Сабақ “Көктем қонақтары, жыл құстары”


Жолдыбаева Фариза Бердибековна

Степногорск қаласының

№1 «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі

Білім беру саласы :   Таным,қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс -әрекеті: Айналамен танысу

Тақырыбы: Көктем қонақтары,жыл құстары

Мақсаты: Құстар және олардың көктемдегі тіршілігі,табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Құстарға деген қамқорлық сезіміне және оларға жағдай жасауға үйрету. Үнтаспадан құстардың үнін тыңдатып,дауыстарын шамалары жеткенше айыра білуге үйрету.Жұмбақ шешу арқылы балалардың ойлау,қиялдау,сөйлеу қабілеттерін арттыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта,үй құстарының дала құстарының суреттері,сиқырлы қорапша.

Әрекет -кезеңдері  

Тәрбиешінің іс -әрекеті

 

Балалардың іс -әрекеті

 

Дәлелдеу –ояту

 

 

Жылулық шеңбері;

Біз ерекше баламыз

Айтқан тілді аламыз

Достарымды көргенде

Қуана қарсы аламыз

Сәлем,Сәлем,Сәлем!

 

Балалар жылулық шеңберін орындап, бір бірімен амандасады

 

 

 

Ұйымдастыру – іздену

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақ қар еріп,су көбейіп

Сай салаға толады

Ағаш басы бүршік жарып

Гүл бәйшешек  толады.

Айтындаршы бөбектерім

Бұл қай кезде болады?

Көктемде ауа райы қандай болады?

Осы кезде үнтаспадан құстардың аты естіледі. Балалар тыңдайықшы бұл нелердің дыбысы? Бізге көктемде қандай құстар ұшып келеді? олар немен қоректенеді? Адамдарға тигізер пайдасы қандай? Неге олар жылы жаққа ұшып кетеді? Оларды бір сөзбен қалай атаймыз? Құстардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

Дидактикалық ойын: «Құстарды ажырата біл».

 

Шарты : Көп құстардың ішінен жыл құстарын және қыстап қалатын құстарды ажырататып ағашқа ілдіреді.

Жұмбақтар шешу.

Көктемді хабарлап

Құсым-ау келдіңбе?

Қойып ем даярлап

Ұяңды көрдіңбе?

 

Шарлап келіп даланы

Үйіме үйін салады.

 

Ұзақ тектес құс

Шіркей жеп

Ауыл маңынан

Ұзап кетпес құс

 

Сирағы ұқсас қамысқа

Мойыны бар сорайған

Денесі бар алыстан

Қарақшыдай қарайған

 

Сергіту сәті

Тас атқылап торғайды

Ұя бұзған оңбайды

Құс өкпелеп кетеді

Бау-бақшаға қонбайды.

 

Балалар жұмбақты шешіп,сергіту сәтін өткізіп болған соң «Ұшты-ұшты не ұшты?» ойынын ойнайды.

 

Бұл көктем мезгілі. Көктем мезгілінде үш ай бар. Олар наурыз,сәуір,мамыр.

 

 

 

Күн жылынады,жер көгереді,мұздар ериді,гүлдер шығады,балықтар оянады.

 

Ұзақ,қарлығаш,тырна,көкқұтан.

 

Құрт-құмырсқа,шөппен.

 

Егіндерді зияннан тазалап береді.

 

Жейтін азықтары таусылады.

 

 

Жыл құстары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұзақ

 

 

 

Қарлығаш

 

 

Қара торғай

 

 

 

 

 

Көкқұтан

 

 

 

 

 

Балалар өлеңнің мазмұнына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.

 

Рефлекстік түзету

Сонымен балалар біз бүгін қандай құстармен таныстық? Не туралы жұмбақтар шештік? Сендерге   сабақ ұнадыма?

Сабақ соңында балаларға сиқырлы жұмыртқадан сыйлық таратылады.

Балалардың жауаптыр тыңдалып,сыйлықтарды алады.

 

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: Құстардың атауын,тіршілік ортасын

Игеру: Адамзатқа тигізетін падасын және олардан алынатын өнімдерді.Жұмбақтар шешуді.

Меңгеру: Құстарды қорғауды,оларға қамқор болуды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *