ЖОБА ЖҰМЫСЫ Тақырыбы: «PISA Халықаралық зерттеу бағдарламасы әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың функционалдық- сауаттылықтарын дамыту жолдары


Ожикаева Саруар Бейсембиевна, география пәні мұғалімі, Шал ақын ауданы,Сергеевка қаласы, Қазақ орта мектебі КММ

Мектеп директоры: Исина Ырысты Олжабаевна

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық  орталығы» АО  филиалы

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін  арттыру институты    

 

«Инновациялық технологиялар және жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасы

 

 

 

Шал ақын ауданының Сергеев қазақ орта-мектеп интернатының 

География-биология пәні мұғалімі

                              Ожикаева Саруар Бейсембиевнаның                             

ЖОБА ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «PISA Халықаралық зерттеу бағдарламасы әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың  функционалдық- сауаттылықтарын дамыту жолдары

 

 

 

 Тексерген    Нурушева Б.С.

 

 

 

Петропавл

2014

 

  1. Кіріспе…………………………………………………………………… .
    • Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту мақсатында PISA Халықаралық зерттеу бағдарламасының   стратегияларын қолданудың тиімділігі

 

  1. Негізгі бөлімі………………………………………………………

2.1 PISA Халықаралық зерттеу бағдарламасы әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары.

2.2     Функционалдық сауаттылық тұрғыдан ойлауды дамыту ерекшеліктері

Қорытынды…………………………………………………………….   . 16

Пайдалынған әдебиеттер тізіімі……………………………………….    17

Қосымша……………………………………………………………….    .18

 

Кіріспе.

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері тұр, өйткені адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет етуде. Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне қатысты. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау-бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды. Еліміздің 2011 жылы өткен халықаралық PISA- 2012 апробациялық зерттеуіне, 2012 жылы сәуір айында болатын PISA- 2012 негізгі зерттеуіне қатысуы, өзін-өзі дамытуды максималды түрде іске асыру мен қоғам өмірінде орынды қатысу үшін өздігінен іздену, талдау жасау, құрылымдау, ақпараттарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Мақсаты: Әлемдік деңгейде салыстырылатын әр мемлекеттің оқыту нәтижелері жөніндегі сенімді мәліметтерді алу, саралау.

Міндеті:  – ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға арналған белсенді стратегияларды қолдану;

– PISA талаптарына сәйкес тапсырма мысалдарын құруды үйрену;

– оқушы құзырлылығын бағалаудың  формативті және суммативті стратегияларын үйрену.

– Білім беру саласындағы әлемдік басымдықтарды сипаттайтын зерттеу құралдарының негізінде обьективті өлшеулер арқылы алынған айқын нәтижелерді талдау болып табылады.

 

Болжам:

PISA бағдарламасы міндетті білім алуды аяқтаудың алдында тұрған оқушылардың қоғамның толыққанды мүшесі болу үшін қажетті белгілі бір білім мен машықтар жиынтығын қаншалықты жақсы меңгергенін бағалауды көздейді. Басқаша айтқанда, оқушылардың ересек өмірге араласуға дайындық дәрежесі бағаланады.

Тестілеу үдерісінде оқушылардың көңіл-күйлеріндегі эмоционалдық және физикалық  қолайсыздықтарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.

Зерттеу әдіс-тәсілдері:

«Мен-Сен- Біз»

«Әткеншек»

«Білем, Білгім келеді, Білдім»

«Миға шабуыл» және т.б

Гипотеза: PISA зерттеуінің кезекті 2015 жылы зерттеудің ғылыми фунционалдық  сауаттылығын дамыту стратегияларын   зерттеу.

Зерттеудің  кезеңдері:

  • Кітаптарды, журналдарды, тарихи әдебиеттерді, зерттеулерді оқып, материал жинау;
  • Материалдар жинағын құрастыру;
  • Ғылыми жобаны компьютерге теру, басып шығару.

Объект: жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері.

Өзектілігі:  қазіргі білім берудің мақсаттары мен міндеттеріне негізделеді: социум өміріне тиімді түрде қатыса алатын құзыреттіліктердің қалыптасуы, нақты бір жағдайға нақты модельдерді қолданудың нәтижесінде оқушыларды әлеуметтендірудің қажетті талаптары болып саналатын функционалды ғылыми-жаратылыстану сауаттылық бағытын қалыптастыру.

Жаратылыстану пәндері бойынша ғылыми концепцияны түсіну, білу , жеке шешім қабылдай білу, қоғамның мәдени экономикалық дамуына әсер ете білетін белсенді азаматты әр түрлі форматтағы тест  тапсырмаларын орындату тәсілдері арқылы қалыптастыру.

Проблема: 1. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылықты қалыптастырудың педагогикалық шарттары- оқушылардың оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамытудың негізі.

  1. Оқушылардың білім алуының аралық нәтижелерін бақылау және мәселелік есептерді шешу;
  2. PISA бағдарламасының оқу жоспарына енуі;
  3. PISA бағдарламасы тапсырмаларын құрастыру және шешу
  4. Оқушылармен топтық жұмысты ұйымдастыруда жас мұғалімдердің теориялық және практикалық даярлығы;
  5. Бірлескен әдістерді қолдану арқылы мәселелерді шешу.
  6. Жаратылыстану пәндерін оқытуда сабақта оқушыға бағытталған пәнге байланысты біліктілікті қалыптастыруды жобалау қабілеттерін жеткіліксіз меңгеруі;

Жұмыстың практикалық маңызы:

Бүгінгі әлемде өзін ауқымды халықаралық контексте көрместен, білім беру саясатын әзірлеу аса қиын. Оның үстіне бұл білім беру реформаларын әзірлеушілерге жұмыс берушілердің, ата-аналардың, оқушылардың, тұтастай қоғамның, яғни білім беру қызметтерін пайдаланатын және салық төлейтін барлық адамдардың тарапынан қойылатын міндетті шартқа айналып келеді. Осындай зерттеулердің нәтижелері әдетте қоғамда кеңінен талқыланады және ел ішіндегі білім беру саясатын қалыптастыруға тікелей ықпал етеді. Мысалы, атап айтсақ, Ресей мен Қырғызстандағы мектеп оқушыларын тексеру нәтижелері қоғам мен кәсіпқой ортада үлкен назарға ие болып, оқытудың мазмұны мен әдістері туралы дәстүрлі түрде қалыптасқан түсініктерді елеулі тұрғыдан қайта қарау қажеттігі туралы мәселені күн тәртібіне шығарды. Осы елдердің халықаралық зерттеулерге қатысуының маңызды нәтижелерінің бірі сондай-ақ білім беру сапасын бағалаудың озық құралдарын әзірлеу мен қолдану саласындағы мамандарды кәсіптік тұрғыдан дамытудың жаңа мүмкіндіктерінің ашылуы болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту мақсатында  PISA Халықаралық зерттеу бағдарламасының   стратегияларын қолданудың тиімділігі

 

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың
2012 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында
2050 жылға дейін Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына енуі туралы нақты тапсырма берілді [1].

Оқушылардың функционалдық дамуы туралы мәселе алғаш рет Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстанның дамуының негізгі бағыты» Жолдауында [2]. көтерілген болатын. Онда осы мәселе бойынша бес жылдық Ұлттық іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы нақты тапсырма қойылған болатын.

Осы стратегиялық маңызды мәселені шешу тұлғаның негізгі функционалдық сапасын: белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру және бейтаныс жағдайда мәселенің шешімін таба білуін, кәсіптік даму жолдарын таба білуін, өмір бойы оқуын қалыптастыруға тікелей байланысты. Білім алушылардың функционалдық қабілеттері мектеп жағдайында қалыптасуға тиісті [2].

Төртінші механизм-қосымша білім беру жүйесін дамыту. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайы,музыка мектептері,жас техниктер мен натура-листер станциялары жұмыстарын түбегейлі өзгерту қарастырылған. Қазақстанның тарихында алғаш рет аталған ұйымдардың материалдық техникалық базасы жаңартылатын болады.Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық формалары енгізілетін болады. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т.б Бұл – шығармашылық пен инновацияға деген қызығушылықты арттырады. Мұндай оқыту жүйесі баланың санасына әлеуметтік тұрмысына, төңіректегі әлемге терең көзбен қарап үйреніп, жолығатын қиын мәселелерді оңай шешетін болады. Бұрынғыдай мектептен шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде пайдаланатын болады.

 

 

 

 

 

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.   PISA Халықаралық зерттеу бағдарламасы әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығындамыту жолдары.

«Егер мұғалім ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де жеміссіз болмақ», — деген ұлы ғалым Д.И.Менделеевтің өсиеті бар. Соған қарай қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін мұғалімнің қажырлы еңбегі және талантты балалармен жұмыс істеуі қажет. Ғылыми тәжірибе жасау, сонымен қатар экологиялық білімін көтеру мақсатында балалармен жұмыс істеу тиімді. Табиғат аясында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, тұжырым жасай білуге дағдыландыру, ғылыми конференцияларға қатыстыру, оқушының ойлау қабілетін дамыту, еңбекке баулу үлкен еңбек. Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.

Талдау әдістері:

Сандық талдау әдісі: картаграфиялық талдау әдісі, графиктік  талдау әдісі. Жоғарыда берілген зерттеу жұмыстарында қолданылатын әдістердің бәрін бірдей мектеп зертханасында қолдану мүмкін емес. Көптеген негізгі әдістерді қолдануға қажетті картамен схемалар түрлері география  кабинетінде жетіспейді. Әсіресе, сандық талдау әдістерін қолдануға мектепте мүмкіндік жоқ. 8-9 – шы сыныптарда сарамандық жұмыстар мен эксперименттік есептер шығарғанда біз сапалық талдау әдісімен ғана шектелеміз.

Онда да жүйелі талдау әдісін қолдануға мүмкіндік жоқ. Зерттеу жұмысының нәтижесі болу үшін, мұғалімнің басты міндеттерінің бірі — әрбір оқушының өз мүмкіндігін, қабілетін және икемділігін таныта білуге жағдай жасау. Себебі, оқушы шамасына қарай өз ісіне бейім болады, ал бейімділік – адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бетбұрысы, оған көңілі аууы, оянып келе жатқан қабілетінің алғашқы белгісі. Шын мәніндегі бейімділік әрекетті құштарлықпен ғана емес, оны нәтижелі орындаумен ерекшеленеді.

Мәселенің өзектілігі:

-Жаңаны тез, өз бетімен игеріп, дұрыс түсінетін, даулы мәселелерді оң шеше білетін, істің мағынасын терең және нақты түсінуге тырысатын байқағыштық қасиеті өте жақсы дамыған, сауатты сөйлейтін, білімді нақты игеріп, оны практикада асыратын, картаны  тілін, теориялық білімді тез меңгеріп, пәнаралық байланыстарға сүйеніп, географиялық үрдістің жүру барысына болжам жасай алатын жеке тұлға қалыптасады

— Мұғалімнің арнайы тапсырмалар дайындауы барысында оқушының ізденгіштік қасиеті үдей түседі;

— Әр жеке тұлғаның қабілетін ескеру арқылы өз аймағында дамуды қолдап әрекет ету қажет.

Зерттеу жұмысының сапалы болуына басты рөлді ең алдымен оқушының өз бетінше жүргізетін әрекеті, белсендігі атқарады. Мұндағы басты нәрсе, мейлі сабақ қанша сапалы, мұғалім білімді, шебер болсын, бала тарапынан ешқандай белсенді іс -әрекет байқалмаса, жұмыс нәтижелі деп айту мүмкін емес.

Қазіргі жаңа буын оқулықтары, оқытудың жаңа әдістері оқушылардың өз бетімен білім алып, дамуына мән беруде. Мұның өзі жас ерекшеліктері, қабілеттері әр түрлі деңгейдегі оқушының өз мүмкіндігін анықтауға жол ашуда. Кезінде өзіндік жұмыстың бала дамуындағы рөлін жете көре білген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялыларының бірі – ағартушы ғалым А.Байтұрсыновтың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі — балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдарын көрсетіп отыру.

География  сабақтарында оқушының шығармашыл қабілетін дамыту бірнеше бөліктерден тұрады: шығармашылық мотиві, шығармашылықпен ойлау қабілеті және оны шешу жолы, өзгемен бірлесе жұмыс істеу қабілеті, картаның  түрлі саласы бойынша білімді қолдану тәжірибесі мен нәтижесі. Осы ерекшеліктерді ескере отырып, тәжірибемде қабілетті жеке тұлғамен жұмысты мынадай жолдармен ұйымдастырамын:

Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстары:

а) сабақта оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы қабілетті балаларды тану.

Әрбір сабақ — мұғалімнің өз мақсатына жету уақыты. Сол себепті мен өз сабақтарымда күнделікті сабақ жоспарын жасауда оқушының өзіндік іс -әрекетіне қолдау болатын жұмыс түрлерін ұйымдастыруға көңіл бөлемін.

Өз бетінше жұмыс істеу – бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Онсыз оқушылардың шығармашыл қабілетін дамыту мүмкін емес. Егер оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен бейімділіктерін жүйелі түрде дамытып, олардың білім алуға шеберлігін және дағдысын дамытуға жағдай жасалса, әр оқушының өзіндік психологиялық ерекшеліктеріне сай жұмыс жүргізілсе, онда жалпы қабілеттілік те, арнаулы қабілеттілікті де жоғары деңгейде дамытуға болады. Қабілеттілік – адамның іс-әрекеті нәтижесінде дамып, ол жеке адамның ынтасына, бейімділік пен психологиялық үрдістер жиынтығына, шеберлік пен дағдысына байланысты болады. Білімнің жинақталуы адамның ынталануына септігін тигізіп, ал оның өзі жаңа білімді меңгеруге, сол білімді тереңдетуге, жан-жақты тұлға болып қалыптасуға жәрдем етеді. Жалпы қабілеттілік неғұрлым көбірек дамыса,. Географияға қызығатын еңбектің осы саласындағы әрекетке деген арнаулы қабілеттілігі қалыптасқан қызметкерлер ғана еліміздің химиялық зауыттарында, зертханаларда химиялық ғылыми зерттеу институттарында ойдағыдай еңбек ете алады. Оқушылардың география   сабағында зерттеу жұмысына деген қабілеттілігін қалыптастыру, 8-ші сыныптан бастап көптеген оқушылардың географияға  әуес болатыны мәлім. Мұндай оқушылар үшін географиядан  зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра отырып біз оларды өздігінен тиянақты білім алуға және жан-жақты дамуына қажетті алғышарттарды жасаймыз.

Зерттеулі оқыту – оқушылардың жалпы білім деңгейін көтеруге политехникалық ой -өрісін кеңейтуге жәрдем етіп және олардың география саласындағы еңбекке тәрбиелеу үшін оқыту үрдісінде теорияны практикамен, еңбекті ғылыми шығармашылық жұмыстармен тығыз байланыстырады.

Оқушының белсенділігін, қызығуын арттыруда жүргізілетін өзіндік жұмыс түрлері:

1.Логикалық дамытушы ойындары берілген тапсырмалар.

2.Өзіндік зерттеу жұмыстарын беру

Тапсырма.№1 Мәтінді оқу

Рахман қайнары Шығыс Қазақстан обылысының Қатон қарағай ауданындағы шипалы жылы су көзі. Оңтүстік Алтайдың шағын тектоникалық ойпатында арасан көлі жағасында, теңіз деңгейінен 1750м биіктікте айналасын тау, орман қоршаған өте көрікті жерде орналасқан.Су граниттегі терең тектоникалық жарықтан шығады. Температурасы +35 С, +42 С. Қайнардың шипалық қасиеті ертеден белгілі. Рахман қайнарының шипалық қасиеті оның құрамындағы көмір қышқылының, радонның молдығында.Суы тұщы, минералдылығы 200мг/л құрамында гидрокарбанаттар, натрии, кальции  т.б элементтері бар. Рахман қайнарының асқазан , құян , гинекологиялық, жүйке, тыныс ауруларын және әр түрлі улану мен жараларды емдеу үшін қолданылады.

Тапсырма №2 Дұрыс жауапты белгіле

Рахман қайнарының шипалық суының құрамындағы элементтерді белгіле:

  1. Натрии, кальций
  2. Кальций
  3. Гидрокарбонатттар, магний
  4. Алюминий, темір

Тапсырма №3:   Адам бұл мәтінді оқып, былай дейді: «Рахман қайнары халықтың денсаулығы үшін үлкен пайда әкеледі»

Сендер келісесіндер ме?

«Ия» немесе «Жоқ» сөздерін айналдыра сызындар. Өз жауаптарынды негіздеу үшін мәтінді қолданыңдар.

Тапсырма №4: Егер мәтінге сенетін болсақ Рахман қайнарын әлемге әйгілі етуге бола ма?

«Ия» немесе «Жоқ» сөздерін айналдыра сызындар. Жауаптарынды дәлелдеңдер.

Оқушыларды зерттеу жұмысы арқылы дайын материалдардан оқымай заттардың қасиеті туралы білімді зерттеу тәжірибе жұмыстары арқылы алады және алған білімі оқушылардың есінде жақсы сақталады.

Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушының ерекше қабілетін ашу, балаларды танып, әрі қарай оқушының жеке тұлғасын дамытуға көмегін тигізеді. Зерттеуге қабілетті баламен ғылыми жұмыс, түрлі қызықты тәжірибелер жасаудың тиімділігі өте жоғары кез келген  сабақтарында сегізінші сыныптан бастап  оқуға  деген қабілеті, бейімі және икемділігі бар оқушыларды сабақ барысында жеке өзіндік жұмыстар және түрлі логикалық сұрақтары бар тестер, эксперименттік тапсырмаларды орындату арқылы анықтаймын.

Шығармашылық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылардың ғылыми қоғамының география секциясындағы оқушыларға жеке шығармашылық жұмыс жүргізу үшін қоршаған орта және экология бағытында әр түрлі тақырыптағы жұмыстар берілді.

 

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияларды меңгерту мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтижелер  беруде.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар-оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни оның нәтижесінің жоғарғы деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында болды. Олар педагогикаға «жаңа технология» терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты-оқушылардың алатын білімдерін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болу. Осыған орай қазірде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолында мынандай  әдіс-тәсілдер қолдануға болады.
Мысалы:  «Миға шабуыл»-   тапсырмалар берілгенде оқушылар жұппен немесе шағын топпен  орындайды. Сын айтылмайды, бірін бірі тыңдайды, дұрыс жауапты таңдайды ,ерекше идеяларды қолдайды.

«Миға шабуыл» стратегиясы мынандай кезеңдерден тұрады:

  1. Ұйымдастыру сұрақтары
  2. Миға шабуыл\ сұрақтарды талдау\
  3. Дұрыс жауапты таңдап алу

 

«Мен- Сен-Біз»  стратегиясы

Оқушы берілген тапсырманы жеке орындайды, жанындағы оқушымен бөліседі. Жинаған мәліметтерді талдайды, талқылайды, бір қорытындыға келеді.

«Әткеншек» стратегиясы

Сыныпты 4-5 оқушыдан топтарға бөледі. Әр топқа тапсырма беріледі.

1 кезең. Әр топқа маркер және А1форматты қағаз беріледі. Әр топ өздерінің идеяларын қағазға түсіреді.

2 кезең. Сағат тілі бойынша топтар қағазда жазылған идеяларымен жазбаша түрде пікір алмасады.

Ескерту: Сонымен, әр топтың формат қағаздары барлық топтарды айналып шығып,өздеріне қайтып келеді.

  • кезең. Әр топтан бір оқушы шығып,өздерінің презентациясындағы позицияларын қорғайды.

 

«Білемін, Білгім келеді, Білдім» стратегиясы

Сабақтын басында оқушыларға толтыруға кесте беріледі, не білемін, не білгім келеді бағандары толтырылады. Сабақтың қорытынды кезеңінде білдім деген баған толтырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             Ғылыми  жұмыстың нәтижесі және қорытындысы:

  1. Белсенді оқыту стратегиясын қолдануды үйренді.
  2. Мектеп оқушыларының ғылыми жаратылыстану сауаттылығын дамыту үшін, белсенді оқыту стратегиясын қолдануды үйренеді.
  3. PISA бағдарламасы бойынша ғылыми жаратылыстану сауаттылығының элементтерін қорытындылау мен стратегиялар және дағдыларын анықтауды жүзеге асырады.
  4. Элементтердің құрылымын және PISA бағдарламасының стратегиясын, қорытындылау мен элементтердің шешімін табуды үйренді .
  5. PISA бағдарламасының элементтері типтерімен бірдей болатын, оқушыларға арналған элементтердің үлгілерін жасадық.. Сонымен, мұғалімдер логикалық, сыни және конструктивті ойлау негіздері қалыптастырудың тиімді әдістерін жеткілікті деңгейде қолдану керек

PISA Халықаралық зерттеу бағдарламасы әдіс тәсілдері арқылы  ойлауды дамыту жобасымен жұмыс істеу үшін осы ұғымның сырын түсініп алуымыз керек. Көптеген зерттеуші ғалымдар « әдіс тәсілдер арқылы ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл  ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді. Сындарлы ойлау ой-дамытудың негізі әрбір тұлғаның терең білімділігі мен тәжірибесінде.

Педагог К.Д.Ушинский былай дейді: «Біз жан – жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан – жақты зерттеп білуіміз керек». Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымымен басты белгілері мен сапаларын анықтаудың мәні зор.

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Назарбаев Н.Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ

Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам.// Егемен Қазақстан.10 шілде 2012.

  1. «Білім туралы» заң.// Егемен Қазақстан.15 тамыз 2007.
  2. Бектемірова Н. Бұл өмірге жолаушымыз бәріміз. // Егемен Қазақстан.

21 тамыз 2010.

www.bilimstat.edu.kz

www.edu.gov.kz.

www.bnews.kz

www.baq.kz.regional

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *