7- сынып биология «ЖАНУАРЛАРҒА АРНАЛҒАН СӘЙКЕСТІКТІ ТАП» ТАПСЫРМАЛАРЫ


Естаева Кульшат Таурбековна

Биология пәні мұғалімі

Шал ақын ауданы , Сергеевка қаласы, қазақ орта мектебі

Мектеп директорының аты- жөні: Исина Ырысты Олжабаевна

 

1 1. Жүйке түйіндері ең алғашқы рет қай типте пайда болды

2. Алғаш рет зәр шығару жүйесі қай тип жануарларында пайда болған

3. Алғаш қуыс пайда болған ағзалар

4. Тұңғыш рет қанайналым жүйесі пайда болған

А. жалпақ құрттар

Ә. қарапайымдылар

Б. жұмыр құрттар

В. буылтық құрттар

Г. ішекқуыстылар

2 1. Былқылдақденелілердің қозғалу мүшесі

2. Жалпақ құрттардың қозғалуы

3. Біржасушалы жәндік – бодоның қозғалуы

4. Буылтық құрттардың қозғалуы

А. талшықтары

Ә. бұлшықет көмегімен

Б. аяқ

В. бауырымен

Г. Кірпікшелер арқылы

3 1. Бауыраяқтылар өкілі

2. Қосжақтаулылар өкілі

3. Басаяқтылар өкілі

4. Ескекаяқтылар өкілі

А. сегізаяқ

Ә. айқұлақ

Б. қандауырша

В. жүзім ұлуы

Г. теңізмысық

4 1. Жасуныққа ұқсас ағзалық зат

2. Тынысалу мүшесі

3. Буынаяқтылар дернәсілі

4. Ересек бунақдене

А. демтүтік

Ә. нимфа

Б. имаго

В. дернәсіл

Г. хитин

5 1. Желбезек арқылы тыныс алады

2. Өкпе қапшығы арқылы тыныс алады немесе демтүтік

3. Тынысалу мүшесі- трахея /демтүтік/

4. Желбезектер туындыс

А. бунақденелілер

Ә. шаянтәрізділер

Б. өкпе

В. желбезек

Г. өрмекшітектестес

6 1. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым

2. Құрттарды зерттейтін ғылым

3. Балықтарды зерттейтін ғылым

4. Құстарды зерттейтін ғылым

5. Жорғалаушыларды зерттейтін ғылым

А. герпетология

Ә. гельминтология

Б. энтомология

В.орнитология

Г. этология

Ғ. ихтиология

7 1. Жүйке жүйесіндегі бас бөлігіндегі жүйке түйіндерінен басталып, денені бойлай созылып жатады

2. Жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы бір- бірімен байланысқан екі жұп жүйке түйіндерінен және құрсақ жүйке тізбегінен

3. Жүйке жүйесінің жүйке талшықтарының жинақталуынан ми түзіледі

4. Жұтқыншақ маңында жүйке шеңбері бар, одан жүйке созындылары таралады

А. жалпақ құрттар типі

Ә. жұлдызқұрттар

Б. былқылдақденелілер

В. тікентерілілер

Г. буылтық құрттар типі

8 1. Асқорыту жүйесі ауыз тісшелері-жұтқыншақ—қарын—-ішектің ортаңғы—ішектің соңғы бөлігі—аналь тесігі

2. Қорегін екі тәсілмен: жасуша ішінде және жасушадан тысқары

3. Ауыз—-түтік тәрізді 3 бөлімді ішектен—-аналь тесігі

4. Асқорыту мүшесі екі бөліктен: жұтқыншақ—-ішектің ортаңғы бөлігі

А. ішекқуыстылар

Ә. жалпақ құрттар

Б. былқылдақденелілер

В. жұмыр құрттар

Г. бауыраяқтылар

9 Зиянды бунақденелілерді жою әдістері

1. Зиянкестерді жинап алып өртеу

2. Инсектицидтер арқылы жою

3. Жәндіктермен қоректенетін ұсақ омыртқалы жануарларды зиянды бунақденелілерді құртуға пайдалану

4. Жерді өңдеу, арамшөптерді отау

А. биологиялық әдіс

Ә. диқаншылар мәдениетін көтеру

Б. қарапайым әдіс

В. химиялық әдіс

Г. тарихи әдіс

10 1. Балықтардың тыныс алу мүшесі

2. Құсатардың тыныс алу мүшесі

3. Қосмекенділердің тыныс алу мүшесі

4. Сүтқоректілердің тыныс алу мүшесі

А. өкпе

Ә. желбезек

Б. демтүтік

В. өкпе, ауа қапшығы

Г. тері, өкпе

11 1. Есту мүшесінде тек бір ғана үзеңгі сүйегі бар

2. Сыртқы және ортаңғы құлақ дабыл жарғағымен бөлінген

3. Есту мүшесі ішкі және ортаңғы құлақтан тұрады

4. Есту мүшесі тек ішкі құлақтан тұрады

А. құстар

Ә. сүтқоректілер

Б. құстар

В. балықтар

Г. қосмекенділер

12 Көбею

1. Сырттай ұрықтанады

2. Іштей ұрықтанады

3. Іштей ұрықтанады, дернәсілдері түрленбей дмиды

4. Сырттай ұрықтанады, дернәсілдері түрленбей дамиды

А. сүтқоректілер

Ә. былқылдақденелілер

Б.құстар

В. балықтар

Г. жорғалаушылар

13 1. Терісі жұқа, әрі құрғақ, бездері аз

2. Теріде май, тер, сүт, иіс шығаратын бездері болады

3. Терісі құрғақ, бездер аз

4. Теріс жұқа, тегіс және безді

А. сүтқоректілер класы

Ә. жорғалаушылар класы

Б. қосмекенділер класы

В. құстар класы

Г. балықтар

14 1. Құстардың мойын омыртқа саны

2. Қосмекенділердің мойын омыртқалар саны

3.Сүтқоректілердің мойын омыртқалар саны

4. Жорғалаушылардың мойын омыртқалар саны

А. 1

Ә. 11-25

Б. 7

В. 3

Г.8

15 1. Қаңқасы бассүйек, омыртқа жотасы мен кеуде қуысы, иық белдеуі мен алдыңғы аяқтары жамбас белдеуі мен артқы аяқтарынан тұрады

2. Омыртқа жотасы: мойын, тұлға, сегізкөз құйрық бөлімдеріне бөлінген

3. Омыртқа жотасы: тұлға және құйрық бөлімдерінен тұрады

4. Алғаш кеуде қуысы пайда болған омыртқалылар

А. жорғалаушылар

Ә. сүтқоректілер

Б. қосмекенділер

В. балықтар

16 Отрядтарын анықта:

1. кірпі, көртышқан

2. соқыртышқан, құндыз

3. сусар, кәмшат

4. түлен

А. кемірушілер

Ә. жыртқыштар

Б. бунақденеқоректілер

В. ескек аяқтылар

Г. буынаяқтылар

17 1. Саршұнақ , суырлар

2. қалталы соқыртышқан

3. Қолқанаттылар

4. Суда тіршілік ететіндер

А. құрлықта мекендейтін сүтқоректілер

Ә. құндыздар

Б. суда тіршілік ететін сүтқоректілер

В. ұшатын сүтқоректілер

Г. жер астында тіршілік ететін сүтқоректілер

18 1. Екі бүйрегі жамбасқа жақын орналасқан, қуығы болмайды

2. Қуығы клоакаға ашылады

3. Екі бүйрек, екі несепағар, сыңар қуық

4. Екі бүрегі жамбас аралығында орналасқан

А. сүтқоректілер

Ә. жорғалаушылар

Б. құстар

В. балықтар

Г. қосмекенділер

19 1. Жрегі үш қуысты, екі қарынша, бір жүрекше, екі қанайналым шеңбері, денесіне аралас қан тарайды

2. Қарыншасының арасында жартылай перде екіге бөлген, денесіне артерия қаны вена қанына қарағанда көбірек таралады

3. Жүрегі төрт қуысты, артерия және вена қаны араласпайды, сол жақ қарыншадан басталатын оң жақ қолқа доғасы сақталған

4. Жүрегі төрт қуысты, артерия мен вена қаны араласпайды, сол жақ қарыншадан басталатын қолқа тамыры сол жақ қолқаны құрайды

А. құстар

Ә. қосмекенділер

Б. сүтқоректілер

В. былқылдақденелілер

Г. жорғалаушылар

20 1. Жабайы жануарларды қолға үйрету орталықтарын анықтаған ғалым

2. Қазақтың биязы жүнді қойын шығарған ғалым

3. Арқар меринос қойын шығарған ғалымдар

4. Жібек көбелегінің қолтұқымын алған ғалым

А. В.А. Бальмонт

Ә. Б.Л. Астауров

Б. И.С. Бутарин, Ә. Есенжолов, А. Жандеркин

В. Н. И. Вавилов

Г. Мичурин

21 1. Жануарларды жүйелеудің негізін қалаушы

2. Туберкулез ауруының бактериясын анықтаған ғалым

3. Ағзаларда ауру тудыратын ұсақ ағзалар болатынын дәлелдеген ғалым

4. Темекі теңбелі вирусын ашқан ғалым

А. Р. Кох

Ә. Д: И: Ивановский

Б. К. Линней

В. Ч. Дарвин

Г. Л. Пастер

22 1. Көп қылтанды құрттардың  тыныс алу мүшесі

2. Тоспа ұлудың тыныс алу мүшесі

3. Бунақденелілердің тыныс алуы

4. қандауырша тыныс алады

А. желбезек саңылауы

Ә. перделер

Б. өкпе

В. желбезек

Г. демтүтік

23 1. Денесі екі қабаттан тұрады; денесінде бір ғана қуыс болады

2. Үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер

3. Денесінің ішкі қабырғасы мен ішегінің аралығында түтік тәрізді қуысы бар

4. Денесінде соңғы қуысы бар

А. буылтық құрттар

Ә. жалпақ құрттар

Б. буынаяқтылар

В. ішекқуыстылар

Г. жұмыр құрттар

24 1. Аузы шаншып соруға бейімделген

2. Ауыз мүшесі кеміруге бейімделген

3. Жалауға бейімделген

4. Шаншып жалауға бейімделген

А. сона

Ә. шегіртке

Б. шыбын

В. өрмекші

Г. биттер

25 1. Ересек көпқылтанды буылтық құрттардың дернәсілі

2. Ұшында бір буда қылтандары бар денеден бұлтиып шыққан өсінді

3. Қарапайым жәндіктердің денесін қаптайтын қабат

4. Зақымдалған, жойылған мүшелердің қалпына келуі

А. пелликула

Ә. трохофор

Б. регенерация

В. параподил

Г. амеба

26 1. Аталық безі мен аналық безі дене қуысының омыртқа жотасының екі жағында орналасқан

2. Аталық без бүйректің  жанында, аналық без дененің дене қуысында жатады

3. Іштей ұрықтанатын жануарлар

4. Сырттай ұрықтанатын жануарлар

А. сүтқоректілер

Ә. балықтар

Б. шаяндар

В. жорғалаушылар

Г. қосмекенділер

27 1. Зәр шығару мүшесі  екі- екіден орналасқан кішкене ақ имек түтікшелер

2. Бүйрек арқылы зәр шығаратын  ғза

3. Екі жасыл без арқылы зәр шығарады

4. Зәр шығару мүшесі

А. Шаян

Ә. елік

Б. Өрмекші

В. Шұбалшаң

Г. Былқылдақденелілер

28 1. құрлықта тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі

2. тұщы су қоймаларда тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі

3. биік таулы аймақтарда мекендейтін жыртқыш

4. қысқы ұйқыға кететін , қорек талғамайтын жыртқыш

А. кәмшат

Ә. аю

Б. ақ аю

В. қарасусар

Г. ілбіс

 

 

One Reply to “7- сынып биология «ЖАНУАРЛАРҒА АРНАЛҒАН СӘЙКЕСТІКТІ ТАП» ТАПСЫРМАЛАРЫ”

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *