«Жолда жүре білеміз бе?»


Жусупбекова Роза Клышбаевна
Қостанай облысы,Қостанай ауданы “Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі”ММ
Мектепалды даярлық сынып  1 санатты тәрбиешісі

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы.

                                                

 Білім беру саласы: «Қатынас»

  Бөлімдері:«Қоршаған ортамен танысу»

  Тақырыбы: «Жолда жүре білеміз бе?

Мақсаты:Жолда жүру белгілерін ажырата білу. Жол тәртібі туралы түсінік беру.

Балалардың        көше, жолдың көлік жүретін бөлігін тротуар, жаяу жүргіншілер өтпелері,                          бағдаршам, көліктердің түрлері жайлы түсініктерін толықтыру, оларды бақылауға, тұжырымжауға,көшелерде өздерін дұрыс ұстауға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс:жиек жол, жаяу жүргіншілер.

Құрал жабдықтар: көліктер мен белгілердің суреттері.

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Ұйымдастырушы қозғашыу қызмет Психологиялық тренинг: «Достық шеңбері»

Сәлемдесу:  Ұл-қыз сәлем береміз.

Өнегелі өренбіз, Біздер- қазақ баласы,

Сәлем сөздің анасы, Сәлеметсіңдер ме балалар!

 

Балалар шеңберге тұрады, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталайды.

.Ұйымдастырушы ізденушілік . Балалар тақтадан не көріп тұрмыз?

Жолдар қандай болады?

Дұрыс жолда жүру тәртібін есімізге түсірейік.

Менің үш көзім бар.

Бір көзім «Кідір» дейді,

Бір көзім «Абайла» дейді.

Бір көзім «Қарап қалма» дейді.

Бағдаршам туралы тақпақ кім біледі?

Бағдаршам-өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз оның сырын біліп, тілін алу міндетіміз. Бағдаршам жол қозғалысына үш түсті жарығымен бағыт сілтейді.

Сергіту сәті: -Балалар көшеде біз тар жолымен, яғни жиек жолмен жүреміз.

-Балалар бізге қонақ келген сияқты.Бұл кісі жол сақшысы,сендерге жолда жүру ережесінен толық мағлұмат беруге келіпті.

Жол сақшысы:Жолда келе жатқанда өткел тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер. Қала көшелерімен келе жатқанда абай бол!Асықпа. Бағдаршам жоқ жерден жаяу жүргінші жақындап қалған көліктердің жылдамдығын болжап алып, жолдан өтуге көз жеткізген соң,жолды кесіп өте алады.

-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма?

-Жүріп келе жатқан көліктің алдынан өтіп кетемін деуші болма!Ол тоқтағанша, не өтіп кеткенше тоса тұр.

-Автобусқа міну тәртібін білесіңдер ме?

Ал енді, тақтадағы суретке назар аударыңдар. Жаяу жүргіншілерге арналған белгілерді мұқият есімізде сақтаймыз.Кеесі бейнеленген белгі-таңбасы- жер асты өтетін белгі. Бұл белгі қалаларда көп кездеседі.

Келесі таңбалы белгіде автобус бейнеленген.Әрбір жаяу жүргінші автобус,трамвай,тролейбус көп көліктерін аялдамадан кетуі қажет. Егер белгі болмаса жол жиегінде тосқан жөн.

Жол сақшысы:Балалар, мен сендерге «Сақ бол!» қимылды ойын әкелдім.Ойынның шарты:бәріміз шеңбер жасап тұра қаламыз, ол үшін бізге жол тәртібін реттейтін бағдаршам және жаяу жүргіншілер қажет.

-Балалар, сендердің жауаптарына көңілін толды, мені басқа бақшадағы балалар күтіп отыр.

Жол тәртібін білейік,

Аман есен жүрейік,-деп қоштасып шығып кетеді.

Көшелер, көліктер.

Тегіс жолдар, кең жолдар, ұзын жолдар, қысқа жолдар.

 

1-бала:Көреген дәл қырағы

Көшемізде тұрады.

Ашса кезек үш көзін,

Тоқта!Сақтан! Жол ашық!

2-бала:Қызыл көзі жанса,

Сары көзі жанса,

Мейлі көлік жоқта,

Қатып қалған жонша,

Қыбыр етпе, тоқта!

3-бала: Жанса көзі жасыл,

Жолың шайдай ашық.

Жүре бергін батыл,

Керегі жоқ сасып.

 

Жиек жол бар ғой,

Жандар үшін жаяу.

Деп оны тар ғой,

Шықпа жолға таяу.

Балалар жол сақшының айтып жатқан ережелерін естеріне сақтайды.

Макеттерді пайдалана отырып ережелерді көрсетіп ойын түрінде ойнайды.

Өтуге болмайды, машиналар тоқтаған кезде ғана жүре бастаймыз.

Балалар өлең жолдарын айтады:

Есігінен артқа,

Көлікке сен мінгін.

Кезекте сен алға

Артқы есіктен кіргін,

Енді есіктің алдыңғы

Түсеріңді білгін.

 

Балалар өздері автобусты қай жерде, қалай күтетіндерін айтады.

 

Балалар шеңберге тұрады,жасыл түсті кқрсеткенде балалар жүреді,сары түсті көрсеткенде қол шапалақтайды, қызыл текшені көрсеткенде барлығы тыныштық сақтайды.

 

Балалар жол сақшымен қоштасады, оның айтқан өлең жолдарын қайталап жаттайды.

Жетекші жөндеуші. Бүгінгі «Қоршаған ортамен таныстыру» оқу іс-әрекетінде жолда жүру ережесін, жаяу жүргіншілерге арналған бөліктермен таныстық.

Балаларға қорытынды сұрақтар қою, мадақтау.

Балалар жол белгілерінің атауларын айтады, қай кезде қалай пайдаланады.

Ережелерді естеріне түсіріп айтады.

 

Күтілетін нәтиже:

                                 а)Қолданады: жол ережелерін көшелерде.

                                 ә)Түсінеді: жол белгілерін білу керектігін.

б) Ұғынады: жол ережелерін сақтасан сақ боласын.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *