Сабақ «Бейбіт күн жасасын  әлемде»


Балпанова  Гульмира  Оразалиновна

Көкшетау қаласының  №17 орта  мектебінің  бастауыш  сынып  мұғалімі

Мектеп басшысы:  Курмангалиева  Ляззат  Сурагановна

Сабақтың мақсаты:

Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары, олардың ерліктері жайлы мәліметтерді жинақтау арқылы бейбіт өмірдің жарын болашағын оқушыларға ұғындыру.

Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі

Бүгінгі ашық сабағымыз 7- кезеңнен тұрады.

І- кезең

Ұлы Отан соғыс жылдарына қысқаша шолу.

Суреттер бойынша  жумыс жасалды.

ІІ-кезең

Викториналық сұрақтар

1.Ұлы Отан соғысы қай жыл  басталды?

2.Қай ел алғашқы болып бұл соғысты бастады?

3.Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай қазақ азаматтарын білесіңдер?

4.Бұл азаматтар не үшін фашистермен соғысты?

5.Ұлы Отан соғысы неше жылға созылды?

6.Рейхстагқа алғаш болып  ту тіккен қазақстандық батыр?

7.Шығыстың қос жұлдызы  кім?

8.Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңес Одағының батыры атағын алған қазақстандықтарды ата.

9.Көкшетаулық Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр кім?

10.Ұлы Отан соғысы қай жылы аяқталды?Қай ел жеңіске жетті?

 

 

ІІІ- кезең

Сөзжұмбақ сайысы

  • Сөзжұмбақ

1

2- Сөзжұмбақ

2.jpg

3-Сөзжұмбақ

3

4-Сөзжұмбақ

 4

4-кезең

Мақал –мәтелдер  сайысы

Оқушылар Отанға, ерлікке , туған жерге байланысты мақал- мәтелдер айтады.

Отан оттан да ыстық

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Ер отан үшін туады, отан үшін өледі.

5- кезең

Жұмбақ сайысы

Жұмбақтар айтылады, шешуін өздері табады.

  1. Белі бүкір,

Алысқа түкір.

 

  1. Ұшарын жел біледі,

Қонарын сай біледі.

 

  1. Құс емес аспанда ұшады,

 

  1. Қара сиырым қарап тұр,

Қызыл сирым жалап тұр.

 

  1. Айдалада ақ отау,

Аузы мұрны жоқ отау.

6- кезең

Тақпақшылар сайысы

Оқушылар  9- мамырға арнап дайындаған тақпақтарын айтады.

Қорытынды : қатысқан топтар марапатталды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *