«Қыз сыны» байқауының сценарийі


Табуктинова Жайдары Нургалиевна
преподаватель казахского языка
Екибастузского колледжа инженерно-технического института имени академика Сатпаева

1 Жүргізуші:

-Армысыздар, ұстаздар, қонақтар!

 

2 Жүргізуші:

-Бармысыздар, оқушылар! Ұлттық құндылықтарды қастерлейтін, ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын қыздарға дұрыс бағыт-бағдар сілтеу, жастар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау,  жас буынды патриот етіп тәрбиелеу мақсатында өткізілгелі жатқан «Қыз өссе – елдің көркі» атты «Көктем аруы – 2016» байқауына қош келдіңіздер!

 

1 Жүргізуші:

Арулар – асыл жандар, сағыныштар,

Өкініштер, құшақтар, жалыныштар…

Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,

Жақсы көрсе балқытып, жанына ұстар.

Арулар – аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар – тіршілікке күре тамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап тұрар!

 

2 Жүргізуші:

-Ендеше, осы байқауға қатысатын, кешімізге нәр беретін аруларымызды ортаға шақырайық.

  1. Жақсы адам кімге болсын болар пана,

Мол оның тал бойында ақыл, сана.

Көркіне ақылы да сай келетін –

Бірінші келе жатқан – бұл _____________.

 

  1. Шығады мың бұралып ______________ биші,

Өнерді _______________ сүйген бәрің сүйші.

Қыздары бұл топтың бәрі өнерлі,

Шығады арасынан әнші, күйші.

 

  1. Қуантады білімменен бізді _____________ қыз,

Қол соғып қарсы алайық енді оны біз.

Білімің серік болсын талабыңа,

Бүгінгі қабыл болып тілегіміз.

 

  1. Құлпырған дала гүліндей _____________қыз,

Жүресің әркез күлімдей.

Арманыңа аңсаған,

Ақ ниетпен жет сүрінбей.

 

  1. Қыздардың бәрі сұлу салсаң назар,

Бәрі де арманына қолын созар.

Арманың орындалсын ______________ сенің,

Бұйыртса бақыт құсы саған қонар.

 

  1. Бәріміз жақсы көретін,

Жарыста демеу беретін,

Келесі біздің ______________қыз,

Шырқап ән салып беретін.

 

  1. Сабырлы әрі салмақты,

Өзі өнерлі, жан-жақты.

Келе жатқан ____________ қыз

Жарысты бүгін жалғапты.

 

1 Жүргізуші:

-Қыздарымыз түгел келіп орындарына жайғасты. Енді осы байқауға қалай дайындалғанымызды байқап көрейік.

(бейнесюжет көрсетіледі)

 

2 Жүргізуші:

-Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі «Қыз өссе – елдің көркі» сайысының әділқазылар алқасымен таныстыруды рұқсат етіңіздер!

  1. Колледж директоры –
  2. Директордың оқу ісінің орынбасары –
  3. Директордың тәрбие ісінің орынбасары –

 

1 Жүргізуші:

-Сонымен, сайысымыз бес сынақтан тұрады:

  1. «Мен қазақтың қызымын» – сайыстың алғашқы кезеңінде арулар өз-өздерін таныстыруы қажет;
  2. «Білім мен дәстүр» кезеңінде арулар салт-дәстүрге қатысты қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап беруге тиісті;
  3. «Ойлай білген оя да біледі» – арулар ою-өрнек өнерін көрсетеді;
  4. «Қыз көркі – шаш» – сайыстың бұл кезеңінде арулар шашты халықтық тәсілмен күтуге байланысты жарнама жасайды;
  5. Шығармашылық сайыс.

 

2 Жүргізуші:

-Сонымен, қатысушы қыздарға ақ жол тілеп, сайысымызды бастаймыз. Сайыскерлер реті алдын-ала жасалған жеребе бойынша мынадай.

-Сайысымыздың алғашқы кезеңі – «Мен қазақтың қызымын» атты таныстыру кезеңі.

 

1 Жүргізуші:

-Жас ару – жас ғұмырдың талғамысың,

Қуантқан әрбір үйді арманысың.

Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда

Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын, – дей келе сұрақ – жауап бөліміне шақырамыз. Қоржыннан сұрақтарды алып кезекпен жауап бересіздер.

 

 

 

 

 

Сұрақтар:

  1. Түйенің сүті (шұбат)
  2. Жүннен жасалған бұйым (киіз)
  3. Сәндік бұйым жасайтын адам (зергер)
  4. Ұлыс күні жасалатын тағам (Наурыз көже)
  5. Балаға байланысты қазақ халқының мерекелері (шілдехана, сүндет той, тілашар)
  6. Адамның 12 жылда бір келетін жас мөлшерінің өлшемі (мүшел жас)
  7. Қазақ халқының ұлттық ойындары (күрес, аударыспақ, бәйге, теңге алу)
  8. Тыйым сөздердің бірнешеуін айт.
  9. Қазақ халқының ұлттық киімдері (шапан, сәукеле)
  10. Ана туралы екі мақал айт.
  11. «Байғазы» деген не? (балалардың жаңа киімі, заты үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық)
  12. Қазақ халқының тарихында қандай хандар өткен? (Абылай, Әбілқайыр, Тәуке, Жәңгір)
  13. Қазақ халқының тарихында қандай батырлар өткен? (Қабанбай, Бөгенбей, Кенесары)
  14. Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен? (Қазыбек би, Әйтеке би, Төле би)
  15. «Айдар» деген не? (Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, өріп қояды. Ер балаға жасалады)
  16. «Базарлық» деген не? (Алыс сапарға, саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі)

 

2 Жүргізуші:

-Қазақ халқында өрнекті әшекеймен істелетін қолөнер түрлері көптеп саналады. Солардың ішінде ел арасына көп тараған түрі – ою-өрнек өнері. Сайыстың «Ойлай білген оя да біледі» кезеңінде аруларымыз саусақтарын айыстырып, шеберліктерін көрсетуге тиісті.

 

1 Жүргізуші:

Шеберлерім өнер тамып қолынан,

Жаңылмаған ата-баба жолынан.

Шебер қолдар өз өнерін көрсетсін,

Біз айтайық төрелігін соңынан.

Кезекті ою-өрнек кезеңіне берейік.

 

2 Жүргізуші:

-Сайыстың шарықтау сәті деп осы кезеңімізді атауға болады. «Қыздың көркі – шаш» демекші, қос бұрым етіп арқасына өрілген сүмбіл шаш ару кез келген адамның назарын өзіне аударады. Күнделікті өмірде  шашты күтіп, оны тарап, әдемілеп жинаудың өзі – өнер. Сайыстың осы кезеңінде қыздар шашты халықтық тәсілмен күтуге байланысты жарнама жасаулары тиіс.

 

1 Жүргізуші:

-Сауданың қозғаушы күші  саналатын жарнаманы қызықты жасаудың өзі адамнан режиссерлік талантты, актерлік шеберлікті талап етеді. Сайыстың осы бір күрделі кезеңінде арулар өздерінің қарым-қабілетін барынша ашулары қажет.

 

2 Жүргізуші:

Дауысың қандай сырлы еді,

Табиғатты тыңдатқан.

Көркің қандай нұрлы еді,

Таң шолпанмен астасқан.

Өнеріңді қане бүгін көрсетші,

Мына жұртқа қошеметтеп қол соққан, – дей отырып, аруларды өз өнерлерін көрсетуге шақырамыз.

 

1 Жүргізуші:

Жас ару алынбаған асуларсың,

Бүгінгі мерекеде тасудасың.

Халқымыздың әрқашанда үлгісі боп,

Күш-қайратың әрқашанда тасқындасың.

Өнермен өрге жүзіп шарықтадың,

Мақсатыңды талаппен анықтадың.

Сан қырлы таза гауһар секілденіп,

Қуантады өзіңді танытқаның, – дей келе қазылар алқасына сөз кезегін ұсынамыз.

(Жеңіске жеткен арулар марапатталады)

2 Жүргізуші:

-Сонымен, сайысымыз аяқталды. Келесі кездесенше сау-саламат болыңыздар.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *