Оралхан Бөкеев «Апамның астауы»


Саурбаева Салтанат Беркутовна

Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл

гуманитарлық колледжінің оқытушысы

СҚО, Петропавл қаласы

Сабақтың жарнамалық тақырыбы«Отбасы – Отанның отауы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Жазушы шығармашылығына шолу жүргізе отыра,  әңгімені жан-жақты талдау, тақырып, идеясын  ашу.

Дамытушылық: Өзара  сөйлесімді, ақпаратты  өздігінен қорытуды, шығармашылық  жұмысқа,   пікір айту дағдысына  үйрету. Ойларын дәлеледі, анық жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетіне дағдыландыру.

Тәрбиелік:  Отбасына деген сыйластыққа, Отанына деген сүйіспеншіліке,  қарым-қатынас этикасына тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелеу, баяндау,  салыстыру, пікіралысу,

сын тұрғысынан ойлауды дамыту жобасының стратегиялары: ассоцияция,  екі түрлі жазба күнделігі, бір айналым сөйлесу; мәтінмен жұмыс (деноттаты граф құру)

Сабақтың әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуі: сабақтың презентациясы, үлестірмелі материалдар., мәтін. Оқушылардың дайындауымен бейнетүсірілім презентациясы, суреттер.

Сабақтың көрнекілігі: Интреактивті тақтамен жұмыс

Негізгі ұғымдар: туыс, туысқан; астау, қазақ әйелі, әңгіме, отбасы, Отан, ру,  адами қасиеттер.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 1. Оқушылардың  сабаққа көңілдерін аудару

Кіріспе сөз: Балалар, бүгін сіз бен біздің тамаша кездесулеріміздің тағы бір сәті туды.   Өйткені, бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі – Тәуелсіз еліміздің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында өткелі отырған бұл күн  мен үшін және сендер үшін үлкен бақыт деп білемін.

Өмірдегі ең қалаулы нәрсе не екенін кез келген адамның баласынан сұрасаңыз,

ең көп таралған жауап мынау болады. «Мен тек бақытты болғым келеді», біз бәріміз осы үшін дүниеге келгенбіз.  Бірақ бақыт деген не? Осы сауалға жауапты мына өлеңді тыңдай отыра ойлансақ.

  • Оқушылар үнтаспа арқылы  «Бақыт деген не?»  өлеңін тыңдайды.

 Оқытушы:

  • Сонымен, балалар, осы өлеңді тыңдай отыра, көз алдарыңа нелерді елестете алдыңдар? (Ойға келген сөздер – ел, туған жер, отбасы, ана, дос, туыс т.б)
  • Дұрыс айтасыңдар. Осы сөздің ұғымын жүректеріңмен сезіне білген сендер  еліміздің – бақытты ұланысыңдар.
  1. Халық арасында тараған «Бақыт – … өзіңнің босағаңда» – деген нақыл бар, соны қалай түсінеміз?

Оқушылардың жауабы: Бұл дегеніміз – отбасына деген махаббат, ата-анаңа сый-құрмет көрсету, алдыңдағы парызыңды өтеу, әже-аталарыңа қамқор болу, аға, іні, әпке, бауырларыңды жақсы көру, олармен татулықта, ынтымақта болу, қолдау көрсету, үй ішінің тыныштығын, берекесін сақтау, кешіріммен қарау, төзімділік таныту, сабырлық сақтау, өзіңнің отбасыңды құру, ұрпақ тәрбиелеу және т.с.с 

  • Иә, балалар, Осы отырған әрбіреуіміздің өз отбасымыз бар.
  1. Ассоцияция: «Отбасы»
  • Отбасы – мемлекеттің іргетасы .( Отбасы – қоғамның бастапқы бөлшегі, алғашқы ошағы.   Адамға өмірде ең қымбаттысы  – отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады. Бір-бірін аялап, кешіре, түсіне білгенде отбасы берік болады).
  1. 4. Сабақтың мақсатын хабарлау:

Қай елдің адамы болсын, өз Отанын дүниедегі ең қымбатты, ең қасиеттісі, ең аяулысы – Анасына балайды.  Осы әйел, ана   образын көркемдемеген, жырына қоспаған, әніне елтімеген, шығармасына арқау етпеген бірде-бір әнші, ақын, жазушы жоқ шығар.

Ендеше,  бүгінгі сабақта әр бетін парақтап, әр сөзге мән бере отыра ойымызды, ортаға салып қарастыратын шығарма –  «Туған жердің қиялшыл жыршысы»,  аты елімізге ғана емес шет елдерге танымал, Өр Алтайдың ұшар басынан қол бұлғап, проза мен драма салаларын төмен қарай бұлақ қылып ағындатқан, ақиық жазушымыз  О. Бөкеевтің  «Апамның астауы» әңгімесі.

Жарнамалық тақырыбы«Отбасы – Отанның отауы» –  назарларын аударту

II Оқушылардың білімдерін тексеру

“О. Бөкей жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымалдыққа ие болды. Алыс-жақын елдерде аты “қазақ” деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды”  Ә. Кекілбаев.

  1. Оралхан Бөкеев кім ?
  1. “Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
    Өлмейтұғын артына сөз қалдырған”  – деп ақын Абай айтқандай, 
    Оралханның қазақ әдебиетінде салып кеткен өзіндік жолы бар

Шығармалары: “Қамшыгер”, “Үркер”, Қайдасың, қасқа құлыным”, “Шара”, Елең-алаң, “Мұзтау”, “Ән салады шағылдар”, “Үркер ауып барады”, “Бәрі де майдан”, “Құм мінезі”, “Өз отыңды өшірме” “Біздің жақта қыс ұзақ” “Атаукере”, “Қар қызы”

“Зымырайды поездар” “Жау тылындағы бала”“Жесірлер”, “Ұйқым келмейді”

“Құлыным менің” “Жақсының ізі” (орыс тілінде) т.б

ІІІ Жаңа сабақ:   Мәтінмен жұмыс

  1. Монолог оқылады.

Мұғалім сөзі: 

  • Бәріміз де апа, әжелерімізден тәрбие алған жастармыз.  Осы кісілердің сендерді еркелеткен кездегі сезімдерін,  бір ауыз сөздерін айта аламыз ба?
  • Ал, сол әжелеріңді өздерің ренжіткен сөздерің естеріңде ме?
  1. Бір ауыз сөздері арқылы сезімдерін білдіру.
  1. «Бұның бәрі есімде» кесте толтыру. Дұрыс –Бұрыс
Әңгіме желісі Дұрыс Бұрыс
«Апамның астауы»  әңгіме +  
Соғыстан кейінгі жылдарда есін жиып, езілген еңсесі көтеріле бастаған елдің берекелі де бейбіт тірлігі жар жағасында отырған жалғыз үй +  
Апам Алтайдың арғы беті – төркінінен ала келген аса қымбат заттары – кереует   +
– Ұлынды мен ақкиізге орап тастайын – апасының сөзі   +
Оның ақылы жүздеген ұстаз, мың сан мектептен артық, тәрбие деген ұғымның асқаралы таптырмас үлгісі +  
Апам – Алтайдың арғы бетіндегі Арғын елінің қызы.   +
Әп-сәтте терісін сыпырып, бұзып мүшеледі; тұздап, салмаға жайып тастап, астына түтін салды. +  
 Дос пенен  менің әкем  ағалы – інілі   +
Ертеңінде ескі қораның бұрышында төңкерулі жатқан Апамның астауын алып, Алматыға қайттым. +  
  1. Әңгіме, астау ұғымына  түсіндіру.
  2. Мәтіннен адами қасиеттерді тауып, дәлелдеу (алдарында)

Мұғалім сөзі: Адам баласы өмірге жақсылық нұрын сеуіп, лайықты ғұмыр кешу үшін келеді. Әр адамның өмірлік мақсат-тілегі болады. Аңсаған арманына, көздеген мақсатына қол жеткізу жолында адамдар ізгілік пен адалдықты, ізденіс пен еңбекқорлықты өміріне арқау етеді.  Осы орайда ойыма мына халық нақылы түсіп тұр: «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»  

  • Ендеше, қалай ойлайсыңдар, әңгімедегі кейіпкер – апаның  қандай адами қасиеттері  бар.  (әңгімені талдау барысында қосылып отырады)

Новый рисунок (6)

Абзал ана; Қазақ әйелі; Қамқор ана; Өнерлі ана; Қайратты ана; Мықты ана;  Жігерлі ана

Ұлағатты ана; Әділ ана; Еңбекқор ана; Иманды ана

 

 6 :  Қарсы ұғымдарды іріктеу:  Өнерлі – олақ; Еңбекқор – жатып ішер; (еріншек); Әділ –   Қайратты – әлсіз; Ұлағатты – надан; Мейірімді – қатыгез; Қамқор – тас жүрек

7 . Әр топқа тапсырманы бөліп беру. 

 Оқытушының сөзі: Бүгiнгi барымыз бен бұрынғының тағлымды өнегесi арасындағы сабақтастықты саралайтын  «Апамның астауы»  әңгiмесі  көзден кетсе де, көңiлден кетпеуi тиiс өткенге көзқарас философиясы деуге болады. Қазіргі орындайтын тапсырма: «Білгенге маржан» деп аталады.

1 тапсырма.  Портрет дегеніміз не?   Мәтіннен апасының портретін тауып, оқу.

2 тапсырма: Туыс деген кімдер? Мәтіннен туыстық атауларды тауып, түсіндіру.

3 тапсырма: Салт-дәстүр дегеніміз не? Мәтінде қандай дәстүрдерід кездестіруге болады.

4 тапсырма:  . … ер-азамат атқарар істі қара нардай қасқая көтерер Апам. (теңеу)

Біздің үйден тас лақтырым жерден арқырап ағып жатар ағыны қатты Бұқтырма – жаз шыға суға шомылған, қыста сырғанақ тепкен баланың жер-көкті шарқ ұрып шарласа таба алмас қызыққа толы мекені еді. (фразеологизм)

Сол кісімен жүрсем, мал сойған үйдің құлағы, тәттісі мен дәмдісі менің аузыма тиетін. (ауыспалы мағына)

Неге екенін білмеймін, жүрегім толқып, соншалықты бір белгісіз күш ауылға асықтырды; неге екенін білмеймін, үйге келген соң да баяғыдай аяғымның басын қайқайтып жатып алмай, тағат таппай Апамның үйіне қарай құстай ұштым.

Апамның тісі әлі де маржандай екен.

Жеңгең иек сүйеп жаман үйреніп кете ме деп қорқамын, қанжығаға байлап жүреміз бе, жаман айтпай жақсы жоқ, бір күні қисайып қалса…” .- қолданған көркемдеуіш құралды табу, түсіндіру.

ІҮ Бекіту   Мұғалім сөзі: Жазушы шығармасына арқау еткені әйел бейнесі –  еліміздегі  қазақ әйелдерiне тән барша қасиет пен ұлылықты бойына жиған, қастерлi қолөнердiң қыр-сырын түгел меңгерген  қарапайым апа.

Үзіндіге назар аударту:  «…бiздi қойып бүкiл ауыл-аймақ, тiптi, қазақ елi соңғы қасиеттi әйел, тұрмыстық-салттық өмiрдiң этикалық, этнографиялық, тiптi, археологиялық байлығынан айырылғанын бiлдi ме! Қазiр ойлаймын, егер қазақтың әйелдерi атқарар бүкiл iсмерлiктiң қолөнер институтын, немесе фабрикасын ашып, менiң апамды бастық сайласа, тұтас бiр он саусағынан өнерi тамған ұрпақ дайындап шығар едi. Иә, ол кiсi тiрi кезiнде ешкiм елеп ескермеген, алтын қолды құдiреттi әйел едi.»   Қазақта осыншалық мықты, осыншалық ақылды, ұлы әйелдер болғаны қандай жақсы.

  1. Тапсырма: Алдын ала берілген тапсырма:

Қазіргі кездегі қазақ әйелдерідің өмірі  жайында  хабардармыз ба?

1 топ: Билік басында отырған қазақ әйелдері жайында ақпарат

2 топ: Өзін-өзі тану пәні бағдарламасының авторы С.Назарбава жайында  -презентация

  1. Өнер жолындағы әйелдер бейнесі –коллаж

4 топ: Спорт, ауылшаруашылығы саласында қызмет көрсетіп   жүрген  елдің беделді азаматтары жайында мәліметтерін қорғайды.

Оқытушы сөзі: …Апам менің… Сенен не қалды? Жарықастау ма? Иә, адам өмірі де сол жарық астау секілді қаңсып қалады екен-ау…  (Қалай ойлайсыңдар кешегі мен бүгінгіні байланыстыратын нәрсе не?)

Новый рисунок (7)

Ү Қорытынды:    Оқытушы  сөзі: «Отбасындағы  сыйластық туыстарға деген сүйіспеншілікпен туындайды» деген нақыл сөз бар.( егер туыстарымызды сыйлап, қамқорлық жасап көмектесіп отырсақ сонда ғана туыстар арасында түсіністік пен татулық орнайды. Біз  отбасымызды , туыстарымызды сыйлауымыз керек. Олар біздің жақын адамдарымыз)

Тапсырма:  Денотантты граф құру жолы:

  1. Кілттік ұғымды табу: «Отбасы – Отанның отауы»
  2. Зат есім мен етістікті алмастыру
  3. Етістікті, етістік формасын дәл табу:

А. Мақсатты білдіретін етістік – бағыттау, беру

ә. Мақсатқа жету жолдарын көрсететін етістіктер – жету, жүзеге асу

б. Талапты білдіретін етістік формасы – негіздеу, сүйену

в.  Нәтижені білдіретін етістік – жобалау, білдіру

«Отбасы – Отанның отауы» – жоба қорғау.

Новый рисунок

(Оқушылар топтарында дайындаған жобаларын ортаға шығып қорғайды)

 Оқытушының  қорытынды сөзі: Сонымен, балалар,

Бақыт жайлы мынау менің білгенім.

Бақыт деген мекен еткен Отаным.

Отан деген – отбасының жаннаты

Сол мекеннің ұланы, сенсің, бақытты.

Бақыт деген – сенің бала күндерің

Бақытты боп осы күні  жүргенің.

Бақытты бол саған айтар тілегім.

Жүректен жүрекке тілерім.  (Бақытты бол – тілек сөзін жүрекке апрып жапсырам. Отырған оқушылар БІР АУЫЗ тілектерін жазып, тақтадағы жүрекке жапсырады.)

ҮІ Үйге тапсырма: Эссе жазу.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *