«Арулар-асыл жандар»


Жусупбекова Роза Клышбаевна
Қостанай облысы,Қостанай ауданы “Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі”ММ
Мектепалды даярлық сынып  1 санатты тәрбиешісі

Әуенмен 2-2-ден кіріп вальс билейді,би біткесін отырады. орындарына отырады.

Т-ші: Қымбатты әжелер,аналар,сүйкімді біздің қыздар,ұстаздар!

Бүгін біз көктемнің алғашқы күні аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз,мерекелеріңіз құтты болсын!

Ж-ші: Бала,бала,бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей.

Иісін жұпар аңқытқан.

Бұл кім?

Балалар: Ана,ана,ана!

Ж-ші: «Ана  деген бәйтерегі өмірдің,

Ана деген қуанышы көңілдің.

Ана деген әрбір үйдің жылуы,

Ана деген гүлі туған өмірдің»

Тақпақтар:

Бүгін наурыздың-сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

 

Ана деген асыл жан,

Мөлдіреп аққан бұлағың

Ана деген асыл жан,

Мойның таққан тұмарың.

Бізді өсірген апатай,

Еңбегің де зор екен.

Құтты болсын апатай,

Құтты болсын мерекең.

«Құттықтаймын мама туған күніңмен!» әні.

Аялаған,баптаған,

Асыраған,сақтаған.                                                          

Бәрін бізге үйреткен,

Анамызға мың алғыс.

 

Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен.

Құттықтаймын анашым,

Сегізінші наурызбен.

 

Жердегі бар тағамнан,

Ана сүті нәрлі екен.

Бұл жалғанда анамнан,

Сүйікті адам бар ма екен?

Т-ші: Ортаға «Аяулы анашым» әнімен Жанарысты шақырайық.

Т-ші: Бүгінгі мереке күні аналарымыздың анасы әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің,қазынасы бар»-деп бекер айтпаса керек.Келесі құттықтаулар әжелерімізге арналады.

Менің әжем жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем                                   

Ақ таяққа сүйеніп,

Аман-есен жүр әжем.

 

 

Әже деген көп шығар,

Әжемдей менің жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

 

Менің әжем,гүл әжем,

Алтын әжем,күн әжем.

Апам үшін,мен үшін,

Аман-есен жүр әжем

Хор «Жақсы көрем»  әні.

Ақ әжемді әрқашан,

Сыйлап жақсы көремін.

Қуантайын деп оны,

Өлең айтып беремін.

 

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Ойын «Өз немереңді тап»

Би. «Грация»

Ән «Бала тілегі» Н

Тақпақтар:

Ана өмір шуағы,

Бала оның шырағы.

Ана деген сол бір сөз,

Жүрегімде тұрады.

Жақсы көрем күлкіңді,

Айналайын ақ мамам,

Менің мамам сүйкімді,

Бәрінен де жақсы адам.

«Ана мен бала» әнімен Нарқыз бен анасын тамашалайық.

Би: «Тик-тоник»    

Бәрімізге анасың,

Біз үшін көп жанасың.                        

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын,анашым!

 

Аялаған анашым,

Мен үшін сен дарасың,

Құтты болсын мерекең,

Құттықтаймын анашым.

Ойын: «Жылы сөз айту»

«Көктем»  әні.

Т-ші: Қазір мен аналар мен балалардың арасында мақал жарысын өткізгелі тұрмын.Аналар бала туралы мақал,ал балалар ата-ана туралы мақал айтып жарысады.

Оқушылар:  Ананың көңілі балада,

Баланың көңілі далада.

 

Ана сүті-бал,

Бала тілі-бал.

 

Ағайын алтау,

Ана-біреу.

 

Ананың көңілі ұяда,

Баланың көңілі қияда.

 

Әке асқар тау,

Ана-етегіндегі бұлақ,

Бала жағасындағы құрақ.

 

Анаға құрмет,

Атаға ізет.

 

Т-ші: Керемет! Біздің балалар мақалды да біледі екен.Енді кішкентай қыздарымызды құттықтауға ортада   «Аспанға қараймын» әнімен  Нұралы,Жанарыс,Мансұр.

«Аспанға қараймын» әні.

Т-ші: Құрметті аналар,бүгінгі мерекелеріңізге арнап балаларыңыз сыйлықтар дайындады.Қабыл алыңыздар.

Көңілді музыкамен балалар өз қолынан жасаған сыйлықтарын аналарына сыйлайды.

«Мама» әні Нұралының орындауында.Әр оқушы анасымен билейді.

Т-ші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз-дей отырып,қымбатты да,аяулы аналар!

Мерекелеріңіз құтты болсын!Әлемдегі ең қамқор осы отырған сіздер.Дендеріңіз сау,көңілдеріңіз шат,әрқашан аман болайық.Аз ғана болса да балаларыңыз сіздерге қуаныш сыйлады деп ойлаймын.Мерекеміз осымен аяқталды.Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *