Экология сабағы “Үй жануарларының пайдасы”

Есенеева Анар Сериковна

№8 логопед топ тәрбиешісі

№1 «Айгөлек» балабақшасы

Мақсаты.Балалардың төрт түлік мал туралы,оларды ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.

Жұмбақ,мақалдармен,өлең шумақтары арқылы балалардың сөздік қорларын дамыту.Үй жануарларына деген қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер. муляждар,тастар,үн таспа,азық-түлік,суреттер.

Сабақ түрі.Саяхат сабақ.

Әдіс тәсіл. жұмбақ шешу,өлең оқу, дидактикалық ойындар.

Сабақ барысы .

Таңертеңгілік шеңберге  қазақ әуенінің ырғағымен тұрамыз.

Қайырлы таң аспан,

Қайырлы таң жер ана,

Қайырлы таң балалар.

Балалар бүгінгі тақырыбымыз, үй жануарларының пйдасы.

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінде неше ай бар?

Оларды атап бер.

Бір аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның нешенші күні?

Балалар енді біз жұмбақтар шешеміз.

Жұмбақтар шешу.

Тастан-тасқа секірген,

Қалқиып қос құлағы.

Бұл кім? /Ешкі/

Екі әйнегі бар,

Бір сыпыртқысы бар./Сиыр/

Иір-иір денесі,

Сахараның кемесі,

Ащы шөптер тамағы,

Шөлге шыдап бағады./Түйе/

 

Шықпайды үйден,

Тоны жібектен

Күндіз ұйқтайды,

Түнде дамыл таппайды./Мысыќ/

 

 

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар./Ќой/

Суреттерін көрсетемін.

 

Үй жануарлары қайда мекендейді ?

Оларды неге үй жануарлары деп атаймыз?

Балалар бүгінгі сбағымыз жайлауға саяхатқа шығу болады.

Жайлауда қандай жануарлар жүреді ?

Ол үшін, біз қазір жолға шығамыз.

Жолда көптеген кедергілерден өту керек .

1 кедергі. тастан өту . тақпақ айту

АДЕЛЯ.

Қой.

Ауылдың қойы бар,

Қойы бардың тоны бар.

Сауса,тәтті сүті бар,

Сойса,тәтті еті бар.

А.Бексұлтан.

Жылқы.

Қоғалы көлді жайлаған,

Қоғаның басын шайнаған.

Құраулап оны жылқышы,

Қыл арқанмен байлаған.

Раушанбек.

Түліктің пайдасы .

Түйе -байлық.

Қой -мырзалық.

Ешкі-жеңілдік.

Жылқы-сәндік.

Сиыр-ақтық.

 

 

2-тапсырма көпірден өту.

Мақалдар айту.

Танат-Малды баға біл,

Бабын таба біл.

Фирюза- Мал төлімен жарасады,

Жер гүлімен жарасар.

Нұрдаулет-Ер қанаты -ат .

Әмірлан-Ел көркі -мал ,

Өзен көркі -тал.

Көпірден өтіп ,жолдағы үй жануарларды көреміз .

Үй жануарларының дыбыстарын есту ойынын ойнату.

Балалар жануарларды атап береді.

 

 

Жайлауда әжені көру.

Амандасу .Үй жануарларының пайдасын айту.

Қандай тағамдар болатынын айту.

Құрт, сүт, айран, Шалап, қымыз,ірімшік,шұбат.

Қой жүніннен қолғап ,бөкебай,шұлық тоқылады.

Ойын -дәмін татып айт.

Әжеге тақпақ айтып беру.

Әже, біздің балалар сізге жай келген жоқ ,олардың тақпақтары бар.

 

Данель.

Құрт

Томпайтып ұртты,

Сорамыз құртты.

Санат.

Шалап

Бойыңа қуат таратты,

Бір сімірсең шалапты.

Б.Бексұлтан.

Қаймақ.

Пісіріп сүтті қайнатты,

Кілкіп-ап жедік қаймақты.

Адельжан.

Ірімшік.

Дастарқанды жайнатқан,

Ірімшікті қайнатқан.

Алмат.

Шұбат.

Ішіп көрген шұбатты,

Дәмін бірден ұнатты.

Әжей балаларға сыйлық береді.

Балалар, әжемен қоштасамыз ,рахметін айтып кетеміз.

Жайлаудан топқа ораламыз ,топта дөңгелек үстелге отырып,жайлаудағы үй жануарларды тандап алып,суретін бояймыз.

Ал сендер бүгінгі саяхатта не көрдіңдер?

Кіммен көрістіңдер?

Сол әжей сендерге сйлық беріп жіберді ,қане соны алыңдар.

Міне бүгінгі сабақ осымен аяқталды .

Leave a Reply

Your email address will not be published.