«СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ-ЖОҒАРҒЫ САПА КЕПІЛІ»


Дулыбаева   Қаламқас  Алпысқызы

Математика пәнінің мұғалімі, 

Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі

Қазіргі уақытта білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттіліктердің  бірі. Себебі, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты тұлға болса, қазір оқушының  белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Бұрынғы уақыттарда  нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отырғаны белгілі. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сыни ойлау оқушылардың  ойлау дағдыларын  дамытып, оларды оқу мен  өмірде  туындайтын  проблемаларды  өздігінен шешуге бағыттайды. Осы арқылы  сыни ойлау  оқушыларды  ақпаратпен жұмыс  жасауға,жан-жақты  тұрғыдан  кез келген  жайтты талдауға,бағалауға, таңдау жасап, шешім қабылдауға баулиды.

Сыни ойлау әр адамды  табиғатындағы менмендіктен  және ортаға тәуелділіктен  арылтады: адам басқалармен тиімді қарым – қатынасқа түседі,қоғамдағы беделдердің  пікірлерін  ақиқат ретінде  қабылдамай, оларға күмәнмен қарай бастайды,олардың  артықшылықтары мен кемшіліктерін  сараптай  біледі.

Сыни тұрғыдан oйлауды дамыту oқу процесіндеге күрделі міндеттердің бірі. Осы мәселені шешудің негізгі жолдарының бірі, сыни тұрғыдан ойлауға  үйрету технологиясын тиімді қолданатын сабақ жоспарын жасап, қолайлы әдістерді қолдана білу.

Жоғарыда айтылғандай сыни тұрғыдан ойлау тек оқушылардың ғана емес мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауын үйрену. Мұғалім сыни тұрғыдан  ойлап оқушыға берілген тапсырмаларды түрленте білсе, сыни ойлайтын тұлға қалыптасады.

«Ақылсыз адам жауап береді,

Ақылды адам жауап іздейді», – деп  ұлы ғалым Сократ айтқандай әрбір оқушы  берген сұраққа жай  ғана  жауап бері қоймай,ол сұрақтың мәніне тереңірек  үңілуі керек.  Ол үшін ұстаз тарапынан сол сұраққа  тереңірек жауап іздейтіндей,итермелейтіндей  сұрақтар қоюы тиіс. Оқушыға неғұрлым  ойласып жауап беретіндей сұрақтар берілуі қажет.

Жалпы сыни ойлау оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып,оларды оқу мен өмірде туындайтын  мәселелерді  өздігінен шешуге бағыттайды. Осы арқылы сыни ойлау оқушыларды  ақпарaтпен  жұмыс жасауға,жан-жақты  тұрғыдан  кез -келген  жайтты  талдауға,бағалауғa,таңдау жасап, шешім қабылдауына баулиды. «Сыни ойлау»  ұғымында «сынау», яғни «кемшіліктерді айқындау»  мағынасы жоқ. Біз көбіне осы сөзді  кері түсініп жататынымыз да бар. Дегенмен  сыни ойлау,сыни пікір айту қалыпты жағдай. Сын болған кезде ғана адамның ойлаған ісі алға адымдары сөзсіз.

Қорыта келe айтарым, сын тұрғысынан ойлаудың оқушы үшін,ұстаз үшін рөлі зор. Өйткені, келешекте жаңа білім беруде жақсы нәтижеге жету үшін әрдайым мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты ескере отырып, оқушының ашылуына, өз пікірінің қалыптасуына дұрыс бағдар беріп, жағдай жасап отыруым үшін көп жұмыс атқаруым керек. Менің пікірімше, топ ынтымақтастыққa, ауызбіршілікке, сыйластыққа, өзара көмектестікке және өзара оқытуғa жeтeлейтіні сөзсіз. Сөзімнің соңында  Жүсіп Баласұғұн атамыз «Әр бала жұлдыз, оның жарқырауына көмек ет» деген қанатты сөзін айтып кеткім келеді. Ендеше сол жұлдыздарымызды  жарқырата білуде біздер ұстаздар қауымы белсенді жұмыс таныта білейік дегім келеді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *