«Қыз сыны – 2016» сайысының әзірлемесі


Кырыкбесова Айымгуль Ермековна
Преподаватель казахского языка и литературы
Екибастузский колледж инженерно-технического института им.академика Сатпаева

Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы»

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Қыздардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін – өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады.

1 – жүргізуші: Армысыздар құрметті студенттер, ұстаздар, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар! Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін 8 – наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

2 – жүргізуші:

Бүгінгі күні сіздерге мерекелік көңіл – күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Көрікті көктем аруы» атты қыздар байқауын тамашалауға шақырамыз!
1 – жүргізуші:
Арулар – аяулылыр, ардақтылар,
Өмірге жылу болып қалмақ болар.
Арулар – тіршілікке күре тамыр,
Өмірді бір – біріне жалғап тұрар.
2 – жүргізуші:
Сұлулыққа қарап көз тоймайды
Сұлулыққа өзін – өзі баяндайды
Естілер құдіретті бүгінгі сөз
Қыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.
1 – жүргізуші
Той пердесін ашайық
Жырдан шашу шашайық
Аруларды құрметтеп
Ән маржанын шашайық – деп ән жолдаймыз.
Жұмкей Жақсыбектің орындауында тамаша ән.

2 – жүргізуші:
Құрметті қауым! Бүгінгі өткелі отырған «Көрікті көктем аруы» атты Қыз сыны 2016 байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!

Байқаудың мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. Қыздардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін – өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

1 – жүргізуші:
Әділдікпен баға берер аруға
Әділдікпен жол береміз сынауға
Алқасын қазылардың біз сайлайық
Ақ аруды таңдап бүгін алуға – деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Қазылар алқасы

Колледж директоры – Бекетова Ардак Бейсенгалиевна

Директордың оқу ісі орынбасары – Шугурова Лариса Хамзиевна

Директордың тәрбие жұмысының орынбасары – Каримова Гульнар Сарсеновна

Арнайы пәндер оқытушысы – Самалбай Самал Саматовна

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы – Табуктинова Жайдары Нургалиевна

Саясаттану пәнінің оқытушысы – Аубакирова Жанна Омиртаевна
1 – жүргізуші:
Қос бұрымы аш беліне төгілген,
Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қыз
Ақ жүзінен аппақ сәуле төгілген.

 

2 – жүргізуші:

Тіл байланып қалатындай көргенде,
Сұлулықты соған ғана берген бе!
Кімде болса бас иеді мойындап,
Қарсы алдына қазақ қызы келгенде – дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.

 

1 – жүргізуші:
№ 1 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Мусабекова Нуркамал

2 – жүргізуші:
№ 2 аруымыз – УА тобының студенті Елеусизова Мадина

1 – жүргізуші:
№ 3 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Каирбекова Рабиға

2 – жүргізуші:
№ 4 аруымыз – МН-12 тобының студенті Тұрдыбекова Гульназ

1 – жүргізуші:
№ 5 аруымыз – МН-12 тобының студенті Букаева Айдана

2 – жүргізуші:
№ 6 аруымыз – ТЭ-21 тобының студенті Бектұрсынова Махаббат

1 – жүргізуші:
№ 7 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Балтабай Мадина
2 – жүргізуші: Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:
І – бөлім: «Сәлемдесу»  деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін – өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.
1 – жүргізуші:
ІІ – бөлім «Өз өнері»
деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)
2 – жүргізуші:
ІІІ – бөлім: «Үй тапсырмасы»
деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз қолдарымен жасалған тағамдарын ұсынады.

 

1 – жүргізуші:
ІV бөлім: «Сұрақ – жауап» Бұл бөлімде аруларымыз қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап береді.

2 – жүргізуші:
V- бөлім: «Қол өнері»
деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің шапшандығы мен пысықтығын көрсетеді.
1 – жүргізуші:
VI-бөлім: «Сән үлгісі»
деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді.
1 – жүргізуші:
Баурап алар бір ақ ауыз сәлемі
Қазақ қызы – әдепті де әдемі
Қазақ қызы – ақылына көркі сай
Тұнып тұрған сұлулықтың әлемі – дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін – өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар!
1 – жүргізуші:
№ 1 аруымыз – Мусабекова Нуркамал (презентация)

2 – жүргізуші:
№ 2 аруымыз –Елеусизова Мадина

1 – жүргізуші:
№ 3 аруымыз –Каирбекова Рабиға

2 – жүргізуші:
№ 4 аруымыз –Тұрдыбекова Гульназ

1 – жүргізуші:
№ 5 аруымыз –Букаева Айдана

2 – жүргізуші:
№ 6 аруымыз –Бектұрсынова Махаббат

1 – жүргізуші:
№ 7 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Балтабай Мадина

 

1 – жүргізуші
Сұлулықтың дүниеде барын қарап
Аққайың да ұрлана таңырқамақ
Пай – пай, шіркін! Қыздардың құдіреті – ай!
Ес еркінді әкеткен барымталап.

 

Жұмкей Жақсыбектің орындауында «Ұқсамайсың сен …» әні.

2 – жүргізуші

Өнері өрге жүзер талаптының
Дарыны талмай ұшар қанаттының
Әлди әуен әлемі өнер аты
Шарпып өтсін лебімен қанатының – деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз.
1 – жүргізуші:
№ 1 аруымыз – Мусабекова Нуркамал

2 – жүргізуші:
№ 2 аруымыз –Елеусизова Мадина

1 – жүргізуші:
№ 3 аруымыз –Каирбекова Рабиға

2 – жүргізуші:
№ 4 аруымыз –Тұрдыбекова Гульназ

1 – жүргізуші:
№ 5 аруымыз –Букаева Айдана

2 – жүргізуші:
№ 6 аруымыз –Бектұрсынова Махаббат

1 – жүргізуші:
№ 7 аруымыз –Балтабай Мадина

 

2 – жүргізуші

Қарсы алыңыздар Елеусизова Мадинаның орындауында «Қазақ  биі»

 

1 – жүргізуші

Нәзік жандар қашанда ел еркесі
Отбасының, Отанның берекесі
– дей келе Сіздерді «Үй тапсырмасы» бөлімін тамашалауға шақырамыз.

 

1 – жүргізуші:
№ 1 аруымыз – Мусабекова Нуркамал

2 – жүргізуші:
№ 2 аруымыз –Елеусизова Мадина

1 – жүргізуші:
№ 3 аруымыз –Каирбекова Рабиға

2 – жүргізуші:
№ 4 аруымыз –Тұрдабекова Гульназ

1 – жүргізуші:
№ 5 аруымыз –Букаева Айдана

2 – жүргізуші:
№ 6 аруымыз –Бектұрсынова Махаббат

1 – жүргізуші:
№ 7 аруымыз –Балтабай Мадина

 

1 – жүргізуші
Қапаров Еркебулан мен Кабек Алмаздың орындауында «Ханшайым» әні

 

1 – жүргізуші

Сайысымыздың «Сұрақ-жауап» бөлімінде аруларымыз қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап береді.
2 – жүргізуші
№ 1 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Мусабекова Нуркамал

  1. Ат тергеу деген не?
  2. Түйенің пірі?
  3. Асар жасау дегеніміз не?
  4. Байғазы беру деген не?
  5. Тұсау кесу дегеніміз не?

 

№ 2 аруымыз – УА тобының студенті Елеусизова Мадина

  1. Аузына түкірту деген не? Қалай түсінесіз?
  2. Ен салу деген не?
  3. Жол беру дегеніміз не?
  4. Көрімдік беру дегенді қалай түсінесіз?
  5. Қайырлы болсын айту дегеніміз не?

 

№ 3 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Каирбекова Рабиға

  1. Аяғына жығылу дегеніміз не?
  2. Қазан шегелеу дегеніміз не?
  3. Сүйінші сұрау дегеніміз не?
  4. Ұлыс күні жасалатын тағам?
  5. Жылқы атасы

№ 4 аруымыз – МН-12 тобының студенті Тұрдыбекова Гульназ

  1. Сәндік бұйым жасайтын адам?
  2. Жиен кім?
  3. Сүйек жаңғырту дегеніміз не?
    4. Түйенің сүті?
    5. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды?

 

№ 5 аруымыз – МН-12 тобының студенті Букаева Айдана

  1. Қазақ қыздарының бас киімі
    2. «Төрт аяқты бота тату, Екі аяқтыдан бөле тату» деген сөздегі «бөле» кім?
  2. Ең құрметті, қасиетті, жанашыр адам
  3. Теріден тігілген киім
    5. Сәлемдеме деген не?

 

№ 6 аруымыз – ТЭ-21 тобының студенті Бектұрсынова Махаббат

  1. Қысқолайсыз болып малдардың жаппай қырылуы
    2. Төрт түліктің жайылымы

3.Анаңды Меккеге 3 рет арқалап барсаңда

  1. Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын салт жырларды ата. 5. Не жетім?

 

№ 7 аруымыз – ОРПИ-21 тобының студенті Балтабай Мадина

  1. Ерулік дегеніміз не?
  2. Жеті қазына дегеніміз не ?
  3. Қымызмұрындық деген не?
  4. Шілдехана қандай дәстүр?
  5. Жүннен жасалған бұйым

 

 

2 – жүргізуші.

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем  ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй» – дегендей Жумадилова Динара орындауында күй тыңдайық.
Күй «Балбырауын» (Құрманғазы күйі)

Күй – «Ата толғауы»

 

1 – жүргізуші
Қазақ қызы – тамсандырған талайды,
Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.
Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,
Ай секілді асқақ ару арайлы – деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз.

 

2 – жүргізуші
V бөлім «Сән үлгісі»
Бұл бөлімде байқауға қатысушы бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән киім үлгісін көрсетеді. Қатысушының шаш үлгісіне де ерекше мән беріледі.

 

1 – жүргізуші:
№ 1 аруымыз – Мусабекова Нуркамал

2 – жүргізуші:
№ 2 аруымыз –Елеусизова Мадина

1 – жүргізуші:
№ 3 аруымыз –Каирбекова Рабиға

2 – жүргізуші:
№ 4 аруымыз –Тұрдыбекова Гульназ

1 – жүргізуші:
№ 5 аруымыз –Букаева Айдана

2 – жүргізуші:
№ 6 аруымыз –Бектұрсынова Махаббат

1 – жүргізуші:
№ 7 аруымыз –Балтабай Мадина
2 – жүргізуші:
Қадыр Мұраттың орындауында «Сезім» өлеңі.

V- бөлім: «Қол өнері» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өздерінің шапшандығы мен пысықтығын көрсетеді.
(қатысушыларға ине мен жіп беріледі, матаға түйме тігіледі)


1 – жүргізуші
:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Үлкен сыйлау ұққанға соның бәрін
Зердерлі ол, зейінді келіп сынар – дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.

2 – жүргізуші
Көркемдікке көмілген келбетіне,
Көз тимесін деп достым сен де тіле.
Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды,
Айна көктен жететін жер бетіне.

1 – жүргізуші
Құрметті көрермендер! Бүгінгі «Көрікті көктем аруы» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын! – дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *