Асан: – Бағдат ше? Бағдатты қайда қоясыз? Ол Бағдатты жанындай сүйеді

Сәлима: – Айнам-ау, түсінсеңші! Онда Бағдатқа деген аяныш қана бар, аяныш!

Асан: – Әй, қадам…Сонда не істе дейсіз?

Сәлима: – Не істе дейін. Әлгі көбелегіңнен құтыл! Ұста, жармас Банудың етегінен деймін!

Асан: – Апа-ау, көне қояр ма екен? Әй, көне қоймас. (шығып кетеді)

Сәлима (ыдысты жинап жүріп): Ойлан, Асанжан! Әлгі көбелегіңнен құтыл!

 

Шымылдық

Үшінші көрініс

Шырын, Зағыш, Айша шығады. (кітап, сөмке ұстаған)

Айша: – Қыздар, байлық та, бақыт та әуелі махаббаттан басталатын сияқты. Сол махаббатты мен таба алмай жүрмін.

Шырын(қағыта): Сенің, Айша, махаббат іздеуіңе болады…Себебі…себебі сенде…

Айша: – Иә, иә, себебі…

Зағыш: – Себебі романтика іздейтін материальный базаң мықты. Махаббаттан басқасының бәрі бір басыңа жетерлік… Сенің өмірің – люкс.

Айша: – Жүректерің не деген жүдеу еді, қыздар. Айта алмай жүргендерің осы екен  ғой…

Шырын: – Махаббатың кеп тұр. Айша, Асанчигің (Асанды нұсқайды)

Айша: – Рас па? Қайсы? Тұра тұрсың. Естеріңде болсын, ол менің махаббатым емес, көлеңкем. Мен қайда болсам, ол – сонда. Сағат, алқа, алтын сақина…боже мой…Қандай жомарттық! Какая щедрая душа! Асанчик! Біздің қасымызға кел! Иә, иә, кел, кел. Ну, друзья, готовьтесь к бою!

Шырын: – Айша, сені не жын соқты ма?

Зағыш: – Ұят емес пе, Айша?

Айша: – Қысылмаңдар! Келеді, кетеді! Онда тұрған не бар?(Асан келеді)

Айша: – Кел, кел, Асанчик! Неге амандаспайсың? Сендер бір-біріңді білесіңдер ғой. Асанчик, неге үндемейсің? Зағыш, ІІ курста, 72 комнатада тұрғаныңда, жүрдің ғой Асанчик? Жүрдің. Шырын, былтыр ІІІ курста 52 комнатада тұрғаныңда жүрдің ғой Асанчик! Жүрдің. Бұл сырды менен жасырдыңдар ғой! Жасырдыңдар! Асанчик! Мойындамайсың ғой мойындамайсың, әрине, Қандай опасыздық! Ақымақты тапқан екенсің, Асанчик! Сау бол, дипломыңды алып, жақсы хозяйка ізде» (келіп) (заттарды Асанның қалтасына салып жібереді) Үндеме! Сау бол!

Асан: – Подумаешь! Керек едің?!

Айша: – Ал маған, достар, жазығым болса, жанымды шығарып соғып, қанымды шығарып сүйетін адал жанды қазақтың азаматы керек! Мен үшін махаббат – сол. Мен оны табамын! (кетеді)

 

Төртінші көрініс

Бану: – Асан! Неғып тұрсың мұнда?!

Асан: – Неге шошыдың, Бану? Сәлемат па?

Бану: – Қалайсың? Мені күтіп тұрсың ба?

Асан: – Иә, сені. Бітіруіңмен құттықтап келдім. Баянды болсын!

Бану: – Өзіңді де құттықтаймын. Қашан қайтасың елге?

Асан: – Ауылға, папаңның қарамағына…ветеринар…2-3 күнде қайтамын.

Бану: – Рас па? Ох, енді папам сені ұстайды!

Асан: – Өзіңді қайда жіберді?

Бану: – Мені ме? Мені де ауылға деп отыр..Бірақ…бірақ ойланам әлі.

Асан: – Ойланам! Өз ауылыңнан қалай қашпақсың? Қызық екен…

Бану: – Туған жерден, әке-шешеден артық ешкім жоқ, Асан, бірақ…

Асан: – Иә, бірақ…

Бану: – Қыздың тағдыры қиын ғой, Асан. Қарап тұрсаң, 4 амалды арифметика, ал шешуі қиын – ақ.

Асан: – Бану…Мен…түсінем сені…өзімді түсіндеймін…сені түсінем…Кетейікші ауылға…Ұмытшы бәрін де… Бану, кетейікші ауылға…

Бану: – Нені, Асан, кімді ұмытам?

Асан: – Бәрін де…Ұмыт…Ұмыт Бағдатты!

Бану: – Бағдатты! Қалай ұмытам! Не айтып тұсың, Асан?

Асан: – Мен бәрін де білем, Бану. Өмірмен ойнауға болмайды ғой, алдын ба, Бану! Аяймын сені. Қимаймын сені. Кетейікші ауылға, біз бақытты боламыз…

Бану (іш жиып): – Біз?! Кім ол біз дегенің? Не деп тұрсың, Асан?

Асан: – Сүйем…сені…Бану…

Бану: – Сүйем?! (ызалы күліп) Сен кімді сүймедің, Асан?! Менің көргенім – үшеу, қалғанын өзің айтшы.

Асан: – Менің сүйетінім – сен ғана. Айыбым айтпағаным. Жастығым – жазығым  болар, құрбыларыңның арасында арым таза менің.

Бану: – Сенбеймін, бірақ кешіктің, тым кешіктің…Екеуміздің жолымыз екі бөлек. Адаспа, адастырма…Бақытты бол!

Асан: – Қоштаспаймын, Бану. Сенің жолың бақытқа бастайтын жол емес, ойлан! Ойлан! Өмірмен ойнама!

Бану кетіп қалады

Асан (өзімен-өзі): – Ех, Асан, Асан! Ақымақ. Жоқ, Бану. Ерте ме, кеш пе, табам  сені! Қандай ақымақпын! Қандай ақылсызбын!

 

Бесінші көрініс

Үйде Бағдат пен Бану.

Бағдат:(қолында домбыра)Сезімге, шек қоюға болмайды, Бану. Шабытты бір нәрсе істегің келеді, бірақ не шара, көңілімнің күйі қалай бастады, мен солай жаздым ғой… (көңілсіз музыка)

Бану: – Жалынамын, қамықпашы, Бағдат. Несі бар, қабілетің жетеді, екеуміздің қуанышымызды жазшы, Бағдат…

Бағдат: – Өміріміндегі жалғыз қуаныш сен, Бану! Басқасын білмеймін. Басқа қандай қуаныш бар?

Бану: – Қызықсың, Бағдат. Оқуды бітірдің, қуаныш емес пе? Композитор боласың, халық таниды, бұл қуаныш ше? Айналайын бәрі қуаныш, Бағдат! Өмір…Бізге берілген өмірдің өзі қанадай қуаныш…Бақытты болғым келеді, Бағдат.

Бағдат: – Түсінем, Бану. Міне, сен өмірге жолдама алдың. Ауыл, ата-анаң қандай қуанышта десеңші! Ал маған ше? Кімге қуаныш? Сағындым, Бану, әке мен ананың құшағын, мейірімін сағындым.

Бану: – Бағдат! Уайым түбі – тұңғиық, түсесің де ке-те-сің! Бағдат, қуанышты болсаң, қуанышыңа ортақ 3, сонан соң 5-іші, …Бағдат, неге үндемейсің? Қаласаң, алтыншы адам да табылады.

Бағдат (алақанымен Банудың иегін көтеріп): – Қалай? Қалай? Алтыншы? Қойдым, Бану, қойдым…(күліседі, тұрады). Айбар жазған ант есіңде ме? Құс боп ұшып, жоғалсам не етер едің?

Бану: – Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.

Бағдат: – Қайғы әкелсем басыңа не етер едің?

Бану: – Қайғы демеші, Бағдат (жалынышпен) Қайғы құрсын! Қорқам бақытсыздықтан. Бақытты болғым келеді, Бағдат… Осы бір «қайғы әкелсем» дегенді қайдан тапты екен, оңбаған Айбар-ай!

Бағдат: – Достық па, махаббатта қайғыда сыналмай ма, Бану? Неге шошыдың? Кім ортақ? Саған белгілі ғой, Бану. (күмілжіп) Мен…Саған…Бану(жалбарына): – Айтпа, атама Бағдат! Бақытты, ең бақытты адам болғым келеді…Қорқам, қорқам бақытсыздықтан…

Бағдат: – Ақиқат айтпасқа бола ма, айтқызбай тұра ма? Бану, сен мені сүйесіңбе, аяйсың ба?

Бану: – Аяймын да, сүйемін де…

Бағдат: – Тек аяушылықпен ғана алданып жүрген жоқсың ғой?

Бану: – Жоқ!

Бағдат: – Онда…Оқу бітті, Бану. Ендігі өмірді бірге бастаймыз ғой?

Бану: – Бастаймыз!

Бағдат(қуанышпен): – Әуелі ЗАГС-ке барамыз, сонан соң сені осында қалдыруды іздестіреміз. Әзірге жолдамаңды алмай тұр…

Бану: – Қазір ауылда қанадай рақат! Дала жап-жасыл, аспан тұп-тұнық. Тау етегінен, мал өрістен қайтқан кез қандай аяулы еді? Ауасы-ай, адамдары-ай ауылдың!

 

Бану кетеді, Айбар келіп Бағдаттың жанына отырады, екеуі сөйлеседі. Асан келеді.

Асан: – Шақырылмаған қонақты қабылдайсыңдар ма, жігіттер.

Айбар: – Төрлет, жігіт, төрлет. Құтты қонаққа құшағымыз міне? (үшеуі қол алысып, амандасады)

Асан: – Айбар, ренжімейсің, Бағдатпен оңаша сөйлесетін шаруам бар еді.

Бағдат: – Біздің арамызда құпия болмайды.

Асан: – Ах, солай, екен-ау! Демек, Бануды екеуің де біледі екенсіңдер ғой?!

Екеуі жарыса: – Иә, білеміз, білеміз. Не жағдай?

Асан: – Мен сол Банудың жерлесімін. Бірге өстік, бірге оқыдық дегендей. Зооветті бітірдім.

Бағдат: – Жақсы болған, құттықтаймын!

Асан: – Ал сол Бану, Бағдат, сені сүйе ме? Шын сүйе ме? Сен оның бақытты болуын қалайсың ба? Адал сүйесің бе?

Бағдат(күліп): – Сұрақтарың қызық екен. Бану сүйе ме, жоқ па, өзінен сұра. (күліп) Маған сүйем деген. Ал мен сүйем дегенді сөзбен айтуға шорқақ едім. Адал сүйем бе, қалай сүйем, оны да білмеймін…оған да Бану жауап берер деп ойлаймын….

Айбар: – Сұрақтарың адам таңданарлық екен. Сүйіскен жандарды өздерінен емес, өзгеден сұра болар. Екеуі бір-ақ адам (күліп) мен олардың некесін қиғалы қашан! Бану Бақытын тапқан! Сұрағыңды қанағаттандыра алдым ба?

Асан: – Романтика, махаббат өз алдына, жігіттер. Дені сау адаммен дені сау адам табысып, дені сау семья құрып, дені сау ұрпақ қалдыруы керек! Айтарым осы. Аяңдар Бануды!

Айбар(жағасынан шап беріп): – Не құсып тұрсын, азғын!

Бағдат(Айбардың қолын ажыратып): – Жібер…Айбар…Жібер…Кім біледі…Мұнікі дұрыс та шығар…(Асан кетеді)

Айбар (тістеніп) – Подлец! (Бағдат төсекке құлай кетеді.)

 

Шымылдық

 

Алтыншы көрініс

Бану: – Апай, жаңа бір ақыл айтамын деп едіңіз.

Сәлима: – Айтайын, айнам, айтайын. Біреуідің жар дегенде жалғызы екенсің, шырақ. Былай істесең қайтеді? Біріңе-бірің сенсең, қосылуларың ешқайда қашпас. Сен Бағдатқа айт. Ол осында, сен еліңде бір жыл қызмет істеп, әл жинаңдар. Ата-анаңа білдір. Бәрін жасырмай айт!

Бану: – Соншама қиын, апай, бірақ ойластыруға болады екен – ау.

Сәлима: – Енді қалай, айнам-ау! Болашағыңды да ойластырғаның жөн, шырақ. Бағдаттың жайы өзіңе белгілі, айнам. Оның науқасы оңай емес.

Бану: – Айтпаңыз, апатай, білем ғой мен, білем…

Сәлима: – Ал өзі сондай жақсы бала, кез енді… (Бағдат келеді)

Сәлима: – Шырақ-ау, мына бала ертеден сені күтіп отыр ғой, осынша кешіге ма екен? Әй, жаңа заманның жастары-ай!

Бағдат: – Ах, Бану ма? Кешір, Бану, кешір. Жүр, үйге кірейік, біраз шаруа болғаны.

Бану: – Менде бір жаңалық бар.

Бағдат: – Иә, иә, қалдырды ма?

Бану: – Бір өтініш айтсам, ренжемейсің бе?

Бағдат: – (сәл таңданып) Жо-о-оқ, ренжімеймін.

Бану: – Мен бір жылына ауылда-ақ істеп, ата-анамды қуантсам, көңілдерін ауласам. Сен де бір жылға шыдасаң, Бағдат! Сенің де біраз қалыптасуың керек қой. Бәрін де қойшы, бірақ әке-шешенің алдарынан өтпеу-қиянат қой.

Бағдат: – Білем, Бану, түсінем. «Жетім қозы тас бауыр» деп ойласам. Ардақ тұтар ата-анаң болса, аямасқа не шара. Атаның тері, ананың сүті маған да қымбат. Мен де емгем оны. Қалағаның болсын, қарашығым. Мен саған өмірлік сенем.

 

Шымылдық

Бағдат: Сонымен екі жылда өте шықты.. ә? Уақытты тоқтата алмайсың. Біздің ғасыр асығып барады…. Өтінем, Бағдат, ұмытшы Бануды. Ұмыт! Ұмыт! Ұмыт! Банужан, саған арнап өлең жаздым… Осы ән махаббатымыздың естелігі болып қалсын. Қош, махаббатым! Қош, жарығым! Қош, Бануым!

 

Жетінші көрініс

Бану құлаш-құлаш дәптер тексеріп отырады. Асан диванда кітап оқып отыр. Мінсіз үй ішінде күйбеңдеп жүр.

Мінсіз: – Ех, боталарым, боталарым! Екі жылдан асып барады, екеуіңнің  де жүріс – тұрыстарының ұнамайды маған, боталарым.

Асан, Бану: – Не істедік, әже?!

Мінсіз: – Ерлі – зайыпты жас адамдардың арасында жап-жақсы жарасымды бір қасиеттер болушы еді. Ол жоқ сияқты сендерде. Екеуің екі үйдің адамы сияқтысыңдар. Неге сонша суықсыңдар? Бастарың аман, бауырларың бүтін ғой, қарғаларым, не болды сендерге.

Радиодан: – «Алматыдан сөйлеп тұрмыз. Жаңа әндерден концерт тыңдаңыздар. «Қош махаббат» Музыкасы – Бағдат Мамыровтікі. (ән шырқалады)

Мінсіз: – Ой! Арман-ай! Қандай жақсы ән еді! Не болды, Банужан. Бір жерің ауыра ма?

Бану(енесінің қолын ысырып): – Жазықсыз еді ғой, Асан…Жазығы не еді оның?Неге адастың? Неге адастырдың?

Мінсіз(Асан мен Бануға кезек қарап): – Банужан, кім ол? Асан, кім еді ол? Кімді айтып тұрсыңдар?

Бану (буылығып): – Әже…сіздің…Асан… сенің алдыңда арым таза. Ата-анам, сендердің алдарыңда да арым таза…Қош,Бағдат! Қош, ары тұнық адал жан! Айыптымын алдыңда…естідім әніңді…(долдана) Неге үндемейсің, Асан! Неге үндемейсің! (жылайды). Айып етпе, әже…Сезімнен басқаның бәрі сендердікі. Анашым, ақ сүтіңнің  қымбаты-ай! Әке…құдіретіңнің күштісі-ай! Қош, Бағдат! Қош, махаббат. (еңіреп отырып кетеді)

 

Сахнада Айбар. Қаламын столға қойып, жазылған шумақтарды оқиды.

 

Айбар:

Жылауға да хақың бар, жыла, Бану

Жаранды жаза алса егер жылағанның

Адастың ба жарқыным, адастың ба?!

Антың қайда неліктен шыдамадың?

Мен сені жұбатпаймын жыла, Бану!

Шын сүйген шыр айналып, кетпес еді,

Керек етсе ажалмен шектеседі

Осынау ән, ей, Бану, қайда жүрсең.

Арынның алдына кеп беттеседі,

Керек емес жасынды тыймағаның.

Бағдат үшін қайғырам, қиналамын…

Бір адамның басына бар бақытты

Қашан көрдің табиғат сыйлағаның?!

Жыла, Бану, мен сені жұбатпаймын,

Аяймын, аяймын да қуаттаймын.

Халқым жазған махаббат дастанын ап,

Аясында аспанның шуақтаймын.

Жыла, Бану, мен сені жұбатпаймын!

 

Шымылдық

10 жыл өткен соң

Асан, Бану, Айбар, Айша, Шырын үстелде отырады.

Асан:(орнынан тұрып) Замандастар! Достар! Үзілген Қуанышты жалғауға рұқсат етіңіздер! Алдымен, ауылдардың шалғайлығына қарамай, Бану екеуіміздің сөзімізді сыйлап, қуынышымызға ортақтасып отырған – Айбар саған, қазақтың нағыз жігітін іздеп тапқан, адал Айша саған мың мәрте рахмет! Біздің семьяның бай            ырғы досы Бағдат келе алмады. Бірінші сөз соныкі еді. Бүгінгі қуаныштың иесі, достар, біздің тұңғышымыз-Мақсат. Ол мектеп бітіріп, Москваға оқуға жүргелі жатыр. (бәрі қол соғады) Өткенді еске алмаса, бүгіннің қателігін түзеу қиын, Айбар. Бір кездегі сенің дастанының жағымсыз кейіпкерлері алдарында тұр. Жо-жоқ айыбымды айтып ақталайын деп тұрғаным жоқ. Алайда болар іс болғасын, кейін семья тұнықтығын лайламауға, біздің ұлы программамызда айтылған ұлы өсиеттерден адаспауға, азаматтық борышымызды адал орындауға тырыстық, ауытқымадық.

 

Бану: Махаббатқа бергісіз, махаббаттан да жоғары адамшылық достық деген бар. Біз табыстық, достастық.Жастық қаншама желіктіргенмен біз адаспадық. Мына отырған Асан құрбының басынанөзімде жоқ өзгеше қасиеттер таптым, рахмет Асанға! Асан сен ғафу ет. Кейбір жас адамдарға тән бейбастығы жоқ нәзік жанды, үлкен жүректі, саналы, сүйікті Бағдат мен үшін әлі сол қалпында.Енді оны мен ғана емес, менің семьям,  менің ұл-қызым, менің халқым, Отаным сүйеді. Ендігі сөзді Бағыдат алсын!

 

Барып радиодағы Бағыдаттың «Қош, махаббат!» әнін ойнатады. Бәрі тыңдайды.

 

Бану: Қош, махаббат! Қош, жастық! Сол үшін орнымыздан тұрайық замандастар!!!

 

Бәрі орындарынан көтеріледі

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *