Қазақстандағы ЖЭС және оның нәтижелері


Ж.М.Зейнегабиева тарих пәнінің оқытушысы

Қарағанды қаласының медицина колледжі

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы ЖЭС және оның нәтижелері

Сабақтың түрі: дәріс

Сабақ өткізу уақыты: 90 мин.

Сабақтың мақсаты: Жаңа экономикалық саясат жылдарындағы Қазақстан және оның нәтижесі туралы білімдерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:  

Білімділік: 1920 жылдардағы қоғамдық-саяи өмір туралы білімдерін еске түсіру. Қазақстандағы жер-су реформасы, жаңа экономикалық саясат, оның қиындықтары мен табыстары туралы білу. Жаңа экономикалық саясаттың себептерін  түсіну және басты оқиғаларды анықтау. Жаңа экономикалық саясатының Қазақстан тарихында алатын орнына баға беру.

Тәрбиелік: Сабақ барысында студенттерді сөздікпен жұмыс жасауға («экономика», «реформа», «декрет», «одақ», «артель», «аграрлық», «кооператив», «бюджет», «трест»), жауапкершілікке, жұмыс орнындағы тиянақтылыққа, басқаның пікірімен санасуға, қиындықты жеңе білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық: Студенттердін танымдық қабілетін жетілдіру, өзіндік көзқарасын қалыптастыру, ойын еркін жеткізу, ізденіске жетелеу.

Студент білуі қажет:

     ЖЭС-қа көшудің әлеуметтік-экономикалық және саяси болжамдары. Кәсіпорындары шаруашылық есепке көшірілуі. Тауар-ақша қатынасы қызметінің кеңеюі (сауда еркіндігіне мүмкіндік беру, табиғи еңбек нарығын ақшаға алмастыру, 1922 1924 ж.ж. ақша реформасы). Азық-түлік диктатурасын алып тастау.

Социалистік, капитализмге дейінгі және стихиалық-нарықтық тенденциялармен күрес: «кім-кімді» мәселесі. Экономиканың түрлі құрылымдарының қалыптасуы. Қазақстанның оңтүстігіндегі жер-су реформасы мен оның нәтижелері.

ЖЭС-тың әлеуметтік-экономикалық нәтижелері. Өндірісті, көлікті, ауыл шаруашылығын қалпына келтіру ісінің басталуы.  Кооперативтік қозғалыс. Сауданың дамуы. Тарихтағы ЖЭС-тың аяқталу кезеңі мәселесі.

ЖЭС идеологиясынан алшақтаудың басталуы. 1927-1928 ж.ж. ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде күштеу әдісіне көшудің басталуы. Салық режимінің күшеюі. Жаппай антишаруалық  репрессиясының басталуы.

Өлкедегі мәдени өмір. Ұлттық зиялылардың пісіп жетілген идеялары:  Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, Шәкірім Құдайбердіұлы т.б. қызметі, шығармашылығы. Жаңа қазақ кеңес зиялыларының қалыптасуы.

Қазақстандағы медицинаның дамуы.

    Студенттің жасай білуі:

– әртүрлі дерек көздеріндегі тарихи ақпаратты ізденуді жүргізу;

– тарихи ақпарат көздеріне сынисараптама жүргізу (дерек көзінің авторына, мерзіміне, жағдайына және оны жарыққа шығару мақсатына сипаттама жасау).

– әртүрлі таңбалық жүйедегі берілген тарихи ақпаратты сараптау (мәтін, карта, кесте, сызба, дыбыстық визуалдық қатар);

– тарихи проблемаларға құрылған пікірталастарға қатысу, тарихи мәліметтерді дәйек ете отырып, талқыланған сұрақтар бойынша өзіндік көзқара пен бағыт қалыптастыру.

«Қазақстан тарихын» оқу пәнінен игеруі тиіс базалық құзыреттіліктер:

БҚ 2.1– ҚОҒАМДЫҚ  ӨМІРІ: Студент қоғамдық өмірге белсене қатысады

БҚ – 3.2КОМАНДАМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ: әртүрлі топта жұмыс жасап жауапкершілікке үйретеді.

 

 

Пәнаралық байланыс:  Саясаттану «Саяси билік»

Пәншілік байланыс: «Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыруға көшіру», «Қазақстандағы индустрияландыру және оның ерекшеліктері мен нәтижесі»

Сабақтың жабдықталуы:

карта,  дәрістің мәтіні, кесте, таратпа парақтар, білімдерін тексеретін тапсырмалар

Студенттерге арналған әдебиет:

Негізгі:

Қазақстан тарихы (1914-2009 жж.): Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық/ М.Қозыбаев, К.Нұрпейіс, Қ.Жүкешев. Өңд., толықт. 2-бас. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2009. – 240 бет, суретті

Қосымша:

Рысбаев К. Қазақстан Республикасының тарихы. – Алматы, 1999.

Оқытушыға арналған әдебиет: 

  • Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1, 2, 3, 4, 5. ТТ. – Алматы, 1996, 1998, 2002, 2010, • Қазақстан тарихы ежелгі дүниеден бастап бүгінгі күнге дейін. Оқу құралы. –•    Қозыбаев М.Қ., Бекмаханова Н.Е. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1991.
  • Кәдіқұлова Г.Қ. Қазақстан тарихы: Оқулық.-Алматы, 2005.
  • Мусин Ч. Қазақстан тарихы. – Алматы, 2003.
  • Сабыров С. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1997

Толығырақ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *