«Жаңа экономикалық саясат» тақырыбындағы студенттердің өзіндік жұмыс жасауына арналған материалдар


Ж.М.Зейнегабиева тарих пәнінің оқытушысы

Қарағанды қаласының медицина колледжі

Сіздердің назарларыңызға өзіндік жұмыстың «Жаңа экономикалық саясат» тақырыбындағы материалдары ұсынылып отыр.

Аталған құрал мынадай материалдардан тұрады:

  • Теориялық материал
  • Ақпарат құралдар материалдары
  • Иллюстрациялық материалдар
  • Материалды бекітуге арналған тапсырмалар
  • Терминологиялық сөздік
  • Бақылау сұрақтары және тест тапсырмалары

Аталған құралдың көмегімен әрбір студент өз деңгейін анықтай алады. Ол үшін:

  • теориялық материалдарымен танысады,
  • оқыған материалдың негізінде арналған тапсырмаларды (глосариймен жұмыс жасау, венн  диаграмма, кестелерді толтыру және т.б.) орындайды,
  • терминологиялық сөздікпен танысады,
  • «Жаңа экономикалық саясат» тақырыбындағы бірнеше деңгейлі тесттерге жауап береді,
  • тақырыпты қорытындылау мақсатында кесте толтырады.

Қазақстан Жаңа экономикалық саясат жылдарында

  1. Азамат соғысынан кейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Азамат соғысы аяқталып, Кеңес өкіметі бұрынғы Ресей империясының барлық аумағында орнады. Алайда елдегі жағдай бұрынғыдан бетер апатты сипат алды. Одан әрі жалғастырылған «әскери коммунизм» саясаты халықтың арасында наразылық тудырды. Партияның өз ішінде жікке бөліну көрініс бере бастады. «Әскери коммунизм» саясаты экономиканың толық күйреу кезеңінде жургізіліп, ең соңында өндірістің кері кетуіне әкеп соқты. 1920 жылдың бас кезінде кең көлемді жоспарлау мен басқару женіндегі мәселелерді шешу үшін кұрылған Орталық жоспарлау комитеті мен Бүкілодақтық Халық шаруашылығы кеңесі сиякты құрылымдар өз міндеттерін аткаруға кабілетсіз болып шықты. Национализацияланған кәсіпорындар мемлекеттік бақылауға көнгісі келмей, өздерінің азың-аулақ енімдерін қара базар арқылы өткізуге тырысты. Мемлекет шаруаларға «айырбас» үшін ете жұтаң өнеркөсіп тауарларын ғана ұсына алды. Тауарлардың өте тапшылығы, олардың қымбаттығы шаруаны өз өнімдерін сатуға шығаруға ынталандырмады, артық өнімдер дереу тартып алынды. Нәтижесінде сатуға арналған өнімдердің келемі елеулі түрде кыскарды.

Ірі жер иеліктерінің ұсақталуы, теңгермешілік, коммуникациялардың бұзылуы, қала мен деревня арасындағы экономикалық байланыстардың үзілуі, азық-түлік салғырты шаруалардың томаға- тұйыкталып, натуралдық шаруашылыққа қайта оралуына әкеп соқты. Оның үстіне азық-түлік салғырты саясатын – ауыл шаруашылық өндірісінің артық өнімдерін армия мен қалалардағы жұмысшылардың мұқтаждықтары үшін тартып алуды одан әрі жалғастыру шаруалар үшін көтере алмас ауыр салмақ еді. Бұл большевиктер өкіметіне қарсы шаруалар бүлігіне әкеп соққан деревнядағы наразылықтың басты себебі болды. Большевиктерге қарсы шаруалардың көтерілістері барлық жерлерде бұрқ ете түсті.

Азамат соғысы аяқталғаннан кейінгі Кеңес елінің жағдайын В.И.Ленин «куйзеліс, жоқшылық, қайыршылану» деп сипаттады. Империалистік және Азамат соғысы, «әскери коммунизм» шаралары бүкіл елдің экономикасын, соның ішінде Қазакстанның шаруашылығын да ауыр күйзеліске ұшыратты. Мәселен, 1920 жылы мемлекет иелігіне алынған 307 көсіпорынның 250-і өз жұмысын тоқтатты. Мұнай өндіру 1913 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 4 есеге, көмір өндіру – 5 есеге азайып кетті, мыс рудасын өндіру мүлдем тоқтатылды. Спасск байыту фабрикасы, Риддер кеніштері, Екібастұз көмір орындары қаңырап қалды. Өнеркөсіптің үлесі халық шаруашылығы жалпы өнімінің- 6,3%-ын ғана құрады. Ауыл шаруашылығы да ауыр халге ұшырады. Егістік көлемі Орал губерниясында 2,5 есеге, Жетісуда – 3 есеге қысқарды. Мал басы республикада 29,9 млн-нан 16,3 млн басқа кеміп кетті.

Социализмнің экономикалық іргетасын қалау үшін жаңа техникалық база негізінде ірі өнеркәсіпті қалпына келтіріп, оны қайта құру қажет еді. Бұл үшін бөрінен бұрын жұмысшыларды азық-түлікпен, өнеркөсіп салаларын шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығын қалпына келтіру керек болды.

  1. Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). Жаңа экономикалық саясат белгілі бір шамада капитализмге уақытша жол беру арқылы мемлекет қолында халық шаруашылығының өміршіл тұтқаларын сақтап қалуға есептелген пролетарлық мемлекеттің ерекше саясаты болуға тиіс еді. В.И.Лениннің пікірінше, НЭП-тің (жаңа экономикалык саясаттың) негізгі мәні – елдің экономикалық жағынан артта қалу проблемасын шеше алатын жұмысшылар мен шаруалардың одағын жасау болды. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының бір-біріне көмектесуі мен бір мезгілде қатар дамуы мына жүйе бойынша жүруге тиіс еді: ауыл шаруашылығын өндіріс құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етуге бейімделген ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіру, селолық ұсак тауар өндірушілерді көтермелеу; ауыл шаруашылық техникасын Кеңес өкіметі өңдей алмай отырған шикізатқа айырбастау жолымен сырттан алу. ЖЭС марксистік экономикалық теориядан қалыпты нарықтық қатынастарға қайта оралуды білдірді.

Жаңа экономикалық саясатқа бағыт алу РКП(б) X съезінде қабылданды. 1921 жылы 20 наурызда Компартияның X съезінің күн тәртібіне екі маңызды мәселе қойылды: біріншісі – партияның ішіндегі фракцияларға тыйым салу, екіншісі – шаруаларға үш жыл бойы ауыр салмақ болған азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен ауыстыру. БОАК съезде жаңа экономикалық саясатқа көшу бағытын бекітті. Негізгі кұжаттар съездің соңғы күні, асығыс түрде қабылданғанын айтып өту қажет. Съезден соң азық-түлік салығы жөніндегі қарар басқа экономикалық шаралармен толықтырылуға тиіс болды.

Елді бүлінген шаруашылық жағдайынан шығару үшін оны азық-түлікпен қамтамасыз ету қажет еді. Бұл міндетті шешу үшін бәрінен бұрын шаруаларды ауыл шаруашылық өнімдерін ендіруді арттыруға ынталандыруды жүзеге асыру күрделенді. Сондықтан да азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру жөнінде шешім қабылданды. Заттай салыктың орташа мөлшері азык-түлік салғырты мелшерінен 30-50%-ға төмендетіліп, егілген егін көлемі мен топы- рактың кұнарлығы да есепке алынды. Салық заттай түрінде салынып, оның мөлшері ертерек, алдын ала, егін себу жұмыстары басталғанға дейін хабарланды, жиналатын бүкіл енімнің 5%-ын ғана құрады. Егін шаруашылықтарынан тыс мал шаруашылығына да заттай салықтар салынды. Бастапқыда 13 салық енгізілгенімен, кейінірек олар бірыңғай ауыл шаруашылық салығымен алмастырылды. 1924 жылдан бастап ол ақшалай алына бастады. Азық-түлік салығына кешу шаруаларға ез шаруашылығын жоспарлау мен ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын өз бетінше пайдалануға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде НЭП-тің негізгі белгілерінің бірі болған рынок пен тауар- ақша катынастарын калпына келтіруді талап етті.

  1. Жаңа экономикалық саясаттың табыстары мен тарихи сабақтары. Жаңа экономикалық саясат: саяси-идеологиялық салада – катаң бірпартиялық тәртіп, басқаша ойлау мен басқаша іс-әрекеттің қандайын болса да басып-жаныштауды; экономикалық салада – шаруашылықтың әкімшіл-рыноқтық жүйесін орнатуды білдірді. НЭП-тің енгізілуімен жерді жалға беру мен жалға алуға, жалдамалы еңбекті қолдануға рұксат етіліп, ауыл шаруашылық, несие, тұтынушылар кооперациясын дамыту көтермеленді. «Әскери коммунизм» кезінде еңгізілген еңбек міндеткерлігі мен еңбекке мобилизациялау жойылды. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамдарға немесе кооперативтерге жалға берілді.

Жаңа экономикалық саясат – халық шаруашылығына әкімшіл- әміршілдікті сақтай отырып, белгілі дәрежеде капитализмге уақытша ерік беруге есептелген пролетариат мемлекетінің ерекше саясаты. 1921 жылы көктемде БОАК жергілікті тауар айырбасына, жеке саудага, жеке меншік кәсіпорындар кұруға рұқсат беру жөніндегі декреттер қабылдады. Нарықтық катьшастарға көшу ақша айналысьш ретке келтіру жөніндегі мәселені күн тәртібіне қойды. 1921 жылы жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі мен карточкалық жүйе жойылды. 1922- 1924 жылдар аралығында бір мезгілде ескі және жаңа ақша белгілерінің қатар қолданылуына рұқсат етілген ақша реформасы жүргізілді. Рыноктың қалпына келтірілуі шаруашылық жүргізудің әкімшілдік әдістерінен бас тартып, экономикалық, материалдық қызығушылық тудыратын әдістерге көшуді талап етті.

Жаңа экономикалық саясат аз уақыт әрекет етіп, барлық саланы біртутас қамтыган жүйе болып қалыптасып ірлгермеді. Ол ауыл шаруашылығының соғыс пен революциядан кейінгі өлсіреуі мен үкіметтің НЭП жылдарындағы ішкі саясатта жіберген елеулі қателіктеріне байланысты толық жүзеге аспады. Алайда осы кездің өзінде үкіметтің нарықтық қатынастарды кең қолдану арқылы елдің барлық өндіргіш күштерін жаңдандырып, жалпы шаруашылыктың өркендеуін қамтамасыз ете алатын қабілеті айқын керінді. Жаңа экономикалық саясат тарихка Кеңес өкіметінің орнауы мен Азамат соғысынан кейінгі мәдени, идеологиялық, әлеуметтік және экономикалық жандану кезеңі ретінде енді.

Барлық қарама-қайшылықтарына қарамастан жаңа экономикалық саясат қысқа мерзімде халықтың тұрмыс дәрежесін арттырып, халық шаруашылығын калпына келтіруге, елдін, саяси өмірін жандандыруға және мәдени өмірін сауықтыруға мүмкіндік жасады. Жаңа экономикалық саясаттың тежелу себебін партия мен мемлекет басшыларының бұл саясатты түсіну мен іске асырылу мүмкіндіктерін бағалаудағы жіберген елеулі қателіктерімен түсіндіруге болады. Осындай жете түсінбеушіліктің нәтижесінде жеке меншік капиталға қарсы мерзімінен бұрын шабуыл науқаны басталды. Оның нөтижесі – деревнядағы шаруалар мен каладағы жұмысшылар наразылығымен қатар жүрген рынок айналымы берекесінің кетуі болды. 20-жылдардың соңында жаңа экономикалық саясаттың бәсеңдеуі байқалды. Осының бәрі Ленин есімімен іске асырылса да, іс жүзінде партия мен бүкіл елдің тарихында келесі кезең басталды. 20-жылдардың соңында партиялық (мемлекеттік) басшылықтың күрамы түбірімен өзгеріп, Сталин мен оның жақтастары шектеусіз жеңіске жеткен шақта жаңа экономикалық саясаттың соңғы сөті туды.

Сталиннің төңдрегіндегілердің белсенділігімен «әскери коммунизм» жылдары қалыптасқан басшылықтың өміршіл-өкімшілдік тәсілдері, әсіресе өнеркәсіпте, тіпті нарықтық қатынастардың неғұрлым еркіндік алған жылдарында (1925-1927) да толық жойылған жоқ. Жаңа экономикалық саясат бүкіл шаруашылық пен басқару жүйесін толығынан қайта құру, біртұтас өрі барлық саланы қамтыған жүйені қалыптастыру мақсатын көздеп, өте қысқа мерзім ішінде әрекет етті. Ол іс жүзінде елді дағдарыстан, аштық жағдайынан алып шықты. Алайда ол өзінің барлық мүмкіндіктерін толық пайдалана алмады,мемлекеттің экономикалық монополиясын, бизнес саласындағы бюрократия мен асыра сілтеушілікті, қатал бәсекелестікті, таптық күрес пен барынша идеологияландырылған түсінікті бағындыра алатын төсіл, еркін шаруашылық жүргізу тәсілін қалыптастыра алмады. 5. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясаттың мөні. Кеңестердің Қазақстандағы 1921-1925 жылдардағы жүргізілген экономикалық саясаты қарама-қайшылықтарға толы болды. Революцияның шалғай аудандар мен ұлттық шеткері аймактарға көрсеткен қолдауының маңызды мәні жөнінде көп айтылса да, жаңа режим Кеңес өкіметінің Мәскеу мен Ресейдің негізгі астыкты аудандарында нығаюына көп көңіл бөлді. Ұлттық аудандар мемлекеттің шеткері бөліктері ретінде қарастырылып, орыс емес халықтардың мұқтаждықтары мен оларға қамқорлық жасау іс жүзінде емес, көбінесе сөз жүзінде көрсетілді. Сәтсіздіктердің себептері шаруаларды жермен, тұқыммен, керекті кұрал-саймандармен қамтамасыз ете алмаған, ауыл шаруашылығының дамуын қандай да бір жоспарлы арнаға бағыттай алмаған мемлекеттің өзінде болды. Қазақтарға сол кез ушін ең қажетті нәрсе – олардың мал шаруашылығымен айналысуға, дәстүрлі әлеуметтік құрылымдар мен мәдени салттарды сақтауға мүмкіндік беретін экономиканы қалпына келтіру еді.

Халық шаруашылығын қалпына келтіру басталғанымен, ол баяу жүрді. 1925 жылға дейін халықтың жаппай наразылығы жалғаса берді, өйткені рынок іс жүзінде каңырап калған еді. Дегенмен Қазақстанның мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы біртіндеп күш ала бастады. 1925 жылы егін егілген жер көлемі ұлғайып, 3,0 млн гектарды құрады. Орал, Ақмола, Семей губернияларының астықты аудандарында бұл көрсеткіш соғысқа дейінгі деңгейге жетті. 1925 жылы 1914 жылғы өніммен бірдей 92 млн пұт астық жиналды. Мал басының саны екі еселеніп, көшпелі мал шаруашылығы біртіндеп қалпына келе бастады. Қазақстандағы өнеркәсіптің калпына келтірілуі шикізат пен отынның, маманданған жұмысшы қолының жетіспеушілігі, айналыстағы қаржының аса тапшылығы жағдайларында басталды. Алайда экономиканы қалпына келтіру үрдісі айқын байқалды. 1925 жылдың соңына таман өнім өндіру деңгейі 1920 жылмен салыстырғанда 6 есе дерлік өсіп, шамамен соғысқа дейінгі деңгейдің үштен екісіне жетті. Өнеркәсіп орындарының 60%-ынан астамы іске қосылды. Сауда кең құлаш жайды. 1926 жылы Қазақстан аумағында 200-ге жуық жәрмеңке жұмыс істеді. Экономикадағы жағдайдың жолға қойылып келе жатқанына темір жолдардың тоқтаусыз жұмыс істей бастағаны дәлел болды. Қазақстанда ескі магистральдармен қатар жаңадан салынған ПетропавлКөкшетау, СлавгородПавлодар тармақтары мен Омбы темір жолының Семей бөлігі толыққанды пайдалануға берілді. Ертіс, Сырдария, Жайық өзендеріндегі өзен көлігінің жұмысы қалпына келтіріліп, жандана түсті. Осылайша республиканың халық шаруашылығында белгі берген серпіліс дағдарыстан шығудың, экономиканың оңды даму процесінің басталғанына дәлел болды.

  1. Қазақстандағы аграрлық және жер-су реформасы. 20-жылдардың бас кезіндегі Қазақстанда жүргізілген аграрлық реформалар ауыл шаруашылығының дағдарыстан шығуында маңызды рөл атқарды. 1921 жылдың ақпан- сәуір айларында Қазақ АКСР OAK қазақ еңбекшілеріне қоныс аудару басқармалары патша укіметі қазақ әскерлерінің пайдасына 19161917 жылдары тартып алған, помещиктер мен капиталистерге кеткен, қоныс аударушылар заңсыз басып алған жерлерді қайтарып беру жөнінде декреттер қабылдады. Бұл декреттермен жер пайдаланудың әділетті тәртібі орнатылды. Қазақ еңбекші шаруалары бұл декреттерді қуанышпен және алғыс сезіммен қарсы алды. Қазақтарға Ертіс өзенінің бойындағы он шақырымдық алқап пен бұрын қазақ әскерлеріне тиісті болған Жайық өзенінің сол жағалауындағы жерлер қайтарылды. Бұл аумақтардағы барлық қазақ және шаруа шаруашылықтары осы аудандар үшін әдеттегі мөлшердегі жер үлесін пайдалану құқығын сақтады. Кейінірек Жайықтың сол жағалауындағы жерлердің бір бөлігі межеленіп, қазақтардың пайдалануына шұрайлы жайылымдар берілді. Көкшетау уезіндегі барлық бос жатқан жер қорын Кеңес қазақ еңбекшілеріне берді.
  2. Қазақ жерлерінің Қазақ АКСР-і қүрамына біріктірілуі. Қазақстандағы отаршылдық саясаттың ауыр мұрасы — өлкенің жекелеген әкімшілік-аумактық бөліктердің арасында бөлшектеніп кетуі еді. Қазақ АКСР-інің құрылуы қазақтар мекендеген барлық жерлерді біріктіру проблемасын қойды. 1921 жылы Қазақстанның батысы мен солтустігінде және Батыс Сібірде шекаралық мәжелеу болып өтті. Орталық Азияны ұлттық-аумақтық жағынан межелеу мен қазақ жерлерін біріктіруді шешу жөнінде ірлкен дайындық жұмыстары жургізілді. Түркістанның кұрамына кірген Жетісу мен Сырдария облыстарын Қазақстанға қосу жөніндегі идея Азамат соғысы кезеңінде- ақ пайда болған-ды. Осы облыстардағы қазақтар солтүстік облыстармен бірігіп, бір республиканың құрамында болу тілегін білдірді. Бұл ұлттық республикалардың күшеюіне мүдделі болмаған орталық өкімет орындарының жоспарларына сай келді. 1924 жылы 16 қыркуйекте Туркістан. OAK- нің Төтенше сессиясы Орта Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік тұргыдан межелеу жөнінде қаулы қабылдады. Межелеудің нәтижесінде Қазақ АКСР-іне бұрынғы Түркістан, Хорезм және Хиуа республикаларының 1,5 млн-дай адам тұратын 40% аумағы берілді. Қазақстан аумағы 1920 жылғы. 2 млн шаршы шақырымнан 1925 жылы 2,8 млн шаршы шақырымға дейін артты. Қазақ АКСР іне оңтустік аумақтарды қосқан соң оның халқы 1920 жылғы 4,8 млн-нан 1925 жылы 6,5 млн адамға дейін өсті. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеудің нәтижесінде қазақ жерлерін біртұтас кеңестік қазақ мемлекетіне біріктіру аяқталды. Осыған орай Қазақстанның халық саны ұлғайып, аумағы кеңейді, зкономикалық күш-қуаты артты.

Қазақ халқының аумактық жағынан бірігуі казактардың одан әрі біртұтас ұлт болып қалыптасуында, Қазақстан экономикасы мен мәдениетін дамытуда, республиканың ұлттық саясатында маңызды рөл атқарды. Барлық қазақ жерлерінің бір республиканың құрамына бірігуі қазақ халқының тарихындағы айтулы кезең, сол уақыттағы қиыншылықтарға қарамастан қазақ мемлекеттілігінің құрылуындағы өте маңызды қадам болды. Нәтижесінде Қазақ АКСР-інің аумағы едәуір дерлік ұлғайды. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар Қазақстанның барлық халқының 61,3%-ын құрады.

Толығырақ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *