6 сынып «ӨСІМДІКТЕР» бөліміне арналған сәйкестікті табуға арналған тапсырмалар


Естаева Кульшат Таурбековна

Биология пәні мұғалімі

Шал ақын ауданы , Сергеевка қаласы, қазақ орта мектебі

Мектеп директорының аты- жөні: Исина Ырысты Олжабаевна

сұрақтары жауаптары
1 1. Талшығы, қызыл көзшесі болмайды

2. Хромотофоры жазық астау тәрізді

3. Хроматофоры оралма тәрізді орналасады

4. Хромотофоры  терең астау тәрізді

А. хломидомонада

Ә. хлорелла

Б. хлорококк

В. спирогира

Г. улотрикс

2 1. Топырақ бетін кілемдей тұтас жауып жататын екі үйлі өсімдік

2. Бір үйлі, қосжынысты өсімдік

3. Құрамында саңырауқұлақ жіпшелері бар

4. Су түбіндегі балшықтың бетін жауып жатады

А. шымтезек мүгі

Ә. жасыл мүк

Б. улотрикс

В. қына

Г. хломидоманада

3 1. Спора арқылы көбею тән

2. Жасушаларының құрылысында  ядро мен хлорофилі бар

3. Жасушасының қабықшасы хитиннен тұрады

4. Күй талғамайтын өсімдік

А. қына

Ә. балдыр

Б. бактериялар

В. саңырауқұлақтар

Г. мүктер

4 1. Жасушаның тек өсімдікке ғана тән бөлігі

2. Желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат

3. Сыртында 2 қабықшасы бар тығыз денешік

4. Өте тығыз, қосылыстарда ерімейтін бөлігі

А. ядро

Ә. қабық

Б. цитоплазма

В. вакуоль

Г. пластидтер

 

5 1. Бір- бірімен тығыз жанасқан жапырақтар

2. Жарты ай немесе бүйрек пішінді бір- бірімен жанасқан жасушалар

3. Жасушалары тығыз орналаспаған , кеңістіктері бар

4. Өңнің астына жанаса орналасқан жасушалар

А. бағаналы жасушалар

Ә. борпылдақ

Б. саңылау

В. жанаспалы

Г. өң жасушалары

6 1. Жай гүлсерікті өсімдік

2. Қос гүлсерікті өсімдік

3. Қос жынысты өсімдік

4. Екі үйлі өсімдіктер

5. Бір үйлі өсімдіктер

А. қызанақ

Ә.раушан

Б. қызғалдақ

В. қалақай

Г. асқабақ

Ғ. шие

7 1. Өркендерінің ұшында  спора түзетін масақтары болады

2. Споралары жапырақтарында түзіледі

3. Споралары қауашақта түзіледі

4. Өркені споралар піскеннен соң қурайды

А. мүктер

Ә. плаундар

Б.қырықжапырақтектестер

В. қырықбуындар

Г. қына

8 1. Шашақ гүлшоғырлы өсімдік

2. Гүлшоғыры күрделімасақ

3. Гүлшоғыры шоғырбас

4. Гүлшоғыры себет

А. өгейшөп

Ә. тары

Б. беде

В. итмұрын

Г. қарағай

9 1. Өздігінен тозаңданатын өсімдіктер

2. Айқас тозаңданатын өсімдіктер

3. Бунақденелілер арқылы тозаңданатын өсімдіктер

А. қант қызылшасы

Ә. лимон

Б. қоға

В. бетеге

10 1. Алабота тұқымдасқа жататын өсімдік

2. Асқабақ тұқымдасқа жататын өсімдік

3. Құлқайыргүлділер тұқымдасқа жататын өсімдік

4. Бұршақтұқымдасқа жататын өсімдіе

А. Раушан

Ә. қызыл мия

б. қызылша

В. қияр

Г. картоп

11 1. Орамжапырақтұқымдасқа жататын өсімдік

2. Көкнәр тұқымдасқа жататын өсімдік

3. Раушангүл тұқымдасқа жататын өсімдік

4. Бұршақ тұқымдасқа жататын өсімдік

А. қызанақ

Ә. жантақ

Б. шомыр

В. апиын

Г. шетен

12 1. Алқа тұқымдасыеа жататын өсімдіктер гүлінің формуласы

2. Раушан тұқымдасына жататын өсімдіктер гүлінің формуласы

3. Күрделігүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктер гүлінің формуласы

4. Асқабақ тұқымдасына жататын өсімдіктер гүлінің формуласы

А. ТоК(5)А(5)Ж(5)

Ә. Т(5)К(5)АоЖ(3)

Б. Т(5)К(3+2)Ж(2)А(9)+1

В. Т(5)К(5)А5Ж2

Г. Т(5)К(5)А/шексіз/Ж1

 

13 1. Түйнек арқылы көбейтіледі

2. Пиязшықтары арқылы көбейтіледі

3. Қатар өскен екі өсімдікті бір- біріне жанастыра телу арқылы

4. Қалемша арқылы көбейту

А. традесканция

Ә. картоп

Б. қызғалдақ

В. қырықжапырақ

Г. қарақат

14 1. Түрі өзгерген өркен

2. Түрі өзгерген жер үсті сабақтар

3. Түрі өзгерген жапырақ

4. Түрі өзгерген жер асты сабақтар

А. тамырсабақ

Ә. тікен

Б. сояу

В. сабақ

Г. пиязшық

15  Раушангүлділердің :

1.Жабайы өсетін өсімдіктері

2. Әсемдік үшін өсірілетіні

3. Бұталы өсімдік

4. Ағаш түрінде

А. долана

Ә. қалақай

Б. таңқурай

В. алма

Г. теңгежапырақ

16 1. Астық тұқымдасына жататын өсімдіктер гүлінің формуласы

2. Лалагүл тұқымдасына жататын өсімдіктер гүлінің формуласы

3. Інжугүл тұқымдасына жататын өсімдіктер гүлінің формуласы

4. Шаршыгүлділер тұқымдасына жататын өсімдікткер гүлінің формуласы

А.Гс3+3А3+3Ж(3)

Ә. Гс(3+3)А(3+3)Ж(3)

Б. Т0К(5)А(5)Ж(5)

В. Т2+2К4А2+4Ж(2)

Г. Гж2А3Ж(3)

 

17 1. Гүлшоғыры шашақты немесе жеке гүлді

2. Гүлшоғыры себетгүл

3. Масақ, шашақ, сыпыртқыгүл болуы мүмкін

4. Шоғырбас, шатыршагүл, масақ болуы мүмкін

А. алабота

Ә. бұршақ

Б. күрделігүл тұқымдас

В. алқатұқымдастар

Г. асқабақтұқымдас

18 1. Жемісі қабақ

2. Жемісі бұршаққын

3. Жемісі қауашақ

4. Жемісі жидек

А. құлқайыргүлділер

Ә. асқабақ тұқымдастар

б. алқа тұқымдастар

В. күрделігүлтұқымдас

Г. шаршыгүл тұқымдастар

19 1. Құрғақ жемісті өсімдік

2. Шырынды жеміс

3. Жемісі қауашақ

4. Жемісі тұқымша

А. Қызғалдақ

Ә. бидай

Б. алқа

В. шомыр

Г. бақбақ

20 1. Жемтамырлы өсімдік

2. Тіреу тамырлы өсімдік

3. Түйнек тамырлы

4. Ауа тамыры бар

А. батат

Ә. кипарис

Б. бамбук

В. шомыр

Г. үнді фикусы

21 1. Тұқымы 1-4 градуста өнеді

2. Тұқымы 12-20 градуста себілетін тұқымдар

3. Тұқымы 5-6 градуста өнетін тұқымдар

4. 2-5 см тереңдікке себілетін өсімдіктер

А. қияр

Ә. бұршақ

Б. жүгері

В. қызылша

Г. қызанақ

22 1. Тұқымы жел арқылы таралатын өсімдік

2. Тұқымы су арқылы таралатын өсімдік

3. Тұқымы жануарлар арқылы таралатын өсімдік

4. Тұқымы өздігінен таралатын өсімдік

А. жауқазын

Ә. астра

Б. қайың

В. жалбыз

Г. таңқурай

23 1. Жатынның тұқым бүршігінен дамиды

2. Жасушаларында қоректік заттары бар

3. Тұқымның жеміске бекінетін жері

4. Тозаңданудан кейін болады

А. ұрықтану

Ә. тұқым

Б. тұқым кіндігі

В. эндосперм

Г. гамета

24 1. Жеміс серігі ағаштанып, қатайып кеткен

2. Тұқымы жеміс серігімен  тұтасып бірігіп кеткен

3. Жеміс серігінің  біраз бөлігі жұқа

4. Сырты жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымы көп

А. қанатша

Ә. жидек

Б. тұқымша

В. күріш

Г. жаңғақ

25 1. Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу

2. Бір, екі, үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды, түріне қарай қақырау жолдары түрліше

3. Қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар

4. Жеміс серігі тұқымымен бірікпеген

А. бұршаққын

Ә. дәнек

Б. тұқымша

В. қауашақ

Г. бұршаққап

26 1. Жемісі тұқымша

2. Жемісі үшұялы қауашақ

3. Жемісі сүйекті- шырынды

4. Жемісі бұршаққап

А. раушангүл тұқымдас

Ә. бұршақ тұқымдастар

Б. алқа тұқымдастар

В. күрделігүлділер

Г. құртқашаш тұқымдастар

27 1. Топырақтан ризоидтары арқылы су мен минералды заттарды сіңіреді

2. Су мен онда еріген минералды тұздарды сабақ арқылы сіңіреді

3. Сабағы жерге төселіп, тамыры төмен бағытталады

4. Ылғалдылығы жоғары қышқыл топырақта кездесетін өсімдік

А. плаунтектестер

Ә. шымтезек мүгі

Б. қырықбуынтектестер

В. жасыл мүктер

Г.қырықжапырақтектестер

28 1. Тек жасыл өсімдіктердің хлоропластарында жүреді

2. Органикалық заттардың энергиясы босап шығады

3. Органикалық заттар тотығады

А. тынысалу

Ә. фотосинтез

Б. тынысалу кезінде

В. органикалық заттардың ыдырауы

29 1. Өсімдіктердің жапырақ шығаратын буын және буынаралығы болады

2. Топырақтан қоректік заттарды сорады

3. Жсаушадағы артық суды буландырады

4. Көбеюге қажетті  жыныс мүшелері бар

А. жапырақ

Ә. өркен

Б. тамыр

В. гүл

Г.Сабақ арқылы

30 1. Жапырақтарында споралар түзіліп, көбеюге қатысады

2. Жапырақ жасушаларының ішінде цитоплазмасы жоқ өлі жасушалар болады

3. Жапырақтары қоңыр түсті, қабыршақтанған

4. Жерге төселіп өсетін сабағынан жоғары ұсақ жапырақтар өседі

А. қырықбуын тектестер

Ә.қырықжапырақтектестер

Б. шымтезек мүгі

В. плаундар

Г. ашық тұқымдылар

31 1. Жеуге жарамды саңырауқұлақ

2. Жеуге жарамсыз саңырауқұлақ

3. Паразит саңырауқұлақ

4. Зеңсаңырауқұлағы

А. қастауыш

Ә. аспергилл

Б. қозықұйрық

В. мукор

Г. көңілкеш

32 1. Денесінде ұлпалары болмайтын, мүшелерге бөлінбейтін өсімдік бөлігі

2. Солтүстік өңірдегі қарағайлы орманда өсетін өсімдік

3. Табиғи жағдайда өсіріліп, тағкм ретінде пайдаланылатын өсімдік

4. Арнайы зат, зиянды бактериялардың өсуін тежейді

 

А. антибиотиктер

Ә. порфира

Б. таллом

В. аспаргилл

Г. кладония

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *