Ғылыми зерттеу жұмысы


Н.Наушабаев атындағы Затобол орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Калиева Эльмира Абдикадыровна

Мектеп директоры: Ахметов Әлмұрат Жұматайұлы

МАЗМҰНЫ

 

І.КІРІСПЕ_____________________________________________________3-бет

 

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ІІ.1. Сағыз шайнау және тіс: пайдасы____________________________7-бет

 

ІІ.2. Сағыз шайнау және тіс: зияны______________________________9-бет

 

ІІ.3. Сағыз шайнаудың басты ережелері_________________________13-бет

 

 

ІІІ. Қорытынды _______________________________________________14-бет

 

ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер_____________________________________16-бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.Кіріспе

Сағыз деген не өзі? Алғаш кімдер қолданды? Осы сұрақтарға жауап іздеп табуға тырыстым. Сағыз bubble gum ағылшын тілінен – шайнау)  сөзін дөрекілеу естілетін «шайыр» сөзімен алмастыруға болады. Яғни өзіндік аспаздық қоспалар негізінде дәмімен ерекшеленетін зат. Шайырдың (смола) жеуге жарамайтын, жоғары эластикалық созылмалы және түрі мен хош иісін, дәмін келтіретін қоспалардан жасалған табиғи және синтетикалық түрлері бар. Табиғи шайырлар кейбір өсімдіктердің қалыпты физиологиялық алмасу кезінде бөліп шыгаратын, мөлдірлігі мен бояуы әртүрлі аморфты өнімдерінен (янтарьканифоль және т.б.) түзіледі. Табиғи шайырлар қыздырғанда, органикалық еріткіштерге салғанда ериді немесе көбейеді, жұқа қабыршаққа айналуға икемді. Олар пластмасса, желім, жылтырсыр өндірісінде шикізат, қымбат материалдар ретінде қағаз өңдеуде қолданылады.

Сағыз апельсин, алхоры, қарбыз, тіпті банан, құлпынай, жалбыз дәмді болады. Қазірдің өзінде таңғалдыра отырып, қолданушылардың санын арттыру мақсатында көптеген дәмдеуіштер негізінде түрлері артып отыр.

Бұрын жасөспірімдер арасында “bubble gum» сағызын үрлеп шайнау ерекше басым болған. Кейінгі жылдары бұл сағыз үрлеу жасандылығы біраз төмендеді. Ғалымдар осыдан бес мың жыл бұрын археологтар Финляндия жерінде жұмыс барысында сағызға ұқсас зат табылғанын айтады. Ежелгі гректер де ауыз қуысындағы ас қалдықтарын тазалап, таза дем сезіну мақсатында мастика ағашының немесе араның балауызының шайырларын шайнаған екен.

Мысалы, Башқұрт жерін мекендеген адамдар тіпті, тісті бекітетін қоспалар да ойлап тапқан көрінеді.

 

Ауыз қуысының иісін кетіріп, тіс тазарту үшін адамдар не істемеді десеңші!

Ал, Азияның оңтүстік-шығыс  елдерінде және Индияда қоспаны пальманың жапырағының тұқымдарынан шайнады, кейін оған әк қосып шайнаған. Сол қаужаңдаудың нәтижесінде ауыздың қуысы дәріленгендей тазарған екен. Ең қызығы, осы қоспаны Азияның кейбір елдерінде күні бүгінге дейін  қолданып келетін көрінеді.

Ал қазір біз білетін сағыздың шыққан отаны деп Америка Құрама Штатын- Бангор қаласын айтуға болады. Дәл осы жерде сағыз жасау өндірісі дамып, алдымен осы өлкеге танымал болып, кейін барлық әлемге тарады. Сағыз резеңкесінің бірінші өнертапқышы Томас Адамс ескі ғасырдың 70-ші жылдарында ойлап тапты.

Ол саподил шырынын өсімдігінің шайырымен  бұлғады, қант қопасын, сірнені сеуіп, жалбыздың майын жағып, қоспаны тегістеп жіңішке қабат  етіп жайған.  Индустриялық көлемдерде сағыз резеңкесін 1848 жылы шығару Джон Кертистің  фабрикасында басталды. Оның құрамында аршулы қылқанның буланған қоспалары және шайыры болды, кейін хош иісті дәмдеуіштер қосыла бастаған. Алғашқыда сағыздың 3 түрін  “қантты қаймақ», «Ақ тау» және “Лулудың қызылмиясы” атты түрлерін шығарған.

Тек қана 1850-ші жылдарда сағыз резеңкесі кішкене текшелерге бөлініп, қаптамаларға орала бастады. Алайда азаматтық соғыс Америкада өндірістің дамуына үлкен кедергі келтіріп, фабрика өз жұмысын тоқтатты. Бірақ сағыз резеңкесінің идеясы бұған дейін айтарлықтай дамып жатқандықтан, өнертапқыш адамдардың ойларына 1869 жылы қайта орын алып, бұл өндіріс түрімен шұғылданушы өнеркәсіпкерлер  аз болмады. Біраз әлуеті жоғарылап,сағыз түрлерін одан арыға жалғады.

 

Айта кетерлік жайт, сағыз өндірісі дамыған сайын өндірушілердің, адамдардың ішінен енді сағыздың жоғары түрін ойлап табу қолға алынған. Сол кезде Уолтер Димер деген жас жігіттің ойы жоғары бағаланды.

Ол жігіт өзі дәрігерге, технологқа ешқандай қатысы жоқ, жай есепші адам болған екен.

Әрине, қазіргі таңда да осы мөлшерді есепке алып жүрген, Уолтер ойлап тапқан жоғары дәрежелі сағыздың құрамында каучук (20 %), қант немесе қант алмастырғыш (60 %), жүгері шырыны (19 %) құрамда болған екен.

Қызықтысы! Сағыз өндірісі жақсы дамып, жер-жерге жете бастаған кездерде адамдар оның сыртқы орама қағазының жиынтығын (колекциясын) жасай бастады. 

Осы аралықта  жүргізген зерттеуіме қатысқан 20 адамнан (10 оқушы,

10 ересек адамнан құралған)  алынған сауалнаманың нәтижесінде танымал «Dirol» сағызын көпшілігі біледі екен.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ал негізі сауалнамаға сүйенетін болсам, сағыз шайнауды мектеп жасындағы оқушылар дәмі тәтті болғандықтан көбі ұнатады екен. Ересек адамдар тамақ қорыту үшін қажеттілігіне қарай жөнімен қолданатынын көрсетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. Негізгі бөлім

Сағыз шайнау және тіс: пайдасы

Ұлы көпшіліктің сағыз резеңкесі туралы пікірлерін естуге болады, әрі осы пікірдің тарауы да өте кең. Ақиқаты сол бұл сағыздың резеңкелігінде емес, бірнеше мыңжылдар бойы танымал болып келуінде, түбегейлі әдеттке енуінің сиқырлы күшінде болып отыр.

Сағыз резеңкесінің де азық-түлік пен дүние-мүліктердің  пайдалы, зиянды болатыны  сияқты «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей, сағыздың да адам ағзасына берер пайдасы мен зияны жетерлік. Кейде немесе жиі болуына қарамастан көпшілік жерлердегі жай-жапсарына байланысты оның да пайда, зиянын білгім келді.

  1. Жарнамалық хабарламалардың басты ұсынатыны – сағыз резеңкенің күшті әсерлі жастықша немесе жалпақ түрлері ауыз қуысындағы жағымсыз иісті кетіріп, өте таза, жағымды иіс қалыптастыратыны. Рас жарнамалар шындықты хабарлайды, алайда ешқайсысы осы сағыз арқылы болатын жақсы жайттардың аз уақытқа ғана созылатынын атап көрсетпейді.  Шындығында, ауыздан сезілетін жағымсыз иіс ауызда пайда болып жатқан қабыну үдерісінің бар екенін білдіреді. Мысалы,  емделмеген тістің тіс жегісінің болуы. Яғни, ешқандай да сағыз ауыздан сезілген иісті ұзақ мерзімге жоя алмайды. Мұндай жағдайда тек тіс дәрігеріне жүгіну қажет.
  2. Сағыз резеңкенің ең маңызды нәтижесі- қаужаңдаудың барысында пайдалы құрамдарды көп ажырататын өте белсенді түрде көп сөл бөлінеді. Ең бастысы, сөл ауыз бен асқазан өзегінде бөлінетін қышқыл мөлшерін реттейді. Осы ретте сағыздың асқазандағы сілтілік қышқылдан сөл бөлуге әсер ететінін ескеріп, пайда тигізетінін айтуға болады.

 

Есіңде болсын! Сағыздың құрамында қант болмауы тиіс. Себебі қант ауыз қуысындағы бактериялардың көбейіне әсер етеді де, тіс жегісін арттырады. Тек қана қанттың дәмін алмастырғыш қоспалар қосылуы тиіс. 

  • Қаужаңдаудың нәтижесінде ауызда тістің арасында қалып қойған тамақ қалдықтарын тазартатындай айтарлықтай көп сілекей бөлінеді. Сондықтан сағыз шайнау тіс жегісін болдырмауға көмектеседі.

Сонымен қоса, сілекей – бұл құрамында бактериаларға қарсы тұратын арнайы қорғанысы бар өте қажет нәрсе. Сондықтан ауыздың кілегейлі қуысын қорғауға сілекейдің көп болғаны жақсы екен.

  • Ал ас қорыту жолдары жұмысына, оған ықпал ететін үрдістерге келтіретін сағыздың әсеріне тоқталатын болсам, кез келген шайнаңдаудың нәтижесінде асқазанда көп мөлшерде асқазан сөлі пайда болады. Бұл сөл асты көп мөлшерде артық жеп қойған кезде, ас қорыту жұмысының жақсы жұмыс істеуіне әсер ететіні анық. Сол себепті біздің ата – анамыз асқазанымыздың ауырмауын ойлап, тамақты асықпай шайнап жеу керек екенін ескертіп отырады.
  • Тағы да бір сағыз шайнаудың пайдасы бұл- шайнау кезінде ауыз, жақтың жұмсақ бұлшықеттерінің қатая түсуін күшейтіп, тіс қызылиектеріне өзіндік массаж болып табылады екен. Сағыз бас пен мойын бөлігіндегі қан айналымды жақсартады.
  • Психолог және психотерапевтердің айтуынша дәл осы шайнау кезінде кейбір адамдар ойын жүйелеп, нақтылап, тіпті сабырға келіп, жағымсыз ойлардан арылады екен.

Дегенмен, шындығында, сағыз шайнауда бөлінген сілекей ауыз қуысындағы бактериаларды толықтай жоймайды. Тек сол кезде көбейіп кетпеуін тоқтатады.  Бұл дегенім, тіс жегісінен тісті қорғап қалудың жолы емес. Сілекей көп мөлшерде бөлінсе ғана, ас қорытуға ықпал етеді. Ал күніне бірнеше рет көп мөлшерде бөлінген ащы сілекей іш ауруының тууына әкеп соғады.

 

 

 

 

Алынған сауалнамамның нәтижесі де жоғарыда айтылған ойларыммен дәлелденгендей.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сағыз шайнау және тіс: зияны

«Әлемде кемелділік жоқ» деп ақылды Түлкі кішкентай Ханзадаға айтқандай

Осы ойды сағызға қатысты да қарастыруға боладын сияқты. Сағыз шайнаудың қаншама жақсы тұстарын айтып жатсақ та, оның зиянды тұстары да жоқ емес.

Алынған сауалнама оқушылардың тек сағыздың тәтті дәмі ғана қызықтыратынын байқатты, ал ересек адамдар асқазанға үлкен кері әсерін

тигізіп, тісті құртатынын айтты. Сонымен менің зерттеуім ғалымдардың

зерттеулерін қаншалықты дәлелдейтінін байқап көрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қаужаңдаудың нәтижесінде бөлінетін шырышты қабаттағы сілекей асқазанға пайдасын тигізері теріс емес. Бірақ сілекей бөлуге болмайтын кездер де бар. Мысалы, аш қарынға сағыз шайнамау керек. Себебі, қаужаңдаудың әсерінен сілекей асқазанда тамақ болса да, болмаса да бөлінеді. Ал асқазанда тамақ болмағандықтан сілекейге жұмыс істеп қорытатын ештеңе жоқ.
  2. Сондықтан бос асқазанға сағыз шайнау гастрит, қыжыл, жүрек айыну, асқазан маңындағы аурудың сезілуі сиияқты жағымсыз әсерлер тудырады.
  3. Тіс дәрігерлері үнемі сағыз шайнау тіске зиянды екенін айтады. Жиі шайнайтын болсаң, тістің эмальі бұзылады, яғни түсі өзгеріп, теп-тегіс боп, сүртіліп қалуы мүмкін.
  4. Ал дәрігерлер бас ауруының болуы осы сағызды үнемі және ұзақ шайнаудан болуы мүмкін дейді. Себебі адамның жағы үнемі үзіліссіз жұмыс істеуден шаршайды.
  5. Сағыз шайнауға деген құлшыныстың жоғары болуы тағы мына жағдайда кері әсер етеді – қатты шаршау, бұлшықеттердің гипертонустық қызметі бұзылып, нәтижесінде түнгі ұйқы кезінде пайда болатын тіс қайрау ауруы бруксизм пайда болуы мүмкін.
  6. Әртүрлі ортада, әртүрлі мезгілде жүргізілген зерттеудің нәтижесінде сапалы деген сағыздың өзін жиі шайнау сілекейдің бөліну мөлшерін азайтып, ауызды құрғатады екен. Соның нәтижесінде асты жұту мен қорыту үрдісі қиындайды.
  7. Өндірушілер, әрине, қай өнімнің болса да, соның ішінде сағыздың да зиянсыз болғанын қалайды. Дегенмен кей сағыздардың құрамынан адам асқазанына түскен кезде келтіретін зиянын байқауға болады.

Сонымен, біріншіден, сағыз құрамында көптеп кездесетін қант пен глюкоза ауыз қуысында бактериялардың көбеюіне ықпал етеді.

Екіншіден, Е-320, Е-322, Е-414, Е-422 т.с.с компоненттердің салдарынан стоматологиялық аурулар пайда болады.

Үшіншіден, сағыз онкологиялық және асқазан ауруларының пайда болып, ары қарай созылуына жол ашады.

Төртіншіден, сағыздан тістің сыртқы қабықшасы әлсіреп, тіс жегісі пайда болады.

Бесіншіден, сағыз құрамындағы химиялық заттар созылмалы тері ауруларының тууына себепкер. Адам баласының ағзасы кейбір компоненттерді көтере алмай, салдарынан теріде безеу, секпіл, бөртпе қаптауы мүмкін. Сағыздың зияндығы мұнымен шектелмейді. Диетолог-мамандар әр кез жаңа зиянды тұсын ашып жатады. Алайда, зиянды өнімнің ретімен қолдана білсе, аз да болса пайдасы бар екенін еске саламын.

  1. Сағыздардың әр түріне әртрлі қант алмастырғыштар қосылатынын білдік. Мысалы, аспартам, ацесульфам және сорбит сияқты қоспалар болса, көп мөлшерде шайнау кезінде ас қорыту мүшесіне, қанның құрамының өзгеруіне, қан қысымына жоғары дәрежеде кері әсер тигізеді.

 

  1. Шайырдың құрамында мия аз мөлшерде ғана болса да, жүрек қан тамырларының жұмысына ықпал жасайтын қан құрамындағы калийді төмендетіп жібереді екен.

 

  1. Тіс дәрегерлері тіс ауруының түрі пародонт байқалған адамдарға, тісінің қозғалмалы түбірін байқағанда сағыз шайнауға рұқсат бермейді, өйткені тіске қосымша ауырлық салатынын айтады.

 

  1. Әлі күнге дейін ешбір сағыз жарнамада айтылғандай тісті аппақ етіп жалтыратқан емес. Бұл дегеніміз, тіс эмальінің түсі ешбір сағыздың түсіне байланысты емес екенін еске саламын.

 

  1. Бастауыш сынып оқушыларынан сағыз шайнаудың тағы бір зияндығы жағын анықтау мақсатында оқу жылдамдығын тексеріп байқадым.

