Сабақ “Кенді пайдалы қазбалар”


Балпанова  Гульмира  Оразалиновна

Көкшетау қаласының  №17 орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі

Мектеп басшысы:  Курмангалиева  Ляззат  Сурагановна

Мақсаты:

Білімділік:

Кенді қазбалармен таныстыру

Дамытушылық: Мәтінді түсініп оқуға төселдіру. Оқушыларды өз бетінше ой

қорытып сөйлеуге машықтандыру. Сын тұрғысынан қисынды ойлау білігін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларда қоршаған ортаны, табиғатты зерделеуге бағытталған іс – әрекет қалыптастыру, табиғат байлықтарын қорғай білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

  1. кенді пайдалы қазбаларды игеу жолдары және оларды адамдардың шаруашылықта қолдануы туралы біледі.
  2. 2.кенді пайдалы қазбаларды еліміздеге шоғырланған жерлерін еске түсіре отырып, айырмашылығын анықтайды.
  3. 3.Пайдалы қазбаларды үнемді пайдалану жолдары туралы өзіндік пайымдауларын дәлелдейді.

1.Психологиялық ахуал. (Дөңгеленіп тұрады)

Жер байлығы көп екен

Меңгеруді қалайды

Осының бәрін білдірген

Дүниетану сабағы.

  1. Топқа бөлу. (Жемістер арқылы 5 топқа бөлініп орындарына отырады.)

Үй тапсырмасын тексеру.

Тест арқылы тексеремін.  (Жеке жұмыс)

  1. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай нешеге бөлінеді?
    А) 2
    Ә) 3
    Б) 4
    Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады?
    А) тас көмір, мұнай, газ
    Ә) мұнай, гранит, мыс
    Б) газ, тас көмір, қорғасын
    3. Кенді пайдалы қазбалардың құрамында не болады?
    А) газ
    Ә) құм
    Б) металл
    4. Тас көмірдің аса ірікен орны қайда орналасқан?
    А) Өскемен, Семей
    Ә) Қарағанды, Екібастұз
    Б) Маңғыстау, Атырау
    5. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға не жатады?
    А) тұз, гранит, әктас
    Ә) мұнай, көмір, газ
    Б) алтын, газ, металл
    6Кен орны деп нені айтады?
    А) пайдалы қазбалардың шоғырланған жері
    Ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері
    Б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер
    7. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алынады?
    А) фосфорит, мәрмәр
    Ә) бензин, газ, жанармай
    Б) жанғыш газ, әктас

Тапсырманы тексергенде өз жұмыстарын көршісіне беріп,жұппен алмасып жұмыс істейді.

Сонымен,балалар, пайдалы қазбалар  үшке бөлінеді екен.Жанғыш,кенді пайдалы,кенге жатпайтын пайдалы қазбалар.

Жанғыш пайдалы қазбаға: көмір,мұнай,газ жатады.

Көмір- қатты,морт сынғыш,қара түсті,жақсы жанады,жылуды көп береді.

Мұнай-сұйық,қоңыр түсті,майлы зат.Судан жеңіл,жақсы жанады.

Қызығушылығын арттыру.

Ал енді қазір мен әр топқа пазылдар таратамын.

Пазылдарды құрастыру арқылы оқушылар  топтарының атын табады және пазылдағы бейнеленген суреттерді анықтай отырып,сабақтың тақырыбын ашады.

Ал,балалар сендерде ненің суреті шықты?

Темір,алтын,күміс,мыс және алюминий.Ендеше сендердің топтарыңның аттары

Темір тобы, Алюминий тобы, Мыс тобы, Күміс тобы, Алтын тобы

-Балалар  бұлар қандай қазбаға жатады?

-Кенді пайдалы қазбалар .

-Неге кенді қазбаларға жатады?

-Себебі, құрамында металдар бар.

-Ендеше ,балалар бүгінгі  тақырыбымыз  «Кенді пайдалы қазбалар».

-Балалар, бүгінгі  сабағымыздың мақсаты қандай  деп ойлайсыңдар?

-Кенді қазбалармен танысу.

-Жақсы, балалар .

Ой толғаныс.    «Әлемді шарлау»

Қазір мен сендерге  мәтін таратамын.
Тапсырма:
Мәтінді оқып, түсінгеніңді алдарыңдағы қағазға  жазыңдар , қажетті суреттерді  жапсырыңдар. Яғни қазір сендер  топпен жұмыс істейсіңдер.

