Сценарий “Наурыз мерекесі”


Кырыкбесова Айымгуль Ермековна
Преподаватель казахского языка и литературы
Екибастузский колледж инженерно-технического института им.академика Сатпаева

1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, студенттер!

Құрметті қонақтар Әл-Фараби ауылына қош келіпсіздер!!!!

(рассказать про Аль-Фараби)

 

Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.

 

2- жүргізуші:

Наурыз Мейрамы – Праздник Наурыз, один из древнейших праздников, существующих у восточных народов. На всех  языках слово «Наурыз» звучит примерно одинаково и имеет один смысл – «Новый День».

 

1-жүргізуші.

Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

 

Студент:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

 

2-жүргізуші:

В давние времена казахи не имели календарей, а тем более часов и определяли время по лунному и солнечному календарю. По лунному календарю вели исчисление месяца, а по солнечному – исчисление года. 22 Марта – День весеннего равноденствия, когда продолжительность дня равняется продолжительности ночи, считается  началом Нового года. Этот день еще называют «Ұлыстын Ұлы Күні» –  «Великий День Народа». Новый Год начинается с Нового Дня – Наурыза.

 

1-жүргізуші:

Уа, халайық, халайық!

Ақ сандықты ашайық,

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).

 

2- жүргізуші:

В канун Дня Весеннего Равноденствия люди приводили в порядок жилье, расплачивались с долгами, мирились находившиеся в ссоре.

 

1-студент: Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған. Қызыр түні Жаңа жыл табалдырық аттап, үйге енгенде, «жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағылып қойылады.

 

2-студент: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды. «Жыл бойы ақ мол, дән тасқын-тасқын, жауын-шашын көп болсын» деп Қызыр түні ырысқа (бидай, тары, арпа, сұлы, жүгері т.б.) ыдыс атаулыны аққа (сүт, айран, шұбат, шалап, уыз, т.б.) және кәусар бұлақ суына толтырады.

 

3-студент: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селт еткізер», «Дір еткізер» деп атаған. Бұл дәстүрлі сыйлықтағы айна – пәктік жастықтың, тарақ – әдемілік пен сұлулықтың белгісі, иіссу – ( бүршігін жаңа жарған жауқазындай) құлпырудың, жайнай түсудің белгісі.

 

4-студент: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен.

Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген.

 

Студенттер күнге иіліп сәлем берген.

 

Үт – саңылау, тесіктен үйге түскен күн сәулесінің тозаңдануын – қазақ үт кірді деп есептейді. «Үт кірді, үйге құт кірді» деген қазақ мәтелінде күн нұрының жердегі тіршілікке жасар игі әсерін бейнелейтін үлкен мән бар.

 

 

Ренжіскен ағайындар татуласқан. Ұлыс күнінде сәлемдесуге қалыптасқан дәстүрі бар, кісілер бір-бірімен кездескенде:

 

– Жасың құтты болсын!

 

Өмір жасың ұзақ болсын!

 

Ұлыс бақты болсын!

 

Төрт түлік ақты болсын!

 

Ұлыс береке берсін!

 

Пәле-жала жерге берсін! –

 

деп құттықтаған.

 

5-студент: Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын  Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы,  қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.

Наурыз көже – келер жылы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақ міндетті түрде жасайтын арнаулы тағам. Наурыз көжені халық арасында «тілеу көже» деп те атай береді.  

 

1 – жүргізуші:

Сырмақ ойып, текемет, киіз басқан,
Өнерлі шеберлер бар даңқы асқан.
«Шеше көреген тон пішер» дегені рас,
Қыздарымыз шебер қолға араласқан, – дей отыра қыздарымыздың ою оюының кереметін тамашалайық. Ортаға қыздарымызды шақырайық.

(Осы жерде «Ою өрнек» дәстүрі сахналанады).

Күй тартылады.

 

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар енді сіздерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз. Жеңімпаздарға сыйлықтарымыз бар. Ойын бастамас бұрын әділ-қазылармен таныстыра кетейік. (Студент арасынан қазылар тағайындалады).

 

  1. Арқан тартыстан жарыс
  2. Қол күрестен жарыс

 

2-жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз.

 

Студент:

Наурыз жыры – қазақ халқының жаңа жыл, Наурызға арнап айтатын тұрмыс‑салт жырының бір түрі.

 

Студент:

Наурыз тілек – наурыз күнгі бет көрісіп, амандасу рәсімімен құттықтау негізінде тақпақпен айтылатын қуанышты тілек.

 

Студент:

Наурыз батасын бір студент оқиды.

 

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барса жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәлі-жала жерге енсін!
 

1-жүргізуші: Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ол күні қар не жаңбыр жауса, «нұр жауды», «туар жыл жақсы жыл болады» деп қуанған. Наурыз айында жауған қар басқа қарларға қарағанда ерекше аппақ, үлпілдек мапа болады да, «ақша қар» аталады.Осыған орай тілімізде мінезі балдай, сұлу  қызға айтылатын «Наурыздың ақша қарындай» деген теңеу бар. Ұлыс күні туған сәбилерге Наурызбай, Наурызбек, Мейрам, Мейрамгүл, Кіріс т.б. аттар қойылып, оларға бір жас қосылады.

 

 

2 – жүргізуші:

Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу – салты елімнің.
Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,
Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Құттықтау сөз директорға беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *