«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ашық сабақтың әзірлемесі


Табуктинова Жайдары Нургалиевна
преподаватель казахского языка
Екибастузского колледжа инженерно-технического института имени академика Сатпаева

  Сабақтың тақырыбы: Ұрпағына шәкірт ойын жеткізген Сұлтанмахмұт Торайғыров.
 

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы жайлы алған білімдерін тереңдете отырып,  «Шәкірт ойы» өлеңін мәнерлеп оқытып, талдату, мағынасын ашу, өлеңнің тақырыбы мен идеялық мұратын ашу, өз ой-пікірін айтқызу.

Ә)  Тәрбиелік: Өлең арқылы адамгершілікке, мейірімділікке баулу, оқу – білімнің маңыздылығын ұғындыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Б) Дамытушылық:     Шығарманың танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқап, түсіне алатын нәтижеге жеткізу. Түйінді ой айтуға, ойды қорытып, жеке пікірін айта білуге жетелеу, шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, «Автор орындығы», «Екі жақты бақылау күнделігі»
Сабақтың көрнекілігі: ақын портреті, шығармалар жинағы, интерактивті тақта, ЭЕМ құралдары

 

Сабақтың құрылымы:

  1. Сырлы сөз – саф алтын
  2. Дәріс «С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы»
  3. «Шәкірт ойы» өлеңін талдау
  4. Ой түйін

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды сабаққа әзірлеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

  1. Мотивациялық кезең:

ХІ ғасыр мен ХХ ғасыр тоғысында әдебиет әлеміне тың ой әкелген бірнеше біртуар тұлғалар бар. Олар шығармаларының тақырыптық маңыздылығымен, көркемдік шешімдерімен, жанрлық ерекшеліктерімен дараланады. Қазақ халқының рухын аспандата келген оптимистік көзқарастағы ақын-жазушылар көшін мына қайраткерлер бастайды.

 (Монитордан суреттері көрсетіледі)

Біз бүгінгі сабағымызды адам сезімін суреттеудің хас шебері, өзіндік үнін, азаматтық тұлғасын таныта білген ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармашылығына арнаймыз.

  1. Дәріс «С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы» (Самал Дәрібаев, филология ғылымының кандидаты, доцент).
  2. Мұғалім сөзі: «Сырлы сөз – саф алтын»

«Талпынам асыққандай жігіттікке» деп ақын өзі жырлағандай, оның өмірі күреске толы болды. Екі дәуір қоғамының саяси-әлеуметтік тұрақтылығын көрмей, не қилы аласапыран болып жатқанда да С.Торайғыров өзінің күрескер, халқы үшін жанын аямай еңбек етер үлкен тұлға екенін көрсете білді. Жасынан өнер-білімге, ғылымға құныға өскен ақын тағдыры оңай болмаған еді. Бір жасында анасынан айырылды, тұрмыстағы қиыншылық, көңілі қалаған оқуына қолы жете алмай өкінуі, науқасқа шалдығуы едәуір қиындық туғызды. Алайда, өжет те қайсар, алғыр да зерек Сұлтанмахмұт бұған бола мойымаған. Алдына адам болып шығуды мақсат етіп қойған ақын ұмтылыс, ізденіс үстінде болды. Жас ұрпақтың елге адал қызмет қылуы үшін өнер үйренуіне, шарқ ұрып талмай еңбектенуіне өмір жолында келер қиындықты жеңуді міндетіне алып, оптимистік қасиетін, өнерсүйгіштік өр мінезін көрсетеді. Яғни, ол өзін «жарық күнде сәуле қуған» халық баласы ретінде танытып, «елдің бетін толған айдай болып көруге» уәде етеді. Сондай-ақ, Сұлтанмахмұт – ұлы Абай дәстүрін жалғастырушы, Абайды өзіне ұстаз тұтқан. Абай ашқан поэтикалық мүмкіндікті өзі өмір сүрген қоғам шындығын, қайшылығын бейнелеуге еркін де кең пайдаланған шебер.

  1. Үй жұмысын тексеру: бейнеролик «Мұражайға саяхат» (әзірлегендер: Билялов Асхат, Балгенова Алия)

ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ

Жүргізуші (Садвокасова Дана):

-Құрметті ханымдар мен мырзалар!

XX ғасырдағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 120 жылдық мерейтойына арналған ғылыми кеңес отырысын ашуға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі отырысқа қатысып отырған көрнекті ғалымдар мен белгілі ақын-жазушылар, Сұлтанмамхұт әлемін зерттеушілер: Рахманқұл Бердібаев, Сәбит Мұқанов, Тұрсынбек Кәкішев, Серік Қирабаев, Мұзафар Әлімбаев.

-Құрметті Рахманқұл аға, Сұлтанмамхұт Торайғыров – халқымыздың ой тілегін білдіріп, көзін надандықтан ашуды арман еткен ақын ғой. Сіздің осы мәселе жөніндегі ойыңызды білгіміз келеді.

 

Р.БЕРДІБАЕВ:

Сұлтанмахмұт қараңғылық басқан қазақ көгіне «өрмелеп шығып күн болуды» ойлаған қазақ халқының кемеңгер перзенті еді. Оның есімі халықтың жадынан шығар емес. Ақын мұралары халқымыздың өткен өмірінің дәл шежіресі секілді қадірлі. Сұлтанмахмұт өз елінің адал азаматы болды. Азамат ақын қазақ халқының бақытты, мәдениетті ел болуын өмірлік арман етіп еді.

-Сәбит аға, ақын өз өлеңдерінде өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат – мақсатын, арман – аңсарын жырға қосады. Сіз ақынды рухани жағынан қалай бағамдайсыз?

С.МҰҚАНОВ:

-Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларының құндылығы соншалық, оны қаншалықты қайталап оқып, қаншалықты көп тыңдасаң да жалықтырмайды. Оқыған, тыңдаған сайын жаңа бір қырлары жарқырай көрініп, жаңа бір дүниені ашқандай болады да тұрады.

-Тұрсынбек аға, Сұлтанмахмұт өлеңдерінің негізгі тақырыбы жөнінде не айта аласыз?

Т.КӘКІШЕВ:

-Сұлтанмахмұт «қараңғы қазақ көгіне күн» болудың бірден-бір жолы – оқу, білім деп таныды. Бұл мәселені ол өзінің көптеген шығармаларында көтерді.  С. Торайғыров ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық саяси және тарихи – әлеуметтік оқиғаларға және қазақ жерінің өзгерістерге өзінің азаматтық ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының қатарына жатады.

-Серік аға, ақынның өмірі мен шығармашылығын сіз зор мақтаныш сезімімен айтып отырасыз, жас ұрпаққа үлгі етіп отырасыз. Осы ретте ақынның мұрасының зерттелуі жөнінде не айтасыз?

С.ҚИРАБАЕВ:

Сұлтанмахмұт өмірі, жасаған дәуірі мен шығармашылығы жайындағы мәліметтер көп адамға таныс. Бәрін де білетін сияқтымыз. Дегенмен жалпы жұртқа беймәлім «ақын құпиясы» да аз емес. Оның өмір сүрген ортасының күрделілігі мен қайшылықты сипаттары тудырған біраз туындылары да жабық күйінде қалып келді. Бүгін, көне мұраларымызды тугендеп, қайта қарап жатқан заманда Сұлтанмахмұтты да қайта оқу қажеттігі де осымен байланысты.

-Мұзафар аға, Сұлтанмахмұт қазақтың жыр – дариясын құрайтын үлкен, асау арналы өзеннің бірі болып қалмақ. Ол халық жүрегінен құрметті орын алады ғой.

М.ӘЛІМБАЕВ:

Иә, ұлы ақынның өлең-жырларын мен тілім шыға жаттап өстім. Өйткені, менің нағашыларым да, өз әкем де қадымша оқыған азаматтар еді. Нағашым Әбдірахман мен әкем Айтмағамбет – Уфадағы медресе Ғалияны бітірген кісілер. Ал анам Зейнеп тумысында ақын боп жаратылған уақыттан болар – балаларына Бұқар жырау, Абай, Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаев, Иса, Естай… өлеңдерін жастай жаттатты.

Ақындардың сұлтанын тудырған халқымыздың өзіндік өнер қасиетін үздіксіз зерттеп. Тани берейік.

-Құрметті көрермендер, осымен бүгінгі ғылыми отырысымыз аяқталды. Биыл Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 120 жыл толды. Бұл мереке оның мұрасын танудағы жаңа белес болмақ. Туған әдебиетіміздегі биік тұлға бұрынғыдан да биіктей түспек. Еңді оның таңдамалы туындыларын басты-басты шет тілдерге аударып, ұлы ақын тойына шашу шаша алсақ,  нұр үстіне нұр.

  1. «Шәкірт ойы» өлеңін талдау

Бүгінгі өтетін сабағымыз – өзін халықтың шәкіртімін деп есептейтін қазақтың ерекше дарынды, біртуар ақыны, Абайдың ізін жалғастырушы, туған елін, жерін сүйетін С.Торайғыровтың «Шәкірт ойы» деген өлеңіне арналады.

Өлеңді мұғалімнің жатқа оқуы

Шәкірт ойы

 

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып, күн болам!

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда, кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін,

Жылытуға мен кірермін!

Еңбек, бейнет  тарауы

Рақатқа сарқылар.

Қыздырып күннің қарауы

Надандық теңізі тартылар.

Орны отайып көгерер,

Қызығын жайлап ел көрер.

Тұрмыс, тағдыр – бірі  де

Бұл мақсаттан бұра алмас;

Қаһарман, Рүстем, Әлі де

Бұрам деп жолда тұра алмас.

Сыланған жардың күлісі,

Алдандырмас бірісі.


 

Оқушының жатқа оқуы  

Аудио таспадан оқуды қайта тыңдау

 

  • «Миға шабуыл» әдісі арқылы талдау:

 

Шәкірт нені армандайды?

Елдің жүрегі неге мұздаған?

Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді?

     2) Қызығушылықты ояту

Құрметті оқушылар, біз колледжде оқимыз. Колледж – біздің алтын ұямыз. Мұнда біз көптеген достар тауып, мамандық беретін ұстаздармен қауышамыз. Білім атты теңіздің тереңіне бас қойып, үлкен азамат болып тәрбиеленеміз. Осы колледж сөзіне күрделі топтастыру жасап көрейікші.

 

Ұжым

 

Үмітті ақтау                                     Топ                                          Ұлы тұлға

 
Тәрбие                                                 Ұстаз

 

Колледжп

Орта оқу орны

Білім                                                                                  Мұғалім

 

 
Оқушы                                                                        Педагог

 

Еңбек

 
Шәкірт                                         Өнер

 

Болашақ елдің тұтқасы                        Елге еңбек ету                          Өрге жүзу

  Ұстаз бен шәкірт бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Жер бетіндегі  барлық адамның, мейлі ол хан болсын, батыр немесе ақын болсын, ұстазы болады. Қазақ халқы ұстазды аса қадірлеген. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»  немесе «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» деген мақалдар осының дәлелі. Ұстаз – алдында отырған оқушыға «терең білім берсем,  «Адам » болатын түзу жолды көрсетсем»,-  деп ойлайды. Шәкірт «ата –анамның, ұстаздарымның» үмітін ақтап, елдің болашақ қамқоры «азамат» болсам» деп ойлайды.

Ал ХІХ ғасырда шәкірт не деп ойлады екен?

 

 

3) Мағынаны тану

Алдымен дәптерге өзіңнің шәкірт ретіндегі ойыңды жаз. Қоғамға, еліңе, Отаныңа, отбасыңа,  ата-анаңа тигізетін пайдаң жөнінде,  қандай қасиеттерің, қабілетің, дарының болғанын қалайтыныңды жазуға 3 минут уақыт беріледі.

Балалар, берілген уақытта өзінің қазіргі шәкірт, ертеңгі болашақ  елдің азаматы ретінде не істейтінін жазады. («Менің ойым» бөлімін толтырады )

Менің ойым Шәкірт ойы
Білімді болып, жоғарғы оқу орнына түскім келеді. Мамандық алып, еліме, туған жеріме адал қызмет еткім келеді. Білімімді, еңбегімді туған жеріме арнаймын. Ата-анамның, ұстаздарымның мақтанышы болғым келеді.

 

Қараңғы қазақ көгіне күн болу. Мұздаған елдің жүрегін біліммен жылыту.

Елінің көзін ашу,  көкірегін ояту, надандықты жою.

Халқын қараңғылықтан алып шығып, өзге елдермен теңестіру.

   

Енді сен өзіңді жазушымын деп есепте. Сенің жазғаның – жазушының әңгімесі. Тақтаға орындық қойып, жазушыны «Автор орындығына» шақырамыз. Оқушы дәптердегі өз ойын оқып береді.

Сенің ойыңды білдік.  Енді ақын Сұлтанмахмұттың шәкірт ретіндегі  ойы қандай екен. Оны өлеңді оқып, талдау арқылы ұғынамыз.

Өлеңді талқылау үшін алдын-ала дайындалған сұрақтар беріледі:

Шәкірт нені армандайды?

Күн болудағы мақсаты не?

Қазақ аспанында күн болу дегенді қалай түсінесің?

   
  3.Ой-толғаныс

Қазір бүгінгі сабақта оқып, түсінген өлеңімізге қорытынды пікір айтып, ой түйіндейтін кез келді. Ендеше, «Екі жақты бақылау күнделігін » толтырамыз.

Мәтіннен үзінді Оқушы көзқарасы Мақал-мәтел
Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, күн болам. Елімнің жанашыры, өрге сүйреушісі боламын. Қараңғылықтан алып шығамын, сауатсыздықты жоямын. Ер ел үшін туады,

Елі үшін өледі.

Мұздаған елдің жүрегін

Жылытуға мен кірермін.

Өзімнің жеке бас мәселемнен гөрі халықтың жағдайын жоғары қоямын.

Әрқашан еліме, туған жеріме адал қызмет етемін.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

 

«Дыбыстар сөйлейді». Сұлтанмахмұт

С-саңлақ, Ұ- ұлағатты, Л- лайықты. Т-талғампаз, А- арлы, Н- намысты, Т-талапты, М-мақсатшыл, А-айбынды, Х-халықшыл, М- махаббатты, Ұ- ұлы, Т- талантты.

Тапсырмалар:

1. Тақырып бойынша сөйлемдердің дұрыс не бұрыс екенін анықтаңдар.

 Тақырып бойынша сөйлемдер Дұрыс Бұрыс
1 С.Торайғыров Баянауылда туған.    
2 Ақын 1893 жылы туған.    
3 «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңінің авторы – С.Торайғыров.    
4 «Шәкірт ойы» өлеңі оқу-ағарту тақырыбына жазылған.    
5 Сұлтанмахмұт «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларын жазған.    
6 Сұлтанмахмұт ауылда бала оқытады.    
7 «Айқап» журналында жұмыс істейді.    
8 Ақын 1923 жылы қайтыс болады.    
9 Екібастұз қаласында Торайғыров көшесі бар.    
10 Торайғыров ескерткіші аттас мектептің жанында орналасқан.    

 

  1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, аударыңыз. Бастауышы мен баяндауышын көрсетіңіз.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ ақыны. Ол Көкшетау облысында туған. Сұлтанмахмұт есімі қазақ әдебиетінде берік орын алады. Оның алғашқы ұстазы – Нұрғали молда. 1916 жылы ақын Тарбағатайдан оралған ақын Томскі қаласына келеді. Ол қиыншылықта өмір сүреді. 1918-1919 жылдары ақын «Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларын жазады. 1920 жылдың 21 мамырында ұзаққа созылған аурудан қайтыс болады.

3. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді тауып, сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.

Ақын қазіргі …  … жылы туған. Ақын шығармашылығының өзекті тақырыбы – … Сұлтанмахмұттың оқу-ағарту жөнінде жазған өлеңдері – … Сұлтанмахмұт атымен көптеген … …. …. аталды. Баянауыл өңірінде … атындағы … …. бар. Ол небәрі … жыл өмір сүрген.

  1. Сөйлесуді тақырып мазмұны бойынша жалғастырыңдар. 

–          Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы не білесің?

–          Ол ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ірі өкілі.

 

  1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1) С.Торайғыров шығармаларын атаңыз.

2) С.Торайғыров жасөспірім кезінде алдына қандай мақсат қойды?

3) С.Торайғыровтың өлеңдері қандай тақырыпқа жазылған?

4) С.Торайғыровтың өмірбаянынан не білесіңдер?

5) Ақынның оқу-білім жайлы жазған өлеңдеріндегі негізгі ойды ашыңдар.

 

Үйге тапсырма: Қазіргі шәкірттерге мінездеме ретінде топтағы бір оқушыға мінездеме жазу.

Бағалау

Қорытынды

Жүсіп Баласағұнның «Біле бер, қанша білсең тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле-біле» деген сөзін әрқашан естеріңізге сақтап,білмекке  құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізден көрініс тауып, Күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.

2 комментария к “«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен ашық сабақтың әзірлемесі”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *