Ата-аналар жиналысы

Есенеева Анар Сериковна

№8 логопед.топ тәрбиешісі

№1 «Айгөлек» балабақшасы

Міндеті:

  1. Ата-аналарды  бала психикасының  дамуына  кері әсер ететін  тәрбие түрлерімен  таныстыру;
  2. Ата-анадардың  өз отбасындағы   берілетін тәрбиенің ерекшелігі туралы  ойландыру.
  3. Ата-аналардың өздерін  сыртынан  байқай алуларын дамыту.

Жиналыс эпиграфы ретінде  В.А.Сухомлинскийдің «  Өз балаларыңызды  сүйе отырып,  оларды сізді де сүюге үйретіңіз, үйретпесеңіз-  қартайған шағыңызда көз жасыңызды  төгесіз» деген  сөзі алынған.

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫНЫҢ  БАРЫСЫ:

– Сәлеметсіздер ме  құрметті ата-аналар!  Сіздерді көргніме қуаныштымын.  Бүгін біз сіздермен кезекті ата-аналар жиналысына жиналып отырмыз.  Бүгінгі  жиналыс отбасы тәрбиесінің ерекшеліктеріне арналады.  Ең алдымен  күн тәртібіндегі сұраққа  ауыспас бұрын,   балаларымыз туралы бір-екі сөз айтқым келеді. Қысқа мерзім ішінде оқушыларды терең танып, олардың әрқайсысының  ерекшелігін  біле алдым. Барлық балалар  өз бетінше жеке,  қайталанбас,  қарым-қатынас жасауға  ашық.  Олар өте мейірімді,  көңілді,  бастамашыл,  ақылды.  Ал тұтас алғанда  бұл достастығы  қалыптасқан ұйымшыл – 8-а сынып.

– Сонымен бүгінгі ата-аналар жиналысының тақырыбы: « Отбасы тәрбиесінің  ерекшеліктері»

Мақсаты: ата-аналарды  бала тұлғасының  қалыптасуындағы  психологиялық-педагогикалық  құзыреттіліктерді  дамыту бойынша  мәліметтендіру.

Міндеті:

  1. Ата-аналарды  бала психикасының  дамуына  кері әсер ететін  тәрбие түрлерімен  таныстыру;
  2. Ата-анадардың  өз отбасындағы   берілетін тәрбиенің ерекшелігі туралы  ойландыру.
  3. Ата-аналардың өздерін  сыртынан  байқай алуларын дамыту.

– Бала- ол мәңгілік жолы. Адамзат тұқымының  құтқарылуы  дәл балаға  байланысты. Неліктен?

– Себебі  бала  келешекте өмір сүру қажет.

– Бала  жаны- сарқылмас мол қазына.

Сіз өз балаңызды  болашақта қалай көресіз? (  мінез-құлықтың  қандай  ерекшеліктерін меңгеруі керек? Сіз қандай  сапаларды қалайсыз?). (Желімқағазының   көмегімен  ата-аналар  жүректерді  үлкен ыдысқа салады).

–  мейірімді,  ақылды,  күшті,  әді, салауатты, қамқоршыл…..

–  Байқап қараңыздаршы,  бала жаны қандай  әдемі,  ашық!

–  Біздің  үлкен ыдысымыз  сынып, жарылып қалмай,  одан әрі қарай  байту үшін  сіздің балаңыз  өмір сүретін  отбасыңыз бала өзін тұлға  ретінде  сезіне алатын,  өзінің  маңыздылығын  растай алатын орны болу керек. Отбасы  алғашқы сүйіспеншілік,  түсінушілік,  сенім сабақтарын  қалыптастырады.

Мұғалім:  Отбасы мәселесі  барлық уақытта да адамзатты толғандырған.

Әрбір отбасы өз баласын  қалай тәрбиелеуді өзі шешеді.  Бұл мәселе бойынша  бірыңғай  ой жоқ.

Әрбір ересек адам бала өмірінде  маңызды рөл атқарады.  Балалық шақ- педагогикалық әсер етулерге  бағынатын  кезең.Балалық шақта  тұлға гармониясының  бағыттары, негіздері қалыптасады.

Ата-аналар  үшін міндеттердің  бірі олардың   бала тәрбиесі бойынша міндеттері.  Дәл осы ата-аналарға  баланың  болашақта  қандай     болатыны тәуелді;  мейірімді  немесе жауыз,  бейімделгіш немесе төзімді, шыдамды. Отбасында   осы айтылған  қасиеттер қалыптасады,  бұл қасиеттер  балаға  өмір бойы  Тұлға  болуына ықпал етеді.

– Сіздер ата-аналар  балаға  махаббат,  жылулық,  қолдау,  түсінушілік,  қамқорлық,  мақтау, мейірім мен  күлкі сыйлай аласыздар.

Наталья Михайловна  біздің сыныптың  оқушыларымен « Біз ата-аналарымздан не күтеміз? «деген тақырыпта   сауалнама жүргізді.  Ол кісі қазір  сауалнама  қорытындысымен  таныстырады. (  сөз психологқа беріледі).

Бізден бала күтетінді қалай дұрыс беру керек?  Теріс тәрбиені   дұрыс  тәрбиеден қалай ажырату  керек?  Біз тәрбиелейміз,  балаға  пайдалы  іс жасаймыз.  Дегенмен

Бала тәрбиесінде   біз сіздермен жиі қолданатын  тәрбие стильдерін еске түсіріп  өтейін: 1. Авторитарлық 2. Демократиялық. 3. Бетімен кетушілік. 4. Қамқоршылық. 5. Хаотикалық. Тәрбие стилінен  басқа да  тәрбие   типтері  мол, осы жерде мен  бала психикасына    кері жағымсыз  әсер ететін    типтерге тоқталғым келеді: Бас тартуға  қажет тәрбие  типтері: 1) « Отбасы кумирі»;

2) «Гиперопека».3) «Гипоопёка».4) «Ежовые рукавицы».5) «Адамгершілік  жауаптылықтың  мөлшерден тыс  болуы». 6) «В культе болезни.».

  1. «Отбасы кумирі».

Баланы сүйеміз

Баланың  кез-келген  тілегі-заң

Балаға  таң қалады,  әрбір минут сайын   бала бойынан  талант көреді

Барлық міндеттерден  босатылған

  1. «Гиперопека».

Бала өз ойын  білдіре алмайды,  ересектердің  кеңесіне құлақ асады.

Ата-аналар  балалардың  әрбір қадамын   айтып отырады  эәне барлық жерде  бақылау жасайды.

Баланың төбесін көкке шығарып,  вундеркинд дайындайды.

Бала  шектен тыс жұмысбасты,  ата-аналарының  үмітін ақтағысы келеді.

еркінсіз өседі,  қарым-қатынас  жасауда қиыншылықтар пайда болады.

  1. «Гипоопека».

Бала өз бетімен

Өзін керексіз,  артық сезінеді.

Уақыт өте  келе баланың  бар екенін естеріне түсіріп,  көңіл аудара бастайды.

Өзі туралы  өз ойлауға мәжбүр болады,  қызғаншақ болады.

  1. «Ежовые рукавицы».

Балаға  бұйрықпен   сөйлейді.

тек қана   бағынушылық  болад

Бала  мейірімділік пен жылулықты  білмейді.

Эмоциональды  тұрғыда    ашушаң,   қарсы  шығады.

  1. «Адамгершілік жауаптылық  жоғары»

Баланың  мойнына  көп жүк артылады, оның жасына  сай келмейтін.

Балаға  отбасындағы   кіші балалар мен  қарт адамдарға қамқорлық  көрсету тапсырылады.

– Сіздер ойланып көріңіздер,  осы  тәрбие әдістерінің  қайсысын ісздер қолданасыздар?  Ойланып   тез уақыт ішінде  баламен қарым-қатынас жасау стиліңізге  түзетулер  енгізуге тырысыңыз.  Қазір бала  ылғалдылық пен  жылуды қажет ететін  кішкентай ғана  тұқым болса, ертеі  ол Сізге оларды құртатын  құрттары бар  жемістер  әкелуі мүмкін.

Құрметті ата-аналар!  Біздің  балаларымыз  сіздермен ата-аналар жиналысы болатынын  естігенде , тәрбие сағатында  сіздерге , яғни,   мені үшін ең жақын, қымбат жандар- ата-аналарыма деп тілек-хат  жазды.

Орындалмайтын  уәде бермеңіздер

Мен үшін маған дос таңдамаңыздар

Нотация  оқымаңыздар

Маған  ұрыспаңыздар

Сіздерден тек мені жақсы көрулеріңізді  қалаймын!

Міне,  біз сіздермен кішкене болса да  ата-ана мен бала арасындағы  қарым-қатынас процессі  қалай болатынын байқадық. Баланың ішкі жан дүниесінің  сұлулығын  байқадық. Осы бала жаны  өмір сүретін  ересектер ортасы қандай болу керек?

Осы кезде  Л.Н.Толстойдың « Ата-аналардың  басты қателігі-   олардың  ең алдымен өздерін тәрбиелеп алмай, балаларын тәрбиелеуге  тырысатындығына» деген қанатты сөздері  еске түседі.

– Дегенмен  біз барлығымыз  қателесіп жатамыз. Әрбір жанның бойында  бізге  жақсы болу үшін  кедергі жасайтын  жағымсыз  қасиеттер  бар.

– Сондықтан  өзімізді сыртымыздан байқап көрелік.

Рефлексия

– Бүгін сіз өзіңізге   тиімді қандай мәлімет алдыңыз?

– Ең күтпеген жағдай  не сіз үшін?

– Бүгінгі  кездесу  барысында  қандай  сұрақтар, тілектер туынады?

Жоғарыда айтылғандарға негізделе отырып,  ата-аналар жиналысының  шешіміне  ұсынамын:

  1. Ата-аналарға  бүгінгі жиналыста   берілген мәліметтерді  назарға алу.
  2. Отбасында  жағымсыз  теріс тәрбие әдістерін  қолданудан бас тарту.
  3. Жер бетіндегі ең қымбат жан- балаға көп көңіл бөлу.

Толықтырулар болса айтыңыздар:  Кім келіседі? Кім келіспейді?

– Осымен ата-аналар жиналысын  жабық деп есептеймін.

Тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет!

Бала тәрбиесіне  сәттілік тілеймін!

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.