Ашық сабақ «Қоянның құйрығы неге қысқа?»

Есенеева Анар Сериковна

№8 логопед топ тәрбиешісі

№1 «Айгөлек» балабақшасы

Мақсаты: Жабайы аңдар туралы білімдерін естеріне түсіру.
Аңдарға байланысты тақпақтар айту арқылы сөйлеу қорын байыту. Ертегісін рөлдерге бөліп ойнату арқылы әр жануардың өзіне тән қимылын келтіруге үйрету. Қолдың ұсақ қимылдарын дамытуға жаттығулар. Аңдарға сүйіспеншілікке қарауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Кейіпкерлер – балалар, қоянның үйі, күннің көзі.

Сабақ барысы

Таңертеңгілік шеңбер

  • Қуан, шаттан алақай,
  • Қуанатын күн келді

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

1 бала: Аспанымыз ашық болсын!

2 бала: Еліміз тыныш болсын!

3 бала: Көңілді бала болайық!

Бәріміз дос болайық!

І.   –   Далада  қандай мезгіл?

  • Көктемде қандай өзгерістер болады?
  • Қар еріп, суға айналады.
  • Ағаштар бүршік жарады.
  • Күннің көзі жарқырайды.
  • Малдар төлдейді.
  • Құстар жылы жақтан қайтып келеді.
  • Табиғат оянады.

ІІ. «Жаңбыр жауды» (Саусақтар ойыны)

Новый рисунок (3)

ІІІ. «Логопедтік» жаттығулар

Қойылған сұрақтарға балалар жауап береді және саусақтарымен көрсетеді.

  • Көңіл-күйің қалай?
  • Алысқа қалай қараймыз?
  • Күнді көрдік.
  • Ұя жасадық.
  • Дүрбіні алдық.
  • Шыршаны көрдік
  • Қайық көрдік.
  • Жыланды көрдік.
  • Көпірден өттік.
  • Қақпаны көрдік.
  • Үлкен үйді көрдік.
  • Үйге қонақты шақырдық.
  • Үстел қойдық.
  • Орындық қойдық.
  • Мысықты көрдік.
  • Бөшке көрдік.
  • Көзілдірікті кидік.
  • Кітап оқыдық.
  • Шаршап, ұйықтап қалдық.
  1. IV. Балалар сендер қандай ертегілер білесіңдщер? (Балалар жауабы)

Ертегі «Қоянның құйрығы неге қысқа?»

(Балалар рольге бөлініп ойнайды)

  • Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
  • Қоянды қандай аң деп айтуға болады? (қорқақ)
  • Қасқыр қандай аң? (ашулы)
  • Аю ше? (аңқау)
  • Түлкі ше? (Айлакер, қу, алдаушы)

Біздің балалардың кейіпкерлерге дайындаған тақпақтары бар.

(Балалардың тақпақтарын тыңдау)

-Қоян сендерге риза болып, бос қолмен келмей, сендерге сыйлығын әкелді.

(Балаларға кәмпит таратылады)

Leave a Reply

Your email address will not be published.