 

  1. Ол үшін мәтінді сағыз шайнап тұрып және сол мәтінді сағызсыз оқытып көрдім. Нәтижесі мынадай болды:

 

 

Сағызсыз оқу жылдамдығы Сағыз шайнау арқылы оқу Айырма-

шылығы

1 86 81 – 5
2 78 77 – 1
3 96 92 – 4
4 65 60 – 5
5 47 45 – 2
6 106 108 + 2
7 64 63 – 1
8 45 49 + 4
9 63 60 – 3
10 88 79 – 9

 

 

 

 

 

 

 

 

Сағыз шайнаудың басты ережелері

Сағызбен жақын танысу негізінде қандай қорытынды ойлар түйдім? Қандай да болмасын өнімді жөнімен, қажетті жағдайларда тұтынсаң пайдасын сезесін.

 

Шешім №1. Сағызды тамақтан кейін асқазан жұмыс жасай алатындай 10-15 минуттан екі – үш рет шайнауға болады.

 

Шешім №2. Аш қарынға қаужаңдау асқазан ауруларының созылмалы түрлерін тудырады.

 

Шешім №3.  Сағыздың құрамында ауыз қуысының бактерияларын молайтуға жағдай жасайтын қант болмауы тиіс

 

Шешім №4.   Ешқандай да сағыздың түрі ауызды тазалау гигиенасына жетпейді.  Ауыз қуысын арнайы тіс пастасымен тазартып отыру керек. Ал шайырды тек қана қажет жағдайда тіс пастасы болмай қалған кездерде қолданса болады. Тісті күніне 2 рет тазалап тұру керек.
Шешім №5.  Ешбір сағыз тіс ауруларын жоймайды.

 

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

              ІІІ. Қорытынды

               Қорыта келе айтарым, сағыз шайнаудың пайдасынан гөрі зияны көп екен.

Тамақтан кейін аз уақыт ас қорыту үшін шайнап, жеңілдікті сезінгеннен соң

қоя қою керек. Ал балаларға арналған арнайы сағыздар сатылымда

болғанымен, оны ескеріп арнайы сатып әперіп жатқан үлкендердің

қадағалауы жоқ, сондықтан  сағыз шайнауға балаларға мектепте ғана емес,

ұстазым айтқандай үйде де ата – аналар көп қолдануға тыйым салыну керек

сияқты.

 

Себебі, осы зерттеуімнің   барысында байқағаным, балалардың сүт тістері

түспей жатып, түскен жағдайда қайта өсіп шығуына сағыз кері әсерін

тигізетіндей. Менің бұл ойымды мектебімде кездесіп, пікір алмасқан медбике

де қош көретіндей.

 

 

Одан тістің жақсы өсіп шығуына пайда келтіретін жеміс – жидек жеген

пайдалы шығар деймін. Ал сатып аларда сағызды шығарған орынның

фирмасына басты назар аудару керек екен. Өйткені, жауапты фирмалар

тазалығына, үнемі қолданыста болуына, құрамына кепілдік береді.

Ертеде пайда болғандығына қарамастан, әлі күнге дейін  қолданыста

келе жатқан сағыздың түрлерін пайдалануды осы зерттеу арқылы тоқтала

аламын деп ойламаймын. Дегенмен сәл де болса да өз сыныптастырыммен

ой бөлістім, зерттеуге атсалысқан адамдардың әрбір пікірін тыңдап,

ойларымен ой бөлістім. Бастауыш сынып оқушыларының сағызға ынтық

екенін байқадым, ересек адамдардың ойларына, іс – әрекеттеріне қарап,

балалар да өскен сайын ой тоқтатып, түрлі – түске боялған сағыздың

пайдасынан гөрі зияны басым екенін түсінер деп шештім. Олай болса,

достарым, өз денсаулығымызды өзіміз күтіп, зиянды әдет – дағдылардан

аулақ болайық дегім келеді!

 

 

.            

                     Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Мен әлемді танимын» Балалар энциклопедиясы: Заттар тарихы. Авторлары Н. Ю. Буянова т.б. – М.: ООО «АСТ – ЛТД баспасы», 1998

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *