Сабақ «ХХ ғ.20-30 жж. мәдени құрылыс. Қазақстанда кеңес медицинасының құрылуы»


Ж.М.Зейнегабиева тарих пәнінің оқытушысы

Қарағанды қаласының медицина колледжі

Тақырыпты таңдаудың әдістемелік негіздемесі:

 

20-30 жылдардағы оқу- ағарту ісімен мәдениет мәселесі тарихымызда әлі толық аңықтала қоймаған күрделі мәселе. Мұның басты себебі, осыған байланысты ресми мәліметтердің өзара кайшылықта болуы дер едік. 20-30-шы жылдардағы ұлт зиялылардың ағартушылық қызметі арқылы тоталитарлық жүйесі қарсылығының ерекше түрі болғандығын көрсетуі біздіңше құптарлық пікір деуге болады. Кеңес заманында қазақтарда қазан революциясына дейін оқығандар болған жоқ деген тезис белең алып келгені баршаға мәлім. Ал шын мәнінде тарихи шындық басқаша болған. Профессор Х.Әбіжановтың статистикалық мәліметтеріне сүйеніп жасаған мына мәліметтеріне сүйенсек, XX ғасырдың басында қазақ өлкесінде қазақтардан 3000-дай мұғалімдер, 600-ге жуық ауыл шаруашылық мамандары, ал 30-ға жуық қазақ азаматы жоғарғы медицина мамандық алған. Қазақтың ұлттық интелигенциясынын өсіп-өркендеуі қиын тарихи жағдайда жүрді. Бір жағынан уақыты өткен ескі қоғамдық қатынастар аяқтан тартып, мешеуліктен шығуға кедергі жасаса, екінші жағынан отарлық езгі, патшалықтың «әскери-полицейлік» тәртібінің күшейуі қазақ елінің алдағы болашағын күмәнді етті. Ақыры 1917 жылы Ақпан төңкерісі женіп, патша тақтан түсті. Қазақ демократиялық зиялылары бұл хабарды қуанышпен қарсы алып, ендігі жерде қазақ халкының бостандығын қамтамасыз ететін сәт жақындады деп сенді. Осыған байланысты, сол кездегі халықтың көңіл күйін А.Байтұрсынов былайша сипаттайды; «Қазақтарға Ақпан төңкерісі қаншалықты түсінікті болса, Қазан (әлеуметтік) төңкерісі оларға соншалықты түсініксіз көрінді». Олар алғашқы революцияны қандай қуанышпен қабыл алса, тура сондай үреймен екіншісін қарсы алуға мәжбур болды. Қазақ халқымен таныс адамдар үшін қазақтардың бұл төңкеріске деген мұндай қатынасы әбден табиғи және түсінікті болатын. Алғашқы төңкерісті қазақтар тура түсініп, қуанышпен қарсы алса, ал бірініден бұл төңкерістің оларды патша үкіметінің қанауы мен зорлығынан құтқаруына және екіншіден, олардың өзімізді өзіміз басқарсақ деген ескі үмітін нығайта түсуінде еді. Міне осылайша қазақ зиялылары Ақпан төңкерісінің нәтижесінде ұлттық-азаттық қозғалыстың негізі мәселелері – ұлттық мемлекеттік дербестік алуға, мәдениетті өркендетуге және басқа мәселелерді шешуге мүмкіндік туады деген сенімде болды. Осы орайда мәдениет пен оқу-ағарту саласына ерекше көңіл бөлген ұлт- зиялы қауымының атқарған қызметтерін атап өткен орынды.

Сабақтың  мақсаты: Өзіндік жұмыстарды атқару, жоба қорғау арқылы студенттердің ХХ ғ. 20-30 жж. Қазақстанның мәдениеті жайлы білімдерің жүйелеу.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі: студенттерге ХХ ғ.20-30 жж. мәдени құрылыс, Қазақстанда кеңес  медицинасының құрылуы туралы түсінік беру. Қазақстанда кеңестік әдебиет , бейнелеу мен музыка өнерінде,театр мен кинематография, медицинада  өшпес із қалдырған қайраткерлермен студенттерді таныстыру, қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің әлемдік мәдени мұрадан алатын орны, ролін түсіндіру, қазақ интеллектуалдық-рухани элитасының мұрасы, денсаулық сақтаудың жай-күйі жайлы айтып, білімдерін толықтыру.;

Дамытушылығы: студенттердің жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, жүйелі ойлау, алған білімдерін өмірде пайдалана білу қабілеттерін дамыту, өз бетінше қорытынды жасау, әр-түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды үйрету. Студенттердің қызығушылығын арттыра отырып, өз бетінше жұмыс жасауына, шығармашылықпен айналысуына ықпал жасау, бағыт- бағдар беру.

Тәрбиелігі: студенттердің ұлттық намысын ояту; адамгершілік сана- сезімін қалыптастыру; шығармшылыққа, ізденімпаздыққа, өз ойын жинақтауға, өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Білім алушы білуі керек:

-негізгі фактілер, үрдістер, түсініктер, теориялар, жүйелілік пен тұтастықты сипаттайтын болжамдар: тарихи үрдістің тұтастығын;

-заманауи қоғамдық үрдістердің тарихи маңыздылығын;

-Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктерін, оның әлемдік қауымдастықтағы орнын;

-тарихи үрдістегі маңызды әдістемелік концепцияларды, олардың ғылыми және танымдық негіздерін;

-өткен процестер мен оқиғалардың, құбылыстардың тарихи, тарихи-әлеуметтік, тарихи-саяси, тарихи-мәдени ерекшеліктерін;

-қоғамдық институттардың құрылуы мен дамуының, әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінің, адам мінез-құлқының нормалары мен мотивтерінің  тарихи шарттарын;

-Қазақстан және әлем тарихының,  ұлттық және аймақтық, конфессионалдық, этноұлттық, жергілікті тарихтың қарым-қатынасы мен ерекшеліктерін;

-қоғамдық дамудағы заңдылықтар;

-Қазақстан дамуының ерекшеліктері;

-Қазақстандағы ұлттық процестердің дамуы.

Білім алушы істей білуі керек:

-әртүрлі дерек көздеріндегі тарихи ақпаратты ізденуді жүргізу;

-тарихи ақпарат көздеріне сынисараптама жүргізу (дерек көзінің авторына, мерзіміне, жағдайына және оны жарыққа шығару мақсатына сипаттама жасау).

-әртүрлі таңбалық жүйедегі берілген тарихи ақпаратты сараптау (мәтін, карта, кесте, сызба, дыбыстық визуалдық қатар);

-тарихи проблемаларға құрылған пікірталастарға қатысу, тарихи мәліметтерді дәйек ете отырып, талқыланған сұрақтар бойынша өзіндік көзқара пен бағыт қалыптастыру;

– әртүрлі дерек көздеріндегі тарихи ақпараттарға кешенді ізденіс  жүргізу, тарихи ақпараттарды іздеу мен жүйелеу барысында  электронды өңдеу, әртүрлі таңбалық жүйедегі берілген тарихи ақпаратты бейнелеу (мәтін, карта, кесте, сызба, дыбыстық визуалдық қатар), бір таңбалық жүйедегі ақпаратты екіншісіне көшіру;

-ақпарат көзіне ішкі және сыртқы сыни пікір беру (дерек көзінің авторына, мерзіміне, жағдайына және оны жарыққа шығару мақсатына сипаттама жасау, дерек көзінің растығы).

-тарихи үрдістер мен оқиғаларды тану үшін себептік-тексеру, құрылымдық-функционалдық, уақытша және кеңістік сараптамаларының принциптерін қолдану;

әртүрлі тарихи ақпаратты дүниежүзілік тарихтың заңдылықтары туралы өзінің түсінігі негізінде жүйелеу;

-топтық зерттеу жұмыстарына қатысу, пікірталастың шешуші сәттерін анықтау, талқыға салынатын сұрақтар бойынша өзіндік позициясын анықтау; оны дәлелдеу үшін тарихи деректерді пайдалану; әртүрлі ой-пікірлерді ескере отырып, ойын интеграциялау.

-тарихи танымдық жұмыс бойынша жеке және топтық зертеулердің нәтижелерін конспект, реферат, тарихи шығарма, резюме, сыни пікір, зерттеу жобасы, ашық презентация ретінде көрсету.

Пәнішілік байланыс:

Қазақстан тарихы пәні- « ХХ ғ. Қазақстан мәдениеті», «1916 ж. ұлт- азаттық көтеріліс. 1917 ж. Ақпан буржуазиялық революция», «Қазақстанда Кеңес үкімітенің орнауы. Қазақстанды азамат соғысына тарту», « ХХ ғ. 40-80 жж. мәдениеттің дамуы. 70-80 жж. Қазақстандағы денсаулық сақтау жүйесінің жетістіктері мен проблемалары»;

Пәнаралық байланыс:

Қазақ және орыс әдебиеті пәні- «ХХ ғ. Бас кезіндегі жазушылар»; «А. Байтұрсынов «Қырық мысал», «Маса»; «М. Дулатов «Оян, қазақ», «Бақытсыз Жамал» романы»; «С. Торайғыров «Қамар сұлу» романы»; «М. Жұмабаев өлендері, «Батыр Баян» поэмасы»; «ХХ ғ. 20-30 жж. әдебиетке шолу»; «Ж. Аймауытов «Қартқожа», «Ақбілек» романдары»; «С.Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы»; «ХХ ғ. 20-30 жж. шығармалардың ерекшелігі»; «І. Жансүгіров «Күйші», «Құлагер»; «Б. Майлиннің өлендері мен әңгімелері».

Сабақтың көрнекілігі:

Таратпа тапсырмалар: тест жұмыстары, тапсырмалар;

Техникалық құрал жабдықтар: интерактивті тақта, видеопроектор,  үнтаспа, компьютер.

 

Оқытушыларға арналған әдебиеттер тізімі:

  1. Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2005.
  2. Қазақ КСР тарихы (ежелгі дүниеден бүгінгі күнге дейін). 5 томдық. – Алматы, 1978-1980.
  3. Қазақтың көне тарихы. – Алматы, 1993.
  4. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1, 2, 3, 4, 5. ТТ. – Алматы, 1996, 1998, 2002, 2010, 2010.
  5. Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін. Оқу құралы. – Алматы, 1993.
  6. Қозыбаев М.Қ., Бекмаханова Н.Е. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1991.
  7. Кәдіқұлова Г.Қ. Қазақстан тарихы: Оқулық.-Алматы, 2005.
  8. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
  9. Сабыров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.

 Білім алушыларға арналған әдебиеттер тізімі:

  1. Кәдіқұлова Г.Қ. Қазақстан тарихы: Оқулық.-Алматы, 2005.
  2. Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
  3. Сабыров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997.

 

 Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:

Оқытушының жұмысы:

Тақырып бойынша тапсырмалар,  тест жұмыстарын  дайындау.

Студенттердің жұмысы:

Жобалар жазу үшін зерттеу жұмыстарын жүргізу, оларды жүйелеп  әзірлеу.                                                                                                                           Сабақтың барысы:

  І. Ұйымдастыру кезеңі.  Сәлемдесу. Студенттерді түгендеу,назарын

сабаққа аудару.

ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі. Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен

таныстыру.

ІІІ. Білім денгейін тексеру. Студенттердің білімдері әр түрлі тапсырмалар арқылы  тексеріледі. Ол фронтальды сұрау (студенттердің басым бөлігі сұрақтарға ауызша жауап берген кезде тақтада екі бала жазбаша тапсырмаларды орындайды, жауаптарын түсіндіріп береді), жазбаша тапсырмалар күрделенген тест тапсырмасы.

1) Фронтальды сұрау арқылы тексеру:

1.«Сауатсыздық жойылсын» қоғамы қашан құрылды?

  1. Республикада сауатсыздықты жою қарқынының баяу жүру себебі неде?
  2. «Қазақ АКСР- де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы» қашан

қабылданды?

  1. Жоғарғы оқу орындары туралы не айтуға болады?
  2. Халықтық музыканы зерттеуде орыс этнографы, сазгер Затаевич еңбектері

ерекше. Несімен ерекше? Еңбектерін атандар.

  1. Өнер саласының қайраткерлері жайлы мәлімет беріндер.
  2.   Қазақтарға мәдениет саласындағы реформалардан  қайсысы қиынырақ

болды?

2) Көп нүктенің орнын толтыр:

  1. 1926 ж. мамыр- …………………………………………………………………………………
  2. ……….. – КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы базасы

құрылды.

  1. 1938 ж.- …………………………………………………………………………………………..
  2. …………– С. Асфендияровтың «Қазақстанның көне заманнан бергі

тарихы» атты еңбегінің І – бөлімі жарыққа шықты.

  1. ………….- Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрі құрылды.
  2. ……………- Қызылордада тұнғыш ұлттық қазақ театры ашылды.
  3. 1934 ж. ақпан- ………………………………………………………………….
  4. 1935 ж.- ……………………………………………………………………………..

3)       Сәйкестіктерін тап:

  1. Бірінші дыбысты көркем фильм

қашан түсірілді                                                       А.Затаевич

 

  1. 1932 ж. «Қазақстанның халық әртісі»

атағын иеленген өнер қайраткері                         1938ж.

 

  1. Ұлттық қазақ театрына Қазақ

академиялық драма театры атағы                      «Қазақтың 1000 әні»

қашан берілді

 

  1. 1926 ж. Әулиеатада қазба

жұмыстарын жүргізген кім                                 «Тар жол, тайғақ кешу»

 

  1. Музыкатанушы ғалым Б. Асафьев

қандай еңбекті мыңжылдық мәдениеттің              М. Массон

аса құнды ескерткіші деп бағалады

 

  1. 1927 ж. жарыққа шыққан қай шығармада

1916 ж. ұлт- азаттық, Ақпан,                                  1931 ж.

Қазан төнкерістері туралы баяндалады

 

  1. Алматы қаласында медицина     1937 ж.

институтының ашылған жыл

 

  1. Қазақ медицина институтының        С.Д. Асфендияров

алғашқы директоры (ректоры)

 

4) Көп нүктенің орнын толтыр:

  1. ………….республикада Қазақ әдебиеті баспасы ашылды.
  2. ………….Мәскеуге …………………………..әншілері мен музыканттары шақырылып, концерт қойды.
  3. …………13 қантар күні …………..спектакільнен үзінді қойылды. Театрдың алғашқы режиссері ……………..
  4. ………….Денсаулық сақтау халкомының тапсырысы бойынша Н.Анов жазған …………пьесасы қойылды.
  5. Қазақстан жайлы тұнғыш көлемді деректі- көркем фильм ……. деп аталды. Сценарий авторы мен режиссері ………..

6………Қазақстанда материалдық базасымен қоса деректі киностудия ашылды.

  1. Алгебрадан қазақ тіліндегі бірінші мектеп оқулығын ……….., географиядан- ………….., ………. профессор Санжар Асфендияров құрастырды.
  2. ……………. К.О. Горбачевтың ықпалымен Мәскеуде құрылған геологобарлаушылық экспедицияның құрамына Қарағандыға алғашқы дәрігерлер ……………………………………. келді.

 

ІV. Тақырыпты бекіту. Тақырыпты қорытындылау мақсатында студенттер өз ойларын жинақтап, жүйелеп тақтадағы кестені кластер әдісін пайдаланып толтырады.

20-30 жж. мәдениет

                         Жағымды жағы                 Жағымсыз жағы
   

 

  1. Студенттердің өзіндік жұмысы. Студенттер алдын- ала жасаған жобаларын қорғайды. Әрбір жоба талқыланып, сұрақтар қойылады.Жобаларды сарапшылар (топ студенттері )бағалайд(қосымша № 1). Ол үшін сарапшаларға жобаларды бағалау критерийлері бар парақша беріледі. Жоба тақырыптары:

–  «Аты аңызға айналған Ж.Шашкина »;

«Қазақ тұнғыш режиссері- Ж.Шанин»;

«20-30жж. Қазақ кинематографиясы »;

«20-30 жж. Қарағанды қаласының медицинасы».

VІ. Бағалау.

VІІ. Рефлексия – сөйлемдерді аяқта

  • бүгін мен білдім…
  • маған қызықты болды…
  • қыйын болды…
  • мен тапсырмаларды орындағанда…
  • мен түсіндім…
  • енді мен істей білем…
  • мен сезгенім…
  • мен өзіме алғаным…
  • мен үйрендім …
  • мен істей білем…
  • мен тырысам…
  • мені таңқалдырды…
  • сабақтын менің өміріме беретіні…

VІІІ. Үй тапсырмасы. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ғылым және мәдениет жайлы қосымша деректер әкелу.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  • Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.;
  • Қойгелдиев М., Төлеубаев Ә., Қасымбаев Ж., Далаева Т., Қалиева Е.Қазақстан тарихы.- Алматы, 2007.;

 

Қосымша №1Жобаны  бағалау критериясы:

 

Сапа критерийі 0 балл 2 балл 3 балл 4 балл 5 балл
Мазмұнының тақырыбына және қойылған міндеттерге сәйкес келуі Жоба тақырыпқа сәйкес келмейді. Жоба тақырыпқа жартылай сәйкес келеді. Жоба
тақырыпқа және қойылған міндеттерге негізінен сәйкес келеді.
Жоба
тақырыпқа және қойылған міндеттерге толық сәйкес келеді.
Жоба
тақырыпқа және қойылған міндеттерге толық сәйкес келеді.
Тақырыпты ашу толықтығы және әдебиеттерді қолдану Тақырып ашылмаған Тақырып толық ашылмаған және әдебиеттер аз қолданылған Тақырып толықтай ашылмаған және негізгі әдебиеттер жеткіліксіз Тақырып ашылған, бірақ жобаның кейбір жағдайлары толықтай берілмеген, толықтауды қажет етеді. Барлық негізгі әдебиеттер қолданылған. Тақырып толық ашылған, қазіргі заманғы негізгі әдебиеттер жеткілікті мөлшерде қолданылған.
Материалдарды біріктіру және қысқаша қорытынды беру қабілеттілігі Қорытынды берілмеген Материал біріктіріл-меген, қорытынды жоқ Материал біріктірілген, бірақ қорытынды нақты емес, өте ұзақ Материал біріктірілген, нақты қорытынды берілген. Материал біріктірілген, қорытынды нақты және түсінікті берілген.
Иллюстрациялар, олардың ақпараттылығы Иллюстрация жоқ Иллюстрация ақпаратты емес Иллюстрация жеткіліксіз ақпаратталған Иллюстрация ақпаратты, сапасы жоғары Иллюстрация ақпаратты, сапасы өте жоғары
Жобаның қойылған талаптарға сәйкес дайындалуы Сәйкес келмейді Жобаны дайындау барысында негізгі қойылған талаптар сақталмаған Жоба дайындау барысында негізгі қойылған талаптар сақталған Жобаны дайындау барысында негізгі қойылған талаптар толық сақталған Жобаны дайындау барысында негізгі қойылған талаптар толық сақталған

 

 

“5” – 23- 25 балл

“4” – 19-22 балл

“3” – 15- 18 балл

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *