Ғажайып математика


Жолдыбаева Фариза Бердибековна

Степногорск қаласының №1 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі

Мақсаты:10 көлемінде сандық есептеуге үйрету.Сандарды тура және кері санау.Балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру,іс-әрекет дағдыларын меңгерту,әлемнің тұтас бейнесін түсініп,ойлауға ауызша қосып-алу және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап,түстерді ажыратуға,қарым-қатынас,көмек көрсету,сыйластықты қалыптастыру.Балаларды тапқырлыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілі:Түсіндіру,сұрақ-жауап,сергіту сәті,дидактикалық ойын

Құрал жабдықтар:Кілемше,геометриялық пішіндер,сандар,үлестірмелі материалдар,қайшы,түрлі-түсті қағаздар,ақ қағаз,желім,сүлгі.

Іс-әрекет кезеңдері:

Балалардың іс-әрекеті:

Мотивациялық – қозғаушылық

– Саламатсыздар ма,балалар!

Саламатсызба!

– Балалар,бүгін бізге қонақтар келіпті,қане амандасайық!

(Балалар қонақтармен амандасып алады).

– Қане,балалар барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап күн жасайықшы.

– Балалар ,мынау ненің суреті (күннің)

-Күн жарқырып шыққан кезде адамдарға шуағын шашады.

– Таңертең тұрған кезде аналарың қайырлы таң деп айтама?

– Қане,бізде қайырлы таң тілейік.

– Қайырлы таң көздерім, ояныңдар!

– Қайырлы таң құлақтарым,ояныңдар!

– Қайырлы таң саусақтарым,ояныңдар!

(балалар көздерін,құлақтарын уқалайды,шапалақтайды.)

– Жарайсыңдар,балалар,бүгінгі күніміз жақсы болсын,орнымызға отырамыз.

 

Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі.

Балалар,қараңдаршы бізге қонаққа кім келді.(топқа шарлар байланған жылқы кіреді.)

– Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын.мына шарларды ала келдім.

– Бір жылда неше мезгіл бар ?

– Төрт мезгіл.Қане,атап шығайық (қыс,көктем,жаз,күз)

Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.Мына шардың түсі қандай ?(Ақ)

Яғни,бұл түс қыс мезгілі.Қыс мезгілінде қар жауады,күн суытады.Аяз болады.

Сары шарды көрсету.Бұл шар қандай жыл мезгілін білдіреді?(күз)

– Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі.Жер беті сары кілемге ұқсайды.

Жасыл шарды көрсету.Бұл түс шөптердің түсі сияқты.Табиғат көктемде оянып,жер беті жасыл шөпке толады.Ағаштар бүршік жара бастайды.

Қызыл шарды көрсету.

Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді.?Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады.(Жаз)

– Балалар ,түстерін білдік,енді сиқырлы шардың ішінде не бар екенін білгілерің келе ме?Қане,шарды кім жарады.

Бір бала шығып шарды жарады.Балалар,бізге тапсырмалар берілген,осы тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар,мына сиқырлы кілемшеге отырып «Ғажайып математика»еліне саяхатқа барамыз. 1 –ші тапсырма. 1-шар. 1-ден оңға дейін тура және кері санау.

2 – ші тапсырма.2-шар.Логикалық есептер.

– Дүкеннен анам 2 допты алып келді,оның біреуін ініме бердім,менде неше доп қалды?

– Қоянда,аюда,қасқырда,пингвинда неше құлақ бар?

– Қолымызда неше саусақ бар? Оң қолымда канша саусақ,Сол қолымда қанша саусақ бар?

– Ағашта 5 құс отыр ,оның 2-еуі ұшып кетті,ағашта қанша құс қалды?

Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Қақпаға тұрайық.

Доп тепкен сол аяқ,

Қақпаға тұрайық

Топ тепкен сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

 

 

3-тапсырма. З-шар.Дидактикалық ойын « Мені іздеп тап» Шарты:Балалар тақтада тұрған сандар арасынан жоқ санды тауып,сол санды алдыларында тұрған қағаздан өшіріп шығады.

4-тапсырма. 4-шар.Балалар,бізде төртінші тапсырмадағы шарымыздың ішінен сиқырлы түрлі-түсті пішіндер шықты.Оларды қалай атаймыз.

(Төртбұрыш,үшбұрыш,дөңгелек,сопақша)

Новый рисунок (2)

(балалар қағаздардан қыйып жасайды)

Қорытынды

– Ал ,енді балалар осы үйіміз қандай пішіндерден құралды?

– Саңырауқұлағымыз ше?

– Күн ше?

Мінекей,балалар,біз геометриялық пішіндермен таныстық. 1-ден 10-ға дейін тура және кері санадық.Есептер шештік.Ойындар ойнадық.Енді мен сендерге «Ғажайып математика»еліне саяхатқа апаратын кілемшеге бару үшін мен сендерге ұшақ сыйлаймын.Ұшақтарымызбен сол кілемшеге барамыз.

Жарайсыңдар, балалар,бәріміз келген қонақтармен қоштасайық!

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Күтілетін нәтиже;

Біледі:Сандарды тура және кері санауды,пішіндерді,ауызша ойлауды.

Игереді:Әр түрлі пішіндерден келістіріп жабыстыруды.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Зейінді,ұқыпты,мейірімді болуды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *