Түзету сабағы

Жолдыбаева Фариза Бердибековна

Степногорск қаласының

№1 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі

  1. Шаттық шеңбері
  2. Артикуляциялық жаттығулар. 2-3 рет қайталаймыз
  3. Дем алу жаттығулары. Гүлді алып үрлейміз.

 

 

Балалар мында қараймыз. Суреттегі заттарды атап берейікші. Қане,Алдияр келіп атап берші. Мына суретте саңырауқұлақ,сиыр,сызғыш т.б бар. Мынау суреттерді қандай дыбыс бар?

Балалардың жауаптары: С  дыбысы бар.

 Ол ненің өлеңі?

Балалардың жауаптары:Масаның өлеңі.

Айнаға қарап айтайықшы с-с-с-с… Буындап айтамыз: СА-СА,СУ-СУ,СО-СО,СЫ-СЫ

 

Жаңылтпаш айтайықшы: Сыпыра сөктім,сыпыра төктім,

                                                Сыпыра сөктім,сыпыра төктім.

 

Ал енді мына суретте не бар? Динмухамед келіп айтып берші.

Мына суретте: шана,шыны т.б заттар бар.

Балалар қандай бір дыбыс бар?

Балалардың жауаптары: Ш-ш-ш дыбысы бар.

Ш дыбысының артикуляциясы қалай?

 

Айнаға қарап айтайықшы ( тілді көтереміз,екі тістің арасын жабамыз,ерніміз алға шығады). Ол ненің өлеңі?

Балалардың жауаптары: Ызаланған қаздың өлеңі.

Ал енді жаңылтпаш айтайықшы:

                                                          Шөмеленген шөпті

                                                          Мен шөмелемей,

                                                          Кім шөмелейді.

Ал мына дыбыстарды бәріміз айтайықшы; са-ша,со-шо,сы-шы,су-шу.

 Ал енді с және ш дыбысы бар сөздерді айтып беріңдерші?

Балалардың жауаптары: Сатушы,саша,сауыншы,аспазшы,солнышко,смешно,слышно,страшна.

 

Ал қазір біз ойын ойнаймыз. Алдарыңда С-Ш дыбыстары жатыр. Мен сендерге С-Ш дыбыстары бар сөздерді айтамын. С дыбысы бар сөздерді айтқанда С әрпін көтереміз.

Ал Ш дыбысы бар сөздерді айтсам Ш әрпін көтереміз.

Сағыз,сағат,сүлгі,…

Шана,шоколад,шеге,…

Жарайсыңдар балалар енді шоколад сөзін дене қимылдары арқылы әдемілейміз (Соқ-соқ,бум-бум,топ-топ). Мен шоколад сөзін соқ-соқ,бум-бум,топ-топ арқылы әдеміледім. Ал сендер қалай әдемілейсіңдер? Балалар көрсетеді.

 

 

 

Ал енді саусақтарымызға жаттығулар жасайықшы.

Мысық отырады,

Шымшық ұшып келеді

Шымшық ақымақ емес,

Мысықтың сүтін ішіп кетеді.

 

 

Сергіту сәті:              Қоян шықты далаға

                                    Жан –жағына қарады.

                                                   Отырды,тұрды,секірді.

                                    Орнына барып отырды.

 

Балалар біз қайда тұрамыз? Ал қандай қалада тұрамыз? Степногорск  қаласында не бар? Үйлері қайдай ( Көпқабатты). Мынау көп қабатты. Үйлердің қабатын санап берші: бірінші қабат,екінші қабат….(Амина,Даниал,Ризахан)

 

Неше қабатты үй?

Тоғыз қабатты

Сен нешінші қабатта тұрасың?

Мен алтыншы қабатта тұрамын.

 

 

Балалар мынау не ?

Әріптер

Әріптер ол не?

Дыбыстың таңбасы

 

 

Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай –қандай?

Дыбыстар екіге бөлінеді.Дайысты,дауыссыз.

 

Енді қала деген сөзді құрып берейікші. Кім құрып береді? (Адия)

 

Қала деген сөзде бірінші әріп қандай?

 

Буынға бөлейікші. Неше буын бар? Неше дауысты дыбыс бар? Ал неше дауыссыз дыбыс бар? Дауысты дыбыс қайсы,дауыссыз дыбыс қайсы?

 

Ойын «Үй құрамыз»

 

Сонымен балалар біздің қаламыз қандай? Өте әдемі,сымбатты,таза қала. Біздің қаламыз неше шағын ауданға бөлінген? Бас қаламыз қандай қала?

 Кане, қала туралы кім тақпақ біледі. (Абилмансур)

 

 

 

Саусақ моторикасын дамытуға арналған бірнеше жаттығулар түрін көрсетеміз. Мысалы : торайды тамақтандырамыз,бақаны әдемілейміз,болттарды бұраймыз,шаңырақ құрамыз. Бірнеше балалар шығып орындайды. Сонымен балалар сабағымыз аяқталды. Нені қайталадық. Балалар:қаланы қайталадық. С-Ш дыбыстарын қайталап өттік. Балалар бүгін барлықтарың  сабаққа жақсы қатыстыңдар.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.