–  Әр топ араларынан басшы сайлайды. Берілген тапсырманы орталарында талқылайды,яғни өз пікірлерін ортаға салады.

 «Темір»тобы

Темір- Жер бетінде көп кездесетін металл. Ол-қызғылт немесе қоңыр болады.Темір-қатты тас. Темір кенінен болат алады. Болаттан тұрмысқа қажетті және станок пен көліктерге керекті заттарды жасайды.Мысалы, көлік түрлерінің бәріне де болат керек. Шартты белгісі-

Пайдалы қазбаларды геологтар зерттейді. Темір –Рудный,

«Алюминий» тобы

Алюминий- ақшыл,күміс түсті,өте жеңіл металл,тіпті болаттан бірнеше есе жеңіл болады. Осы қасиетіне байланысты оны ұшақ пен ғарыш кемелерін жасауда пайдаланады.Сыртына қарағанда сазға ұқсайды.Бірақ ол суда ерімейді.Алюминийден қасық, шанышқы,кастрөл және түрлі тағамдарды- шоколад,шай, ірімшіктерді орайтын фольга жасайды. Шартты белгісі- А

Пайдалы қазбаларды геологтар зерттейді. Алюминий Арқалық қаласында шығады.

Сергіту сәті. «Шахтер келді  шахтаға »

Шахтер келді  шахтаға

Көмір қазып жалқына

Дайын болған көмірді

Ұсынады халқына.

«Мыс»тобы:

Мыс- бұл сарғылт-қызғылт түсті металл.Ол бойынан электр тоғын жақсы өткізеді. Сондықтан оны теледидар, радио, магнитафон, компьютер тағы        басқа   техникалық құралдарды жасауда пайдаланады.  Пайдалы қазбаларды геологтар зерттейді. Қазақтың тұңғыш геологі Қаныш Сәтбаев.  Шартты белгісі- Мыс Жезказған қаласында шығады.

 «Күміс» тобы.

Күміс- бағалы металдарға жатады. Күміс өте ерте заманнан бастап адам тұрмысында пайдаланылып келеді.. Одан күміс теңгелер, зергерлік бұйымдар жасайды.Жаратылыс жағынан күміс алтынға көп ұқсайды. Бірақ одан айырмасы —күміс жер бетінде алтындай тезімді емес, беті қарайады. Алтынға қарағанда күміс көп тарамаған минерал. Шартты белгісі-

Пайдалы қазбаларды геологтар зерттейді.

 «Алтын»тобы.

Алтын- бағалы заттардың бірі. Таза алтын сары түсті, соғылғыш болады. Алтынмен басқа металдардың бетін жалатады, сырға,жүзік әшекей бұйымдар жасайды. Табиғатта олар қоспасыз таза күйінде кездеседі. Шартты белгісі-

Пайдалы қазбаларды геологтар зерттейді. Степняк,Ақсу қалаларында шығады.

Сосын сағат тілімен келесі топқа ауысады да келесі кенді пайдалы қазба туралы ақпарат алады. Осылай әр топтан ақпарат жинап өз басшыларына есеп береді. Өз  клолтерлерін жинақтаған ақпараттармен толықтырады.

Әр топ басшылары ортаға шығып қорғайды.

Қорытынды.

Сабағымызды қортындылау қазір «Шартты белгілерді өз орнына орналастыр»  ойынын ойнаймыз.Ол үшін қазір  физикалық  картаға алдарыңдағы шартты белгілерді тиісті  қалаларға жапсырасыңдар.

Көмір-Қарағанды,Екібастұз, Темір-Қостанайдың жанында Рудныйда, Мұнай,табиғи газ–Атырау , Ақтауда,Алтын-Степняк,Ақсу қалаларында,Мыс– Жезқазғанда

-Бүгін сонымен не туралы өттік?

-Кенді пайдалы қазбалар.

-Қандай кенді пайдалы қазбалармен таныстыңдар?

Темір, Алюминий, Мыс, Күміс, Алтын

  Кері байланыс парағы.

Балалар сендерге сабақ ұнады ма?

Сабақ ұнады
сабақ ұнамады

Стикерлер жапсырады.

Бағалау
Үйге тапсырма:  Оқулықтағы 62-64 бетті мазмұндау

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *