16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі»


Жолдыбаева Фариза Бердибековна

Степногорск қаласының №1 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып,желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау: жас ұрпақ бойына еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.

 

Тәрбиеші: Құрметті «Айгөлек» балабақша ұжымдары,ата-аналар,балабақша бүлдіршіндері,бүгін еліміздің сан мыңдаған жылдар бойы армандаған,сол жылда дүр сілкіндірген  Желтоқсан оқиғасымен келген,тарихымызда алтын әріптермен жазылып қалатын «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған  «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты  ертеңгілігімізді назарларыңызға ұсынамыз.

 

Залдың іші мерекеге сай безендірілген.Қазақтың ұлттық киімін киген балалар қолдарына жалауша ұстап музыка ырғағымен залға билеп кіреді.

Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

 

Жүргізуші: Құрметті қонақтар сүйікті балалар!Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына 24 жыл толды. Елу жылда ел жаңа демекші,өмір 20 жылда біраз өзгеріске ұщырады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп,өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі біз бүлдіршінбіз яғни сендерсіңдер. Сәби күлкісімен ана мейірімінің  сәні ешқашан бұзылмасын.

 

Абильмансур

Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан

 

Гулназ

Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерің мәңгілік сақталады

 

Алибек

Аласармас аспанымда

Күнмен гүлдеп өседі

Қазақстан аспанында

Бостандықтың желі еседі

 

 

 

Амина

Әнді алысқа жеткіземіз

Көкке елдің туы ілінді

Жылда той қып өткіземіз

Тәуелсіздік ұлы күнді

 

Жүргізуші: Жастарымыздың ерен ерлігін насихаттау арқылы бүгінгі таңда біздің егемендігіміздің алып берген Қазақстан Тәуелсіз мемлекет атанды.Отанымыз туған жеріміз,еліміз жылдан жылға көркейіп жаңарып өсіп келуде.

 

Адия

Елдігімнің – реңі,

Теңдігімнің – тірегі

Мүддесінен халықтың

Ажырамас бір елі

Алтын заңым – арай таным!

 

Даниал

Маған қымбат ұлы елімнің

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді

Азаттықтың таң нұры

 

Медина

Бостандығым тұңғыш рет

Аққанатын қаққан күн

Әже әлдилеп немересін

Басы айналған бақтан күн

 

Алибек: Ән «Анашым»

 

Жангир

Бәрі болған қазақ сынды көне елде

Ел белгі де,ерлік,өрлік,өнер де

Жаһандағы ең жауыргер халықта

Кім сенеді Ту болмады дегенге.

 

Арай

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға

Қалай оның Елтаңбасы болмайды

Түлігіне дейін салса ен – таңба?!

 

Меруерт

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын,өзі әнші халықта,

Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!

 

 

Балалардың орындауында

Хор «Біз өмірдің гүліміз»

 

Тәрбиеші: Енді ақ орданың төбесінде қан қызыл ту орнына көк ту қондырылып,желбіреп тұр.Онда бөрінің басы жоқ. Бірақ бөріні де бүріп түсер қыран бар. Құс төресі шартабақ күн аясында тәуелсіз,еркімен самғауға бағыт алғанын әрбір қазақстандық қастерлеп,мақтан тұтып,даңқын көтере беруге үлес қосса,көк туымыздың абыройы үстем болып,дұшпандарымызды күйіндіріп,достарымызды қуанышқа бөлей берері анық.

 

Әмірлан

Матасы қандай,матасы – көк түстерден таңдалған,

Қазақтың ою – өрнегі , қыраны және самғаған.

Күн күлімдеп әлемге төгіп тұрған арай нұр,

Туымды менің көргендер қызыға қарап таңданған.

 

Сахналық қойылым : « Туым – намыс,ұранымыз –бірлік біздің»

 

Ризахан

Өзіңдікі туыңда

От пен ауа,суың да

Жаса Қазақстаным

Белді бекем буын да!

 

Арай,Медина,Гулназ Би: «Хатуба»

 

Ерсултан

Мереке бүгін ұлы күн,

Бабалар рухы көксеген

Азатты елдің ұлымын

Теңескен төбем көкпенен.

 

Темірлан :  Ән «Қошақаным»

 

Ансар

Сарыарқаның даласында,

Күн шуағын төккен күн.

Елім менің,жерім менің,

Баққа қолы жеткен күн.

 

Ризахан

Балабақша серпін нық,

Көкке атанды бөркін жұрт.

Тәуелсіздік – ынтымақ,

Тәуелсіздік еркіндік.

 

Алдияр

Тәуелсіздік – ел болу

Ынтымақпен өрге озу.

Еркін және өзге елмен,

Терезесі тең болу.

Жүргізуші

Егеменді ел бақыты ертеңгі,

О,халайық Құтты болсын қуаныш!

Хор : «Менің Қазақстаным»

 

 

Тәрбиеші: Туған халқымыздың тарихын,батыр ұл-қыздарымыздың ерлігін,жеріміздің байтақтығын,байлығын ақын ағаларымыз жырлап келеді. Сол жырларды жаттап,көкейге түйіп,елімізге лайықты азамат болып өсуге міндеттіміз,басқаша болуға біздің құқығымыз жоқ,бүгінгі бақытты күніміз үшін қаншама ерлер тер төкті,жанын қиды. Сол батырларымыздың армандаған ұрпағы біздің білімді,дені сау Отанымыздың лайықты ұл-қызы болып өсуі қажет. Апа- ағаларымыздың қайталанбас ерлігіне тағзым етеміз. Осымен құрметті қонақтар ересектер тобының дайындаған «Тәуелсіздік – елімнің еркіндігі» атты ертеңгілігіміз аяқталды.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *